4-тарау. Материалдық залалдың немесе оны келтіру
қаупінің болуын белгілеу
19-бап. Материалдың залалды немесе оны келтiру қаупін анықтау
1. Материалдық залалды немесе оны келтiру қаупiн анықтау дәлелдемелерге негiзделедi және демпингтiк тауар беру көлемi мен оның ұқсас тауардың iшкi рыноктағы бағасына ықпалын және осындай тауар берудiң сол тауарларды отандық өндiрушiлер үшiн зардаптарын зерделеудi қамтиды.
2. Егер бiр елден көп елдiң тауар беруi демпингке қарсы бiр мезгiлде жүргiзiлiп жатқан iстi қарау нысанасы болса, әрбiр елден берiлетiн тауар жөнiнде белгіленген демпингтiк айырма экспорттық бағаның екi не одан көп процентiн құрайтыны, ал әрбiр елден берiлетiн тауар көлемi осы Заңның 10-бабында белгiленгендей болмашы болып табылмайтыны және берiлген тауар ықпалының жиынтық бағасы берiлетiн тауарлар арасындағы да, берiлетiн тауарлар мен отандық өндiрiстiң ұқсас тауарлары арасындағы бәсеке кезiнде де экономикалық жағынан негiзделген болуы анықталса ғана уәкілеттi орган әлгiндей тауар берудiң жиынтық ықпалын бағалай алады.
20-бап. Демпингтiк тауар берудiң көлемi мен бағасын зерттеу
1. Демпингтiк тауар берудiң көлемiн зерттеу кезiнде уәкiлеттi орган
демпингтiк тауар берудiң абсолюттiк көрiнiсiнде не Қазақстанда өндiрiсте
немесе тұтынуға қатынасы жөнiнен едәуiр көбеюi болғанын анықтайды.
2. Демпингтiк тауар берудiң бағаға ықпалын зерттеу кезiнде уәкiлеттi орган мұндай тауарды беру жағдайында бағаның ұқсас қазақстандық тауардың бағасымен салыстырғанда төмендеу дәрежесiн не демпингтiк тауар берудiң баға төмендеуiне қандай дәрежеде ықпал ететiнiн немесе оның қарама-қарсы жағдайда болатпен артуына кедергi жасайтынын айқындайды.
21-бап. Демпингтiк тауар берудiң отандық өндiрушiлерге
ықпалын бағалау
Демпингтiк тауар берудiң отандық өндiрушілерге ықпалын зерттеу уәкiлеттi органның сол өндiрiстiң жай-күйiне ықпал ететiн барлық экономикалық факторлар мен көрсеткiштердi: оның iшiнде сатудың нақты және ықтимал қысқаруын, пайданы, өнiм шығаруды, рыноктағы үлестi, өнiмділiктi, инвестициялардан алынатын кiрiстi, қуаттардың пайдаланылуын; ішкі рынок бағасына, демпингтік айырма шамасына ықпал ететiн факторларды; ақша ағысына нақты және ықтимал ықпал етудi, тауар қорларын, жұмыспен қамтылуды, жалақыны, өсу қарқындарын, инвестициялар тарту мүмкiндiгiн бағалауын қамтиды.
22-бап. Материалдық залалды немесе оны келтіру қаупінің
болуын белгілеу
1. Демпингтiк тауар беру салдарынан отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiру фактiсiн немесе оны келтiру қаупiн уәкiлеттi орган анықтайды Демпингтiк тауар беру мен отандық тауар өндiрушілерге материалдық залал келтiрудiң немесе оны келтiру қаупiнiң арасындағы себеп-салдарлы байланысты анықтау үшiн уәкiлеттi орган бұған мүдделi тұлғалар берген нақты деректердi пайдаланады.
2. Уәкiлеттi орган қаралып отырған кезеңде әрекет еткен және отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiрген басқа да белгiлi (демпингтiк тауар беруден басқа) факторлардың ықпалын зерделейдi. Факторларға демпингтік бағамен сатылмаған берілетін тауардың көлемі мен бағасы, сұранымның азаюы немесе тұтыну құрылымындағы өзгерістер, шектейтiн сауда практикасы мен шетелдiк және отандық тауар өндiрушiлер арасындағы бәсеке, технологиялық жетiстiктер, сондай-ақ экспорттың нәтижелерi мен отандық өндiрiстердiң өнiмдiлiгi жатады. Бұл орайда анықталған материалдық залал демпингтiк тауар беру нәтижесiнде туған деп саналмауға тиіс.
3. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қараудың нысанасы болып табылатын тауарды тұтынушыларға және тұтынушылар ұйымдарының өкiлдерiне тауар бөлшек саудада сатылған жағдайларда демпингке, материалдық залалға немесе оның қаупі төнуіне және себеп-салдарлы байланысқа қатысты iстiң қаралу мақсаты үшiн ақпарат алуға мүмкiндiк беруге тиiс.
4. Демпингтiк тауар беруден отандық өндiрушiлерге төнген материалдық залал қаупін уәкілетті орган мынадай факторларды:
1) демпингтiк тауарды iшкi рынокқа берудiң үдемелi, тауар берудiң одан әрi ұлғаю ықтималдығын көрсететiн өсу қарқындарын;
2) өнiм берушiде жеткiлiктi экспорттық мүмкiндiктер болуына немесе Қазақстанға демпингтiк тауар берудiң одан әрi едәуiр ұлғаю ықтималдығын көрсететiн экспорттық мүмкiндiктерiнiң едәуiр ұлғаюы сөзсiз екенiне талдау жасауға сүйенiп негiздеуге тиiс. Бұл орайда басқа экспорттық рыноктардың қосымша тауар берудiң жорамалданған көлемiн сiңiрiп алу мүмкiндiгi ескерiледi;
3) ішкі рынок бағасының едәуір төмендеуіне немесе оған қысым жасалуына ықпал ете алатын және қосымша тауар беруге сұранысының артуына әкеп соғатын бағалар бойынша тауар берудi;
4) демпингке қарсы iстi қарау өткiзiлiп жатқан экспорт және (немесе) өндiрiс еліндегі тауар қорларын талдай отырып негiздеуге тиiс.
23-бап. Аймақтық өндiрушiлерге келтiрiлетiн материалдық залал
Демпингтiк тауар беру Қазақстанның жекелеген аймақтарының рыногына шоғырланған жағдайда, бұл берiлген тауарлар аймақтық өндiрушiлерге материалдық залал келтiруге әкеп соққан кезде, уәкiлеттi орган осы Заңның ережелерiне сәйкес сол аймаққа бейiмдеп, демпингке қарсы iстiң қаралуын өткiзуге құқылы.
5-тарау. Демпингке қарсы істің қаралуын
өткізу тәртібі
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 24- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Демпингке қарсы iстiң қаралу мерзiмдерi
Демпингтiң және материалдық залалдың немесе оның қаупiнiң болу фактiлерi бойынша демпингке қарсы iстi қарау оның рәсiмi басталған күннен бастап бір жылдың ішінде аяқталады.
Уәкілетті орган айрықша жағдайларда бұл мерзімді ұзартуы мүмкін, бірақ ол алты айдан аспауы керек.
25-бап. Демпингке қарсы iстi қарау жөніндегі ақпарат
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Демпингке қарсы iстi қарау басталғаннан кейiн уәкiлеттi орган үш күн ішінде мүдделi тұлғаларға сауал жiбередi.
Мүдделi тұлғаларға сауалға мемлекеттік немесе орыс немесе уағдаластық бойынша өзге бiр тілде жауап дайындау үшiн сауал алынған күннен бастап бiр ай уақыт берiледi. Бұл мерзiмдi уәкiлеттi орган ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол бiр айдан аспауы керек. Сауал оны почтамен жiберiлгеннен немесе мүдделi тұлғалардың өкiлiне берiлгеннен кейiн жетi күннен соң алынған болып есептелiнедi.
Демпингке қарсы iстi қарау барысында уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардан жауап қайтарылуға тиiстi мерзiмдi белгiлеп, қосымша ақпарат сұратып алуы мүмкін.
2. Әрбiр мүдделi тұлғаның мемлекеттік немесе орыс не уағдаластық бойынша өзге бiр тiлде өзi қажет деп санайтын кез келген ақпаратты жазбаша түрде беруге құқығы бар.
3. Уәкiлеттi органның демпингке қарсы iстi қарауды жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан кедендiк, салықтық, статистикалық ақпарат сұратып алуға құқығы бар.
26-бап. Демпингке қарсы iстi қарау жөніндегі ақпараттың
құпиялылығы
1. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органдардың лауазымды адамдарының құпия ақпаратты жария етуiне, жеке мақсаттарда пайдалануына, үшiншi тұлғаларға, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға беруiне болмайды.
2. Құпия ақпарат берушi тарап бұл ақпаратқа құпия сипатта болмайтын түсiндiрме жазба беруге тиiс.
Түсiндiрме жазба ақпараттың мәнiн түсiну үшiн жеткiлiктi дәрежеде жан-жақты болуға не неғұрлым жан-жақты құпия емес ақпарат берудiң мүмкiн болмау себептерiн түсiндiруге тиiс.
3. Егер уәкiлеттi орган құпиялық туралы талап негiзсiз болып табылады деп анықтаса немесе ақпарат берiп отырған адам оны жариялауға рұқсат бермесе, бұл ақпараттың анық екенi дәлелденген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның мұндай ақпаратты назарға алмауы мүмкін.
4. Құпия ақпараттың жария етiлуiне жауапты адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
27-бап. Демпингке қарсы iстi қарау рәсiмдерiне сәйкес берiлген
ақпаратты тексеру
1. Тиiстi экспортшылардың және (немесе) өндiрушiлердiң келісімiмен және олардың елдерінiң ресми органдары қарсы болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган ақпараттың анықтығын тексеру немесе қосымша деректер алу мақсатымен сол елдердiң аумағына мамандар жiбере алады.
2. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қарау басталатын күннiң дәл алдындағы алты айдан бiр жылға дейiнгi уақыт кезеңi iшiнде демпингтiң болуы туралы ақпаратты тексередi, ал материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы ақпаратты үш жылға дейiнгi кезең iшінде тексере алады.
3. Егер қайсыбiр мүдделi тұлға қажеттi мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде табыс етпесе немесе демпингке қарсы iстiң қаралуын басқа бiр жолдармен қиындатса, уәкiлеттi органның қолда бар деректер негiзiнде қорытынды шығаруға құқығы болады.
28-бап. Iстi жүргiзу тәртібі
1. Демпингке қарсы iстi қараудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi. Iсте демпингке қарсы нақты iс қарауға қатысты қажет етiлетiн барлық құжаттар болуға тиiс, оларды сақтаудың тәртібі мен мерзiмi заң арқылы белгiленген тәртiппен айқындалады.
2. Мүдделi тұлғалар уәкiлеттi орган жүргiзетiн демпингке қарсы iстiң қаралуы жөніндегі құпия емес ақпаратпен танысуға құқылы.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Мүдделі тұлғалардың кездесулерi
1. Демпингке қарсы істі қарау кезінде барлық мүдделі тұлғалар өз мүдделерін қорғауға құқылы. Осы мақсатта уәкілетті орган мүдделі тұлғалардың өтінімі бойынша істі қарау материалдарын талқылау, қосымша ақпарат беру үшін мүдделері қарама-қайшы тараптардың кездесуіне мүмкіндік беруге тиіс. Негіздемелер болған кезде мүдделі тұлғалардың қосымша ақпаратты ауызша беруге құқығы бар.
Мұндай кездесулерде қандай да болсын мүдделі тұлғалардың болмауы істің қаралуын жүргізу кезінде олардың мүдделеріне залал келтіруге әкеп соқпауға тиіс.
2. Уәкілетті орган ауызша ақпаратты кездесуден кейін он күннің ішінде ол жазбаша расталғаннан кейін назарға алады.
3. Уәкілетті орган барлық мүдделі тұлғаларға демпингке қарсы істі қарауда олардың істері бойынша дәлелдер дайындау үшін уәкілетті орган пайдаланатын барлық құпия емес ақпаратпен уақтылы танысуға мүмкіндік береді.
