Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң мүдделерін қаржылық әлеуметтiк және өзге де тәуекелдерден қорғаудың тиiмдi тете және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялардың сенiмдi көзi ретінде сақтандырудың ролін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрi реформалау, сондай-ақ оның басым бағыттарын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекiтілсiн.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты мемлекеттік органдар (келісім бойынша) жарты жылдық қорытындысы бойынша жылына екi рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне (келісім бойынша) Бағдарламаның iске асырылу жөнiндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) жарты жылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкiметіне Бағдарламаның iске асырылуы жөніндегі iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегі агенттiгіне (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 шілдедегі
№ 729 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Паспорты (Бағдарламаның негiзгі параметрлерi)
Атауы Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын
дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттiгi
Басты мақсаты Мемлекеттiң, азаматтардың және шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiн қаржылық,
әлеуметтiк және өзге тәуекелдерден қорғаудың
тиiмдi тетiгі және ұзақ мерзiмдi iшкi
инвестициялардың сенiмдi көзi ретiнде сақтандырудың
ролiн нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру
индустриясын одан әрi реформалау
Негiзгi жеке сақтандыруды дамыту, оның iшiнде оның ұзақ
мiндеттер мерзiмдi және жинақтаушы түрлерiн;
өзара сақтандыру жүйесiн дамыту;
халықтың сақтандыру мәдениетiн арттыру;
сақтандыру iсiн ақпараттандыру және автоматтандыру
деңгейiн көтеру;
мiндетті сақтандыру саласында мемлекеттік саясатты
жасау және оның тиiмдiлігін арттыру;
сақтандыру рыногының инфрақұрылымын одан әрi
жетілдiру;
сақтандыру саласында мамандарды даярлау және
білiктiлiгiн арттыру;
сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау
стандарттарын арттыру;
қайта сақтандыру және ортақ сақтандыру тетiктерiн
жетiлдiру.
Күтiлетiн Ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығын және
нәтиже сенiмділігін нығайту, жеке сақтандыруға деген
сұраныстың сапалы өсiміне алғы шарттарды жасау,
сақтандыру рыногының қазiргі заманғы инфрақұрылымын
құру, халықтың сақтандыру мәдениетiнiң деңгейiн
көтеру, мiндеттi сақтандырудың тиiмдi жүйесiн құру,
сақтандыру аясында кадрлық әлуеттi жақсарту, жаңа
сақтандыру өнiмдерi мен технологияларды ендiру,
сақтандыру қызметiнiң сапасын жақсарту, сақтандыру
рыногы қатысушыларын қадағалау мен реттеудiң
тиiмдiлігін арттыру.
Қажетті Мөлшері 2005 жылғы бюджетте анықталатын
ресурстар мен республикалық бюджеттің қаражаты
қаржыландыру
көздері
Іске асыру
мерзімі 2004-2006 жылдар
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 27 қарашадағы № 491 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру экономиканың сақтандыру секторы дамуының белгiленген деңгейiне қол жеткізуге жол ашты және осы салада одан әрi қайта құрулар үшiн алғышарттар жасады.
Атап айтқанда, базалық сақтандыру заңдары жалпы алғанда реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын ескере отырып құрылды, мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң тiзбесiн оңтайландыру бойынша шаралар қабылданды, сақтандыру ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар жаңа сапа деңгейiне көтерілдi, оның iшiнде олардың ашық болуы мен қаржы тұрақтылығына, сақтандыру қызметi тұтынушыларының заңды мүдделерiн қорғау жүйесiн құру, сақтандыру рыногының қалыптасуы мен оның инфрақұрылымын дамыту бойынша бастапқы іс-шаралар жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, ел экономикасы дамуының қазiргi заманғы кезеңi, оның iшiнде мемлекет iшiнде, сол сияқты әлемдiк кеңістікте де осы саладағы үрдiстердi ескере отырып ұлттық сақтандыру индустриясының алдына жаңа мақсаттар мен мiндеттер қойып отыр. Сондықтан да республиканың ортамерзiмдi перспективаға сақтандыру рыногы дамуының басым бағыттарын және оларды iске асыру жолдарын уақтылы әрi нақты белгiлеу өте маңызды болып табылады. Бұл көптеген факторлармен негiзделген, оның iшiнде тәуекелдi басқарудың тиiмдi рыноктік механизмдердiң бiрi ретiнде сақтандыруды дамыту экономиканың басқа салаларының тұрақты дамуына мүмкiндiк туғызады.
