Соңғы нәтиже: жаңа ғылыми әдістерді қолдану арқылы топырақтың өсімдіктік жамылғысын картаға түсіру және жер мониторингін жүргізу, жер кадастрын жүргізу және жерге орналастыру жердің сандық және сапалық жағдайы туралы ақпараттардың нақтылығын 10 пайызға арттырады; ақылы жер пайдалану жүйесінің ғылыми-әдістемелік негізі жер нарығының трансакциялық шығындарын 3-4 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 8204 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы келісімде көрсетілген мерзімге сәйкес орындалады.
Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу жер туралы ақпараттық ресурс құру барысында еңбек және қаржы шығынын 3-5 пайызға азайтуға ықпал етеді, ол өз алдына жердің, жылжымайтын мүлік ретінде, нарықтық айналымын іске асыруды, жер ресурстарының қорын қорғау және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
393-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы
өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік
функцияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 348624 мың теңге (үш жүз қырық сегіз миллион алты жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жергілікті органдардың жүктелген функцияларды толық және тиімді атқару үшін қызметін қамсыздандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті аппараты ұстап тұру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 111 | | Облыстық бюджеттер- ге, Астана және Алматы қалаларының бюджет- теріне мем- лекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкілет- тіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функция- ларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферт- тер | Бекітілген штаттық шектеу шеңберінде 529 бірлік штат санын ұстау үшін облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне мемлекеттік басқару өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға нысаналы трансферттер | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жергілікті органдар аппараттарына жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақытылы орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
394-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Электрондық үкімет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 20 маусымдағы 2003 жылдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 153, 157, 158-баптары; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі "Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы № 1449 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы "Қазақстанда "электронды үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 3 "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер ресурстарын басқару жүйесі мен әдісін жетілдіру, МЖК автоматтандырылған жүйесін енгізуді іске асыру арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында республикада жерді тиімді пайдалану жөніндегі тиімді координация механизмдері мен бақылауды енгізу. МЖК ААЖ құру аясында мемлекеттік саясатты іске асырудың нормативтік базасын жетілдіру және әзірлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік жер кадастрының қазіргі заманғы әдісін енгізуді қалыптастыру; жерді бағалау және тізімдеу, кадастрлық есеп объектілері туралы автоматтандырылған деректер базасын құру барысында барлық меншік нысанындағы жер учаскесін және сонымен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік кадастрлық есепке қою; мемлекеттік мекемелерде бағдарламалық-техникалық кешендерді, қазіргі заманғы отандық ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық жабдықтар, ақпараттық құралдарды қорғау, жер учаскелерін бағалау, есепке алу, қалыптастыру процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік жер кадастрын енгізуді өрістету; қалыптасу, мемлекеттік есепке алу, техникалық тізімдеу, бағалау, құқықтық тіркеу, салық салу, жер мен жылжымайтын мүлікті билеу мен басқаруға байланысты ақпараттық жүйелер үйлесімін қамтамасыз ету және олардың арасында мәліметтермен электронды түрде алмасу жүйесін құру; жерді кадастрлық бағалау, жерді мемлекеттік кадастрлық есепке алуды қамтамасыз ететін мамандарды дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | "Электрон- дық үкімет" құру | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік жер кадаст- рының авто- маттанды- рылған ақпараттық жүйесін құру | МЖК ГАЖ Республикалық және облыстық орталықтарына арналған кадастрлық құжат айналым үшін, деректерді сақтауды бағдарламалық қамтамасыз ету үшін деректерді сақтағыш сатып алу. "Кадастрлық деректерді тапсыру", "Пайдаланушылармен жұмыс Web-сайт базасында жеке және заңды тұлғаларға арналған ақпараттық- анықтамалық жүйе тармақтарын әзірлеу. Тақырыпты сандық карта жасау. | 1 жар- ты- жыл- дық 1-3 тоқ- сан Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Бағдарламаны орындаудың тікелей нәтижесі: Республика бойынша МЖК ААЖ 220 бағдарламалық-техникалық кешенін өрістету, жер-кадастр қызметінің 670 маманын оқыту, Қазақстанның барлық аумағында кадастрлық деректерді электронды түрде құру. 2006 жылға арналған бағдарламаны орындау нәтижесі: облыстық және республикалық орталықтарды құрал жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізгі ("Кадастрлық деректерді тапсыру" жүйе тармағын, Web-сайт базасында жеке және заңды тұлғаларға арналған ақпараттық-анықтамалық жүйе тармағын, "Пайдаланушылармен жұмыс") жүйе тармақтарын құру. Тақырыптық сандық карта жасау.
Бағдарламаны орындаудың соңғы нәтижесі: МЖК ААЖ жобасын жүзеге асыру нәтижесінде базаға 95% жер пайдаланушылар туралы ақпараттар енгізілетін болады. Толық деректер республиканың фискалды органдарына жыл сайынғы жер төлемдерінің мөлшерін нақты бекітуге, жер нарығына қатысушыларға жер учаскесі туралы анық ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 2006 жылы жер кадастрын жүргізу жөнінде бір қызмет көрсетудің орташа құны 1212,17 теңгені құрайды; ақпараттық қызмет көрсетудің жыл сайынғы өсуі 3-10%.
Уақыттылық: Мемлекеттік сатып алу туралы келісімде көрсетілген мерзімге сәйкес орындалады.
Сапасы: МЖК ААЖ бағдарламалық-техникалық кешенін енгізу мен әзірлеу арқылы мемлекеттік органдардың, жер кадастры бойынша қызмет көрсетуде бизнес пен елді мекендердің, МЖК ААЖ порталына қатынай алатындардың қажеттілігі 100% қанағаттандырылатын болады, өзге де тұтынушылардың сұранысы бойынша оперативті түрде ақпараттар берілетін болады.