30-бап. Демпингке қарсы уақытша шаралар енгізу
1. Уәкiлеттi орган демпингтiң және материалдық залал келтiрiлуiнiң немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала ұйғарым шығарғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғалар мен олардың елдерiнiң ресми органдарына демпингке қарсы уақытша шараларды қолдану ниетi туралы хабарлама жiбередi. Iстi қарауға тартылған мүдделi тұлғалар хабарлама алғаннан кейiн жиырма күн iшiнде демпингке қарсы уақытша шаралар қолданудың негiздемесi жөнiнде жазбаша ескертпелер беруге құқылы, оларды уәкiлеттi орган назарға алады немесе оның демпингке қарсы уақытша шаралар енгізу туралы қорытындысы дайындалған кезде қабылдамай тастайды.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1- 1- тармақпен толықтырылды
1-1. Осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талабын ескере отырып, демпингке қарсы уақытша шараларды енгізу туралы хабарлама:
өнім берушілердің не, егер іс жүзінде бұл мүмкін болмаса, тиісті өнім беруші елдердің атауын;
кедендік мақсаттар үшін тауардың жеткілікті сипаттамасын;
белгіленген демпингтік айырманы және осы Заңның 3-тарауына сәйкес экспорттық баға мен қалыпты құнды белгілеу және салыстыру үшін пайдаланылған әдіснаманың негіздемесін;
осы Заңның 4-тарауына сәйкес залалдың бар екенін белгілеуге қатысты уәкілетті органның пікірін;
демпингке қарсы уақытша шараларды қолданудың негізгі дәлелдерін қамтуға тиіс.
2. Демпингтiң және ол келтiретiн материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы уәкiлеттi орган шығарған алдын ала ұйғарымның негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі демпингке қарсы уақытша шаралар енгізу туралы шешiм қабылдайды:
1) онда тауарды берушiлердiң немесе тауар әкелiнетiн елдердiң атауы; тауардың (кедендiк мақсаттар үшiн жеткiлiктi) сипаттамасы; демпингке қарсы уақытша баждың ставкасы және оның қолданылу мерзiмдерi болуға тиiс;
2) ол ресми басылымдарда жариялануға тиiс. Жарияланымда уақытша шараларды қолданудың негiзгi дәлелдерi; демпингтiң белгiленген мөлшерi және есеп айырысудың қолданылып жүрген әдiстемесi; материалдық залалды бағалаудың өлшемі қамтылуға тиіс. Жарияланымда құпия ақпарат болмауға тиiс.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 3- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Демпингке қарсы уақытша шаралар демпингтік тауар импортына істің қаралуы басталған кезден кем дегенде алпыс күннен кейін қолданылуы мүмкін.
Егер демпингке қарсы уақытша баждың шамасы алдын ала есептелген демпинг айырмасының мөлшеріне тең болса, демпингке қарсы уақытша баждың қолданылу мерзімі, осы мерзім істі қарау объектісі болып табылатын демпингтік тауардың берілетін көлеміндегі үлесі елеулі бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша алты айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиіс.
Егер, демпингке қарсы уақытша баждың ставкасы алдын ала есептелген демпинг айырмасынан аз болса, демпингке қарсы уақытша баждың қолданылу мерзімі, осы мерзім істі қарау объектісі болып табылатын демпингтік тауардың берілетін көлеміндегі үлесі елеулі бөлікті құрайтын экспорттаушылардың өтініші негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша тоғыз айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы уақытша шараларды Қазақстан Республикасы Yкіметінің оларды тиесілі ақша сомаларын депозитке енгізу арқылы демпингке қарсы уақытша баж нысанында және (немесе) Қазақстан Республикасы банкінің кепiлдiгi түрiнде қолдану туралы шешiмi күшiне енгiзiлгеннен кейiн оның аумағына еркiн айналысқа жiберiлген немесе шығарылған демпингтiк тауар импортына қолданады. Бұл орайда демпингке қарсы уақытша шараларды қолдану нысанын өнiм берушiнiң өзi таңдап алады. Демпингке қарсы уақытша баж Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен өндіріліп алынады.
