Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыз № 334 қаулысы
(2007.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 7-жолдағы 3-баған "мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялық жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесiнде:
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
"19. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары";
2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1311 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі