«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 ақпандағы № 138 Қаулысы
(2008.20.06. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы ережені бекітсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 10, 115-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссиялар» деген сөздер «отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде:
15-тармақтың 1) тармақшасындағы «және әйелдер істері» деген сөздер «істері және гендерлік саясат» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. «Облыстың (Астана және Алматы қалалары) әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 194 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 56-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен тақырып және бүкіл мәтін бойынша «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 ақпандағы
№ 138 қаулысымен
Бекітілген
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің
жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегi
комиссия туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің (бұдан әрі - әкім) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімдері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдері, әкімнің шешімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның негізгі міндеттерi
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі отбасы мен гендерлік теңдікке қатысты кешенді өңірлік (облыстық және қалалық) бағдарламаларды қалыптастыру;
2) отбасы мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 3-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
4) әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша өңірлік тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 5-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мыналарға:
әйелдерді басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30% өкілдігі болуына;
халыққа гендерлік білім беру мен ағартуға, гендерлік білім беру жөнінде оқу-әдістемелік әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, ата-аналарды әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің мәселелері бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштер енгізуге;
экономикалық саладағы әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізуге, кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнесті дамытуға, экономикалық білім беру орталықтарын ұйымдастыруға;
отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізуге;
отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізуге жәрдемдесу;
демографиялық жағдайды жақсартуға;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 6-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) халықтың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгізу;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 7-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы және өкілді органдарымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, жыныстар теңдігінің, отбасы және демография мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің тиісті ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұсыныстарын дайындау;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 9-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) отбасы, жыныстар теңдігінің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.
3. Комиссияның өкілеттіктерi
4. Комиссияның өз құзыретінің шегінде:
1) өзінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен және заңды тұлғалардан қажетті құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 3-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасауға;
ҚР Үкіметінің 2008.20.06. № 597 қаулысымен 4-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері мен әкімдерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін қозғайтын кесімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдерін Комиссияның жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.
5. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолдай алады.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссия өз қызметін осы Үлгі ережеге сәйкес әкім бекіткен Ереженің негізінде жүзеге асырады.
7. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымымен келісім бойынша әкім тағайындайтын төраға басқарады.
Комиссия төрағасының орынбасары болады.
8. Комиссияға, әдетте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдері кіреді.
Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.
9. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
10. Комиссия шешімді отырысқа қатысып отырған өз мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
11. Комиссияның төрағасы:
1) Комиссияның қызметін ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін жасайды;
3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
4) Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
5) тоқсан сайын әкім мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
6) оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.
12. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша Комиссия мәжілістерінде орынбасар төрағалық етеді.
13. Комиссияның хатшысы:
1) Комиссия отырыстарының күн тәртібін дайындайды;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және оны бақылайды;
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
14. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз дербес қатысады.
5. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
15. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.