6-тарау. Демпингке қарсы істі қараудың аяқталуы
31-бап. Демпингке қарсы шаралар енгізу немесе демпингке қарсы iстiң
қаралуын оларды енгiзбей тоқтату туралы қорытынды
1. Демпингтiң, материалдық залалдың және олардың арасында себеп- салдарлы байланыстың болуын анықтау жөнiнде уәкiлеттi орган жүргiзетiн демпингке қарсы iстi қарау Қазақстан Республикасының Yкіметіне жiберiлетiн:
1) демпингке қарсы iстiң қаралуын шаралар қолданбай тоқтату туралы;
2) экспорттаушының және (немесе) өндiрушiнiң баға бойынша мiндеттеме қабылдауы туралы;
3) демпингке қарсы баж енгізу туралы қорытынды әзiрлеумен аяқталады.
2. Демпингке қарсы iстi қарауды уәкiлеттi орган, егер:
1) демпингтiң немесе материалдық залалдың немесе оның келтiру қаупінің жеткiлiктi дәлелдемелерi болмаса;
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) демпингтiк айырма экспорттық бағаның екі процентiнен кем болса немесе демпингтiк импорттың (нақты немесе ықтимал) көлемi не материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң мөлшерi осы Заңның ережелерiне сәйкес болмашы болса, демпингке қарсы шаралар енгiзбей тоқтатады.
3. Iстiң қаралуын демпингке қарсы шаралар енгізбей тоқтату туралы хабарлама ресми басылымдарда жарияланады.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Демпингке қарсы шаралар енгізу туралы хабарлама ресми басылымдарда жарияланады және ол осы Заңның құпия ақпаратқа қойылатын талаптарын ескере отырып, демпингке қарсы баждарды енгізу үшін фактілер мен құқықтық нормаларға қатысты істі қарауға жататын барлық ақпаратты, сондай-ақ демпингке қарсы істі қарау барысында өнім берушілер мен мүдделі тұлғалар табыс еткен жазбаша дәлелдемелер мен талаптарды қабылдау немесе қабылдамау себептерін қамтиды.
32-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу мен оның
мөлшерiн анықтау
1. Демпингке қарсы бажды енгізу мен оның ставкасы туралы шешiмдi уәкiлеттi органның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ресми басылымдарда жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi.
Шешiмде демпингтiк тауарды берушi немесе берушiлер аталуға тиiс.
Егер демпингтiк тауарды бiр елдiң бiрнеше өнiм берушiлерi импорттап, барлық өнiм берушiлердi атау мүмкiн болмаған жағдайда, сол ел ғана аталады.
Егер демпингтiк тауарды бiр елден көбiрек елдiң бiрнеше өнiм берушiлерi импорттаған болса, не iске тартылған барлық өнiм берушiлер аталады, не iс жүзiнде бұл мүмкiн болмаса, демпингтiк тауарды импорттауға тартылған өнiм берушi елдердiң әрқайсысы аталады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң демпингке қарсы баж енгізу туралы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары, баға бойынша міндеттемелер қабылдаған өнім берушілердің тауарын қоспағанда, оны демпингке қарсы iсiн қарау жүргiзiлген барлық әкелiнетiн тауарлардан алып отырады.
3. Демпингке қарсы баж демпингтiң зардаптарын жоюға жеткiлiктi көлемде белгiленуге тиiс. Демпингке қарсы баждың мөлшерi демпингтiк айырмадан артық болмауға тиiс.
4. Уақытша шаралардың енгiзiлуiне байланысты төленген сома демпингтiк айырмадан артық болған жағдайда өнім берушiнiң артық соманы заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарып алуға құқығы бар.
5. Демпингке қарсы баж демпингке қарсы уақытша баждың ставкасынан артық мөлшерде енгiзiлген жағдайда өнім берушіден айырма алынбайды.
33-бап. Yшiнші тұлғалар жөніндегі демпингке қарсы iстi қарау
1. Егер демпингке қарсы iс қаралып бiткеннен кейiн тауарына демпингке қарсы баж салынған басқа өнiм берушiлермен байланысы жоқ үшiншi бiр тұлға ұқсас тауар бере бастаса, онда ол жөніндегі демпингке қарсы iстi қарау бiр ай iшiнде басталып, ол жөнiнде арыз алынған күннен он екi айдан кешiктiрмей аяқталуға тиiс.