Сонымен қатар, осы Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттілігi сақтандыру институтын қолдану саласы көптеген әр түрлiлігімен ерекшеленетiнімен негізделген және қоғамдық қатынастардың барлық сапасын қамтиды. Мұндайда сақтандырудың тиiмділiгі оны қолдану саласының (аясының) ерекшелiктерiн есепке алуға бiршама тәуелдi болады, сондықтан сақтандырудың осы немесе басқа түрлерiн дамытудың құқықтық, экономикалық және өзге алғышарттарын жасау жөнiндегі мәселелердi шешу үшiн тиiсті салалық мемлекеттік органдар iске қосылуы тиiс.
Осы Бағдарламада Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегі № 753 қаулысымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында айқындалған отандық сақтандыру рыногын дамыту жөнiндегі негiзгі шараларды iске асыру көзделген.
3. Қазiргі жай-күйiмен проблемаларды талдау
3.1. Сақтандыру рыногы жөнiнде жалпы мәлiметтер
2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногында лицензиялары бар қызметтi 32 сақтандыру ұйымы (оның iшiнде 1 - өмiрдi сақтандыру бойынша, 6 Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қатысуымен), 6 сақтандыру брокері, 28 актуарий және сақтандыру ұйымына аудит жасауға лицензиясы бар 34 аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
Есептi күнде 29 сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қатысушылары болып табылады.
Сақтандыру сыйлықақылары. 2003 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемi 28,9 млрд. теңге болды, бұл 2002 жылда жиналған көлемнен 27,2%-ға көп.
млн. теңге
Сақтандыру сыйлықақысының түсуі | 01.01.03 жылға | 01.01.04 жылға | 2003/2002 ж. өзгеруі, %-пен |
Сомасы | үлесі % |
Барлығы, оның ішінде: 22719,4 28 870,2 100,0 27,2 Мiндетті сақтандыру бойынша 1201,8 2841,6 9,8 136,4 Ерiктi жеке сақтандыру бойынша 1913,0 2778,4 9,6 45,2 Ерiктi мүлiктiк сақтандыру бойынша 19604,6 23250,2 80,6 18,6 |
| | | | |
2004 жылғы 1 қаңтарға мiндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай көрсеткiшiнен 136,4%-ке асады. Ерiктi жеке сақтандыру бойынша ұлғаю 45,2%, ерiктi мүлiктiк сақтандыру бойынша 18,6% болды.
Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрінеді.
"Өмiрдi сақтандыру" саласы. 2003 жылғы кезең үшiн "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемi 430,2 млн. теңге ($ 3,1 млн.) болды, бұл 2002 жылдың осы көрсеткішінен 2 есеге көп. "Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша есептi күнге жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесi 2003 жылдың 1 қаңтарына 0,9%-ке қарсы 1,5% болды.
"Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2003 жылғы кезең үшін жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемi 28,4 млрд. теңге ($204,0 млн.) болды, бұл 2002 жылғы осыған ұқсас, кезеңнен 26,3%-ға артық.
Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң қатысуымен сақтандыру компанияларының 2004 ж. 1.01. жағдай бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының үлесi 37,5% (10,8 млрд. теңге) болып отыр.
Қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру сыйлықақыларының көлемi 16,8 млрд. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемiнiң 58,2%-і болып отыр. Мұндайда резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемiнiң 54,2%-i берiлiп отыр.
млн. теңге
┌───────────────────────────────┬────────────────┬───────────────────┐
│ Қайта сақтандыруға берілген │ 01.12.03 жылға.│ 01.10.04 жылға │
│ сақтандыру сыйлықақылары ├────────────────┼────────┬──────────│
│ │ Сомасы !үлесі, │ Сомасы │ үлесі, │
│ │ !%-пен* │ │ %-пен* │
├───────────────────────────────┴────────────────┴────────┴──────────┤
│ Қайта сақтандыруға берілген │
│ барлығы, оның iшiнде 16865,1 74,2 16776,2 58,2 │
│ Резидент еместерге 15469,8 68,1 15654,8 54,2 │
│ Резиденттерге 1395,3 6,1 1121,4 4,0 │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында негізгi үлесті ерiкті мүлiктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар - 96,8%, epiкті жеке сақтандыру бойынша - 2,9%, мiндеттi сақтандыру бойынша - 0,3% алып отыр.
Сақтандыру төлемдерi. 2003 жылы жасалған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы көлемi 2002 жылдың деректерiмен салыстырғанда 80,2 %-ке арта отырып 4,2 млрд. теңге ($ 29,1 млн.) болды. Сонымен бiрге қайта сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыру есебінен өтеп отырған сақтандыру төлемдерінің үлесi 19% (0,8 млрд. теңге) болып отыр.
