Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 Қаулысы
(2019.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағына сәйкес өзгерістер туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 28 сәуірдегі
№ 340 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың бесінші абзацында «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2010.30.12. № 1456 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2006.14.12. № 1203 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2019.24.10. № 798 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желілерін, біртұтас телекоммуникациялар желілерінің ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желілерін, біртұтас телекоммуникациялар желілерінің ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесінде:
3-тармақта «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - ҚР ТЖА)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ҚР ТЖМ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтіндегі «ҚР ТЖА» деген аббревиатура «ҚР ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
7. ҚР Үкіметінің 2016.21.06. № 364 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 777 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
9. ҚР Үкіметінің 2015.12.10. № 821 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
10. «Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 198-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:
«Бағыныстылығы» деген бағандағы реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдардағы «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. ҚР Үкіметінің 2012.18.01. № 103 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
12. «Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
«Міндетті сақтандыру жүйесін дамыту» деген 4-кіші бөлімде:
«Орындауға жауаптылар» деген бағанда:
реттік нөмірлері 1 және 4-жолдардағы «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1-жолда «ТСА» деген аббревиатура «ТСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
13. ҚР Үкіметінің 2012.12.10. № 1293 Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды (бұр.ред.қара)