2. Демпингке қарсы iстi қарау барысында бұл үшiншi тұлғадан демпингке қарсы баж алынбауға тиiс, алайда осы Заңда белгiленген тәртiппен демпингке қарсы уақытша шаралар енгiзiлуi мүмкiн.
34-бап. Демпингке қарсы бажды қолдану тәртібі
1. Демпингке қарсы iстiң қаралуы басталған күнге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналысқа шығарылған тауарларға демпингке қарсы баж салуға болмайды.
2. Демпингке қарсы баж уақытша шаралар енгiзiле қалған жағдайда олар енгiзiлген күннен бастап қолданылады.
35-бап. Демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмi
1. Демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмi Қазақстанның отандық өндiрушiлерiне келтiрiлген материалдық залалды жоюға немесе оның келтiрiлу қаупiне жол бермеуге және отандық өндiрушiлердiң бәсеке жағдайларына бейiмделуiне қажеттi мерзiмнен аспауға тиiс. Аталған мерзiм оның енгiзiлген немесе соңғы рет қайта қаралған күнiнен бастап бес жылдан аспауға тиiс.
2. Демпингке қарсы бажды қайта қарауға дайындау рәсiмiн уәкiлеттi орган өз бастамасы бойынша немесе мүдделі тұлғалардың демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн қырық бес күннен кешiктiрмей берген арызы негiзiнде жүзеге асырады.
3. Демпингке қарсы баждың қолданылуы отандық өндірушілерге материалдық залал келтiрудi немесе оның келтiрiлу қаупiн жоюға жеткiзбегенi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын енгiзiлген демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтiнiш жасайды.
7-тарау. Баға бойынша міндеттемелер
36-бап. Баға бойынша мiндеттемелер қабылдау талаптары
1. Демпингке қарсы iстiң қаралуына тартылған тұлғалар демпингтiң зардаптарын жоюы мүмкiн демпингке қарсы істі қарау жүргізiліп жатқан тауардың бағасын қайта қарау және Қазақстанға тауардың демпингтік бағамен әкелiнуiн тоқтату туралы ерiктi түрде мiндеттеме алғаннан кейiн демпингке қарсы iстiң қаралуы уақытша шаралар енгiзiлмей немесе демпингке қарсы баж салынбай тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкiн.
2. Мұндай мiндеттемелер бойынша бағаның белгіленген демпингтiк айырмадан артық болуын талап етуге уәкiлеттi органның құқығы жоқ. Егер уәкiлеттi орган бағаны мұндай арттыру демпингтiң отандық өндiрушiлерге келтiрген зардаптарын жою үшiн жеткiлiктi болатынын анықтаса, бағаның арттырылуы демпингтiк айырмадан кем болуы мүмкiн.
3. Баға бойынша мiндеттемелердi уәкiлеттi органның ұсынуы мүмкiн, бiрақ өнiм берушi өзiне осындай мiндеттемелер алуға мәжбүр етiлмеуге тиiс.
4. Баға бойынша мiндеттеменi уәкiлеттi орган осы Заңның 30-бабына сәйкес демпингтiң және материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуы жөнiнде алдын ала растайтын қорытынды шығарылғаннан кейiн ғана қабылдауы мүмкiн.
5. Егер уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттеменi қабылдау өнiм берушiлер санының көп болуына байланысты не уәкiлеттi орган өнiм берушiге хабарлауға тиісті жалпы саяси себептерді қоса алғанда, басқа себептер бойынша iс жүзiне асыру мүмкiн емес деп санаса, ол мiндеттеменi қабылдауға болмайды.
37-бап. Баға бойынша мiндеттемелердiң қолданылуы
1. Өнім беруші баға бойынша қабылданған міндеттемелерді адал орындаған жағдайда уәкiлеттi органның iстi қарауды тоқтатуға құқығы бар.