млн. теңге
Сақтандыру төлемдері | 01.01.03 жылға | 01.01.04 жылға | 2003/2002 жылмен салыстырғанда, %-пен |
Сомасы | үлесі % |
Барлығы, оның ішінде 2315,2 4172,4 100,0 80,2 мыналар бойынша: Мiндетті сақтандыру бойынша 759,1 1316,7 31,6 73,5 Ерiктi жеке сақтандыру бойынша 586,4 988,6 23,7 68,8 Ерiктi мүлiктiк сақтандыру бойынша 969,7 1867,1 44,7 92,7 |
| | | | |
2003 жылғы кезеңде жасалған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы бойынша сақтандыру төлемдерінің мейлiнше көп көлемі автокөлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру сыныбы бойынша төлемдердің жиынтық сомасының 31,5 %-i болды. Сақтандырудың осы сыныбы бойынша шығын коэффициентi 2003 жылдың желтоқсан айындағы осы сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру көлемінің өсуiне байланысты өткен айда 45,6%-ке көбейiп, 50,6% болды.
Жалпы алғанда есептi күнге шығын коэффициентi (сақтандыру төлемдерiнiң сақтандыру сыйлықақыларына қатынасы) 14,5% болды.
Капитал. 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының меншiк капиталының мөлшерi 9,0 млрд.теңге ($ 63,0 млн.) болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 47,3 %-ке көп болды.
Енгiзiлген нормативтерге сәйкес сақтандыру ұйымдарының меншiк капиталының жеткiлiктiгiн есептеуге өтiмдi қаржы активтері жатады.
Активтер. Сақтандыру ұйымдары активтерінің жиынтық көлемi 2004 жылғы 1 қаңтарда 20,7 млрд. теңге ($ 144,5 млн.) болды, бұл 2003 жылғы 1 қаңтардағы дәл сондай көрсеткiштен 64,4 %-ке көп.
Мiндеттемелер. 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарының мiндеттемелер сомасы өткен жылдың осындай көрсеткiштермен салыстырғанда 57,4 %-ке өсе отырып, 7,4 млрд. теңге ($52,8 млн.) болды.
Есептi күнге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша (қайта сақтандырушының үлесiн шегере отырып) қабылданған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн құрылған сақтандыру резервтерiнiң көлемi 4,5 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылғы 1 қаңтарда құрылған резервтер көлемiнен 66,7%-ке артық. Қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі есептi күндегi үлесi 8,7 млрд. теңге болды.
3.2. Сақтандыру рыногының даму проблемалары
Сақтандыру рыногы дамуының негiзгі проблемалары республикада өмiрдi сақтандыру рыногының және жеке сақтандырудың басқа түрлерiнiң жеткiлiксiз дамуының, сақтандыру ұйымдарын корпоративтi басқару жүйесiн ендiру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметi туралы статистикалық және өзге деректер базасын қалыптастыру әрi оған қол жеткізудi қамтамасыз ету, сақтандыру компанияларының қызметiн автоматтандыру мәселелерi болып табылады.
Сақтандыру секторының проблемалары арасында өмірдi ұзақ мерзiмге және жинақтаушы сақтандыруды, сақтандыру өнiмдерiнiң салыстырмалы қымбатшылығын (құн талаптары заңдарда айқындалған сақтандырудың мiндетті түрлерiн қоспағанда) және олардың қажетсiздiгiн, рынокта жекелеген сақтандыру ұйымдарының жеткiліксiз белсендiгі мен сақтандыруға деген төмен қызығушылықты, әсiресе өз ақшасын көбiрек банктерге сенiп тапсыратын нақты сақтанушылардың өмiрдi сақтандыруға деген төмен қызығушылығы, сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерiн (анықтау, бағалау, есеп беру) басқаруының төмен сапасын, сақтандыру ұйымдарының өмiрдi жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға заемдар беру жүйесiнiң дамымағандығын, халықтың сақтандыру рыногына деген сенiмiнiң жеткiлiксiздігін, сақтандыру ұйымдарындағы қызметтiң және қызмет көрсетудiң төмен сапасын, сақтандыру бизнесi саласындағы алаяқтықты қоса алғанда, ерiкті сақтандыру бойынша ұсынылып отырған қызметтердiң шектелуiн атап өткен жөн.
Төменде әр түрлi елдердiң сақтандыру рыноктарының негiзгi көрсеткiштерiне салыстырмалы талдау көрсетiлген.
Сақтандыру рыноктарының негiзгі көрсеткіштерiнiң салыстырмалы
талдауы
┌──────────────┬─────┬───────┬────────┬──────┬───────┬─────┬───────────┐
│ │ АҚШ │Жапония│Германия│Польша│Венгрия│Ресей├Қазақстан │
├──────────────┴─────┴───────┴────────┴──────┴───────┴─────┴───────────┤
│ Сақтандыру │
│ сыйлық- │
│ ақыларының │
│ сомасы (млн. │
│ АҚШ.долл) 1157516 342421 164773 4795 1336 9481 201,4 │
│ │