5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген жағдайда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты уақытша енген бүкiл кезеңге, бiрақ кемінде күнтiзбелiк бес күнге жасалады.
6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
3) сақтандырушы сақтандыру төлемiн алғашқы сақтандыру жағдайының басталуы бойынша жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылған деп есептелiнедi.
2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндетті сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
1 | 2 | 3 |
1 | 15 күнге дейiн, қоса алғанда | 15 |
2 | 16 күннен 1 айға дейiн, қоса алғанда | 20 |
3 | 1 айдан 2 айға дейiн, қоса алғанда | 30 |
4 | 2 айдан 3 айға дейiн, қоса алғанда | 40 |
5 | 3 айдан 4 айға дейiн, қоса алғанда | 50 |
6 | 4 айдан 5 айға дейiн, қоса алғанда | 60 |
7 | 5 айдан 6 айға дейiн, қоса алғанда | 70 |
8 | 6 айдан 7 айға дейiн, қоса алғанда | 75 |
9 | 7 айдан 8 айға дейiн, қоса алғанда | 80 |
10 | 8 айдан 9 айға дейiн, қоса алғанда | 85 |
11 | 9 айдан 10 айға дейiн, қоса алғанда | 90 |
12 | 10 айдан 11 айға дейiн, қоса алғанда | 95 |
13 | 11 айдан жоғары | 100 |
16-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушы:
1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
2) сақтандыру полисiн жоғалтып алған жағдайда оның дубликатын алуға;
3) жәбiрленушiнің денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
5) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дауласуға;
7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2. Сақтанушы:
1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажеттi мәлiметтердi сақтандырушыға ұсынуға;
2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғаннан бастап кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қолдан келетiн тәсiлмен (ауызша, жазбаша) бұл туралы caқтандырушыға хабарлауға мiндеттi. Ауызша нысандағы хабарлама кейiннен (жетпiс екi сағат iшiнде) жазбаша түрде расталуға тиiс. Сақтанушы мен сақтандырылушы бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлау жөніндегі мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен аталған iс-әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс;
4) көлiк оқиғасы болған кезде жәбiрленушілерге және жол полициясы қызметкерлерiне олардың талабы бойынша көлiк құралдары иелерi жауапкершілігiнiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын және орналасқан жерiн хабарлауға;
5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;
6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдарға және ұйымдарға олардың құзыретiне орай (iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiне, өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариямен күрес қызметiне) хабарлауға;
7) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап кідірiссiз, бiрақ екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бұл туралы жәбiрленушiге хабарлауға;
8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргiзген адамға жүктеледi.
17-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәлiметтерден басқа, осы Заңға сәйкес көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына енгізу үшiн қажетті мәлiметтердi, оның iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi туралы ақпаратты беруiн талап етуге;
2) тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлiк оқиғасының себептерiн және өзге де мән-жайларын анықтау үшiн жәбiрленушiнiң зақымдалған (жойылған) мүлкiне бағалау жүргiзуге;
4) сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбiрленушiнiң денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
5) осы Заңның 28-бабында көзделген жағдайларда, зиян келтiргенi үшiн жауапты тұлғаға, керi талап қоюға;
6) осы Заңның 29-бабында көзделген негiздер бойынша сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.
2. Сақтандырушы:
1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның көлiк құралы иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге;
2) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқаннан кейiн сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруге;
3) осы Заңның 11 және 12-баптарында көзделген жағдайларда сақтандыру полисiне өзгерістер енгізуге;
4) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөнiнде жеңiлдiк жасауға;
5) көлiк оқиғасы туралы хабар алынған кезде оны кiдiрiссiз тiркеуге;
6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша зақымдалған (жойылған) мүлiкке бағалау жүргiзуге, сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабын көрсете отырып сақтандыру актiсiн жасауға және оны танысу үшiн пайда алушыға ұсынуға;
7) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде жасауға;
8) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезiнде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге; 9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
18-бап. Жәбiрленушiнің құқықтары
1. Жәбiрленушi:
1) болуы салдарынан сақтанушы (сақтандырылушы) өзiне зиян келтiрген көлiк оқиғасы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды жинауға және оларды сақтанушымен (сақтандырылушымен) көлiк құралы иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға табыс етуге;
3) денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi пайдалануға;
4) келтiрiлген зиянның мөлшерiне сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы жүргiзген бағалаудың нәтижелерiмен және сақтандыру төлемi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
5) осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дау айтуға;
7) көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемi сомасынан асатын мөлшерде өтеуi туралы талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтары пайда алушы ретiнде әрекет жасаушы өзге тұлғаларға өтедi.
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
1. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырған кезде көлiк құралының әр бiрлiгiне арналған жылдық сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерлерi белгiленедi (айлық есептiк көрсеткiштермен):
Рет N | Көлiк құралының түрі | Жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi |
жеке тұлға үшін | заңды тұлға, жеке кәсiпкер үшін |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер және олардың базасында жасалған көлiк құралдары: 1200 текше см-ге дейiн, қоса алғанда 1200-ден жоғары 1600 текше см.-ге дейiн 1600-ден жоғары 2000 текше см.-ге дейiн 2000-нан жоғары 2500 текше см.-ге дейiн 2500-ден жоғары 3500 текше см.-ге дейiн 3500 текше см.-ден жоғары | 1,5 2,0 3,0 5,0 7,0 8,0 | 3,0 4,0 5,0 7,0 9,0 10,0 |
2 | Автобустар, шағын автобус. тар және олардың базасында жасалған көлiк құралдары: Жолаушылар орны 16-ғa дейiн, қоса алғанда Жолаушылар орны 16-дан көп | 5,0 6,0 | 6,0 7,0 |
3 | Жүк көтергiштiгi мынадай жүк автомобильдерi және олардың базасында жасалған көлiк құралдары: 2 тоннаға дейiн, қоса алғанда 2 тоннадан көп | 6,0 7,0 | 7,0 9,0 |
4 | Tроллейбустар, трамвайлар | - | 7,0 |
5 | Мотокөлік | 1,0 | 1,0 |
6 | Тiркемелер (жартылай тiркемелер) | 1,5 | 2,0 |
2 . Көлiк құралы иелерінің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
шартын жасасқан кезде төленуге тиiс сақтандыру сыйлықақысын есептеген
кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жылдық сақтандыру
сыйлықақыларына көлiк құралының тiркелген жерiне қарай аумақтық
коэффициенттердiң мынадай мөлшерлерi қолданылады (көлiк құралы Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша енген жағдайларды қоспағанда):
ет N | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Аумақтық коэффициенттің мөлшерi (жылдық сақтандыру сыйлықақысы. ның мөлшерiне қатысты) |
облыс орталығы, облыстық маңызы бар қала | өзге қалалар және елдi мекендер |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары | 0,80 | 0,70 |
2 | Ақтөбе, Солтүстiк Қазақстан облыстары | 0,85 | 0,75 |
3 | Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстары | 0,90 | 0,80 |
4 | Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары | 0,95 | 0,85 |
5 | Астана қаласы | 1,0 | |
6 | Алматы қаласы | 1,1 | |