2. Бағалар бойынша мiндеттемелер қабылданғаннан кейiн уәкілеттi орган баға бойынша өзіне мiндеттеме қабылдаған өнiм берушi талап еткен жағдайда немесе өз бастамасы бойынша демпингтің және материалдық залалдың немесе оның қаупiнiң болуын анықтау үшiн демпингке қарсы iстiң қаралуын жалғастырады.
3. Демпингтiң немесе материалдық залалдың болмауы баға бойынша қабылданған мiндеттеменiң салдарынан болатын жағдайларды қоспағанда, егер демпингтiң немесе материалдық залалдың немесе оның қаупiнiң болмауы туралы шешiм қабылданса, баға бойынша мiндеттеме өзiнен-өзi күшін жояды.
4. Баға бойынша мiндеттеме демпингке материалдық залал келтiретiн қарсы iс-қимыл үшiн қажеттi уақыт iшiнде және сондай мөлшерде күшiнде қалуға тиiс.
5. Баға бойынша мiндеттеме қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган осы Заңның 26-бабының талаптарын сақтай отырып, ол жөнiнде барлық мүдделi тұлғаларға хабарлама жiбередi.
38-бап. Баға бойынша мiндеттемелердiң орындалуын бақылау
1. Уәкiлеттi органның баға бойынша мiндеттемесi қабылданған өнiм берушiден баға бойынша қабылданған мiндеттеменiң орындалуы туралы мәлiметтер берудi талап етуге, сондай-ақ олардың анықтығына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
2. Өнiм берушi баға бойынша қабылданған мiндеттемелердi бұзған жағдайда уәкiлеттi органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң демпингке қарсы уақытша шараларды алдын ала хабарламай, дереу енгізуге құқығы бар.
8-тарау. Қорытынды ережелер
39-бап. Демпингке қарсы уақытша шаралардың күшiн жоюдың
талаптары мен тәртібі
1. Егер демпингке қарсы қолданылып жүрген уақытша шаралардың мөлшерi демпингке қарсы салынатын баждан аз болса, айырмасы төленбеуге тиiс, егер көп болса, өнiм берушiнiң қалауы бойынша айырма оған заңдарда белгiленген тәртiппен өтеледi.
2. Материалдық залал келу қаупi анықталған жағдайда демпингке қарсы баж материалдық залал қаупiнiң болуы туралы қорытынды шығарылған күннен бастап қана қолданылуы мүмкiн және қолданылып жүрген уақытша шаралардың күшi жойылуға тиiс, ал уақытша шаралар қолданылған кезеңде енгiзiлген кез келген ақша депозитi қайтарылуға тиiс және өнiм берушiнiң кез келген ақшалай мiндеттемесiнiң күшi жойылуға тиiс.
3. Егер демпингке қарсы iстi қарау барысында демпингтiң және материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болмауы анықталса, шешiм қабылданған күннен бастап он күн iшiнде барлық уақытша шаралардың күшi жойылуға тиiс, ал өндiрiлiп алынған сомалар шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.
40-бап. Демпингке қарсы шаралардың күшiн жою немесе
оларды өзгерту
1. Бұрын демпингтiк тауар деп танылған тауар оның қалыпты құнына жақын немесе тең бағамен берiлетiнi, бұл жағдайда демпингтiң немесе материалдық залалдың жойылатыны немесе азаятыны жөнiнде мәлiметтер болған кезде уәкiлеттi орган өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғалардың бастамасы бойынша шаралар қолдануды жалғастырудың дұрыстығы мәселесiн немесе оларды өзгерту мүмкiндiгiн кез келген уақытта қарай алады.
2. Демпингке қарсы қолданылып отырған шараларды сақтаудың дұрыс болмайтыны анықталған жағдайда уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының Yкіметіне олардың күшiн жою не олардың мөлшерiн өзгерту туралы қаулының жобасын енгiзедi.
41-бап. Шешiмдерге шағым беру тәртібі
Мүдделi тұлғалар демпингке қарсы iстiң қаралуы кезеңiнде уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдер мен жасаған әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
42-бап. Демпингтiк тауарды кедендiк ресiмдеу мен есепке алу
1. Демпингке қарсы iстiң қаралуын жүргiзу демпингтiк тауарды кедендiк ресiмдеудегi кедергiлер үшiн негiз болмайды.