«Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 900 Қаулысымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 сәуірдегі
№ 276 қаулысымен
бекітілген
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның (бұдан әрі - орталық уәкілетті орган), өз қызметін Заңда белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Жергілікті атқарушы органдарды бақылау түрлерi
3. Орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды:
1) жергілікті атқарушы органдарды олардың орналасқан жері бойынша жоспарлы тексеру;
2) жергілікті атқарушы органдарды жоспардан тыс тексеру;
3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен кесімдерін іріктемелі түрде сараптау арқылы жүзеге асырады.
3. Жергілікті атқарушы органдарға тексеру жүргізу тәртібi
4. Орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарды жоспарлы тексеруді жылына кемінде бір рет жүргізеді.
5. Жергілікті атқарушы органдарға жоспарлы тексеру жүргізу үшін негіз жыл сайын орталық уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітетін орталық уәкілетті органның жұмыс жоспары болып табылады. Жоспар жергілікті атқарушы органдардың тізбесін қамтуға тиіс, оларға қатысты тексеруді жүзеге асыру және тексеруді жүргізу мерзімі болжанып отыр.
6. Жергілікті атқарушы органдарды жоспардан тыс тексерулер түрлері:
1) жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша;
2) жергілікті атқарушы органның орналасқан жеріне бармай.
7. Жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
2) мемлекеттік органдардың ақпараты;
3) құқық қорғау органдарының өтініштері;
4) қоғамдық ұйымдардың өтініштері;
5) бұқаралық ақпарат құралдарының хабары;
6) жергілікті атқарушы органдардың есептерінен алынған ақпарат.
8. Осы Ереженің 7-тармағында көзделген негіздердің туындаған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орталық уәкілетті орган:
1) тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды;
2) осы Ереженің 7-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тексеру жүргізу үшін негіздердің жоқтығы туралы жазбаша қорытынды береді;
3) қажет болған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органнан, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан тиісті ақпаратты сұратады.
9. Жергілікті атқарушы органдарды, олардың орналасқан жері бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру орталық уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
10. Орталық уәкілетті органның шешімі мыналарды:
1) жергілікті атқарушы органның атауы мен орналасқан жерін;
2) тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөнін;
3) тексеру түрін;
4) тексеру мәселесін;
5) тексеру жүргізу мерзімін;
6) тексеруді тағайындау негізін;
7) егер жергілікті атқарушы органның белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі құжаттарын зерделеу талап етілетін жағдайда, тексерілетін кезеңді;
8) жергілікті атқарушы органға тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын көрсете отырып, тексеру бағдарламасын, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер мен жағдайлар тобының тізбесін қамтуға тиіс.
11. Орталық уәкілетті органның шешіміне орталық уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және орталық уәкілетті органның мөрімен расталады.
12. Жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша оған жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде орталық уәкілетті органның лауазымды тұлғасы жергілікті атқарушы органның басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға орталық уәкілетті органның шешімін және қызметтік куәлігін көрсетеді.
13. Орталық уәкілетті органның шешімін және қызметтік куәлікті көрсеткен кезде жергілікті атқарушы органдар орталық уәкілетті органның лауазымды тұлғасын оларға тиесілі аумаққа немесе үй-жайға жіберуге және тексерілетін жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларынан, басшылары мен басқа да қызметкерлерінен тексеру жүргізу үшін қажетті ақпараттар, құжаттар және тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрдегі түсініктемелер сұрату және алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
14. Жергілікті атқарушы органға оның орналасқан жері бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі мен қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді, бірақ 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Мән-жайды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органға оның орналасқан орны бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі орталық уәкілетті органның шешімімен 30 күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдарға олардың орналасқан жері бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімін ұзартуды орталық уәкілетті органның бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға жүргізеді.
15. Жергілікті атқарушы органдарды олардың орналасқан жері бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жергілікті атқарушы органды тексеру қорытындылары туралы анықтама (бұдан әрі - Тексеру қорытындылары туралы анықтама) жасау арқылы аяқталады.
Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға жергілікті атқарушы органды тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға мен тексерілетін жергілікті атқарушы органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
16. Тексеріліп отырған жергілікті атқарушы органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қоса беріледі.
17. Тексеріліп отырған жергілікті атқарушы органның басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы органды тексеруді жүзеге асыратын орталық өкілетті органның лауазымды тұлғасы Тексеру қорытындылары туралы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.
18. Жергілікті атқарушы органды тексеру аяқталғаннан кейін Тексеру қорытындылары туралы анықтаманың екінші данасы жергілікті атқарушы органның басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға олардың қолдары қойылып табыс етіледі, ал олар болмаған не Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы алудан бас тартқан жағдайда анықтаманы қабылдаған жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі мен лауазымын көрсете отырып, тексеріліп отырған жергілікті атқарушы органның кеңсесіне қол қойғызып өткізіледі.
Тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қолға табыстау не кеңсеге өткізу мүмкін болмаған кезде, Тексеру қорытындылары туралы анықтама тапсырысты хатпен оны табыстау туралы почтаның растауымен жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
19. Жергілікті атқарушы органды оның орналасқан жері бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
20. Жергілікті атқарушы органның орналасқан жеріне бармай жоспардан тыс тексеру жүргізуді орталық уәкілетті орган қажет болған кезде тиісті ақпаратты сұратып жүргізеді.
21. Сұрауды жолдаған кезде орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның сұратып отырған ақпаратты ұсыну мерзімін, бірақ кемінде бес жұмыс күні болатын мерзімді белгілейді.
22. Жергілікті атқарушы орган орталық уәкілетті орган сұратқан ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынады.
23. Орталық уәкілетті орган 20 күннен аспайтын мерзімде қолда бар материалдарды қарайды.
24. Жергілікті атқарушы органның орналасқан жеріне бармай Тексеру не жоспардан тыс тексеру қорытындылары туралы анықтаманы қарау нәтижелері бойынша орталық өкілетті орган:
1) бұзушылық фактілерінің болмауы туралы қорытынды жасайды;
2) жергілікті атқарушы органға табиғи монополиялар туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде бастапқы жағдайды қалпына келтіру туралы нұсқама шығарады;
3) тиісті мемлекеттік органға кінәлі адамдарды тәртіптік жауапқа тартуға ұсыным жасайды;
4) қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына материалдар береді;
5) өзге де мемлекеттік органдарға қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар береді.
25. Орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға тексеру жүргізуге қатысу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын тарта алады.
26. Орталық уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін тексерулерге қатыса алады.
4. Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен кесімдеріне
іріктемелі сараптама жүргізу
27. Орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен кесімдерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және тариф түзудің әдіснамалық негіздеріне сәйкестігіне іріктемелі сараптама жүргізуі мүмкін.
28. Іріктемелі сараптамаға жергілікті атқарушы органдардың тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және олардың шекті деңгейлерін; инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын); тарифтік сметаларды; уақытша төмендету коэффициенттерін; уақытша өтемдік тарифтерді бекіту туралы; есептік саясатты келісу туралы шешімдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзушылығына ден қою актілері жатады.
29. Іріктемелі сараптама жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен кесімдерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және/немесе табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпеушілік әдістемелеріне сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
30. Орталық уәкілетті орган қажет болған кезде жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен кесімдеріне іріктемелі сараптаманы жүзеге асыру үшін ақпарат сұратады.
31. Сауалды жіберген кезде орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган сұратқан ақпаратты ұсыну мерзімін, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілейді.
32. Жергілікті атқарушы орган орталық уәкілетті орган сұратқан ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынады.
33. Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешімдер мен кесімдерде табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпеушілік әдістемелеріне сәйкес келмеу анықталған жағдайда орталық өкілетті орган жергілікті атқарушы органға тиісті шаралар қабылдау туралы дәлелді қорытынды жібереді.
34. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен кесімдерінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда орталық уәкілетті орган:
1) жергілікті атқарушы органға табиғи монополиялар туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде бастапқы жағдайды қалпына келтіру туралы нұсқама шығарады;
2) тиісті жергілікті атқарушы органға жергілікті атқарушы органның қабылдаған шешімдері мен кесімдерінің күшін жою туралы ұсыным жасайды;
3) материалдарды қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қарау үшін құқық қорғау органдарына береді.
5. Жергілікті атқарушы органға табиғи монополиялар туралы заңнаманың
анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізу
35. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы нұсқама табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзуға жол берген жергілікті атқарушы органға енгізіледі.
36. Нұсқама орталық уәкілетті органның фирмалық бланкісінде ресімделеді және мыналарды:
1) нұсқаманы жасауға қатысты жергілікті атқарушы органның атауын;
2) табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзудың белгіленген фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ жергілікті атқарушы орган бұзған құқық нормаларының сипатын;
3) табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықты жою үшін (немесе оны (оларды) жасаудан ол қалыс қалуға тиіс) жергілікті атқарушы орган жасауға тиіс іс-әрекетті;
4) нұсқаманы орындау мерзімін;
5) нұсқаманы орындау туралы ақпаратты ұсыну мерзімін;
6) нұсқамаға қол қоюға өкілеттік берілген адамның қолын;
7) орталық уәкілетті органның мөрін қамтуға тиіс.
37. Орталық уәкілетті органның табиғи монополиялар туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде бастапқы жағдайды қалпына келтіру туралы нұсқамаларын жергілікті атқарушы органдар, олардың басшылары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей орындайды.
38. Жергілікті атқарушы органдар орталық өкілетті органның нұсқамаларын орындамаған жағдайда орталық өкілетті орган талап арызбен сотқа жүгінеді.
39. Орталық уәкілетті органның нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
40. Жергілікті атқарушы орган орталық өкілетті органның табиғи монополиялар туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде бастапқы жағдайды қалпына келтіру туралы нұсқамасын толық немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.
41. Орталық уәкілетті органның табиғи монополиялар туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы, оның ішінде бастапқы жағдайды қалпына келтіру туралы нұсқамасына шағымдану оның іс-әрекетін тоқтатады.
6. Қорытынды ережелер
42. Орталық уәкілетті орган бұзушылық фактілерінің болуын тексеру не жергілікті атқарушы органға тексеру жүргізу жөніндегі өз өкілеттіктерінің бір бөлігін өзінің аумақтық органдарына табыстауы мүмкін.
43. Осы Ереженің бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікті жүктейді.