2006 жылға арналған республикалык бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жер
ресурстарын басқару агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 389-394 қосымшалар)
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
389, 390, 391, 392, 393, 394-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
389-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 338843 мың теңге (үш жүз отыз сегіз миллион сегіз жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 20 маусымдағы 2003 жылғы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14, 145-баптары; 23 шілдедегі 1999 жылғы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 3-бабы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппараты және оның аумақтық органдары қызметін оларға жүктелген функцияларды барынша толық орындауын жетілдіру үшін қамтамасыз ету, жер қатынастарының барлық субъектілерін жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды жүргізу; кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және оның аумақтық органдарының аппаратын қамсыздандыру; жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісін лицензиялау; аэротүсіріс, геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру; мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату; жиһаз, компьютерлер, бағдарламалық өнімдер сатып алу; ақпараттық жүйені алып жүру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Жер ресурс- тарын мем- лекеттік басқаруды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратын бекітілген штат лимитi бойынша ұстау; қызмет автокөліктерін бекітілген норматив тиістілігіне сәйкес жалға алу; ксерокстарды ұстау; жерге орналастыру, топографиялық- геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісін лицензиялау; аэротүсіріс, геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық органдарының аппараттарын, бекітілген штат лимитi шегінде ұстау мемлекеттік орган штатын қысқарту кезінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу; бекітілген тиісімі нормативке сәйкес қызметтік және арнаулы автотранспортын ұстау және жалға алу; ксерокстарды ұстау; жерді пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметші- лердің білікті- лігін арттыру | Төрт тақырып бойынша мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтердi сатып алу: ҚР бюджеттік процесс және бюджет саясаты; мемлекеттік сатып алулар; мемлекеттік органдағы қазіргi заманғы ақпараттық технологиялар; іс жүргізуді ұйымдастыру және құжаттану. Мемлекеттік қызмет- керлердің тыңдаушысын мемлекеттік тілге үйрету. | 2-4 тоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материал- дық-техни- калық жарақ- тандыру | Орталық аппаратты материалдық қамтамасыз ету: қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту үшін кабинет жиһазы комплекте, қабылдау бөлмесіне офистік жиһаз комплекте | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Мемлекеттік жер кадастрының автомат- тандырылған ақпараттық жүйесін алып жүру; компьютерлік техника сатып алу; вирусқа қарсы бағдарламалық тауар және бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу; бағдарламалық- техникалық қызмет көрсету мен жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратын 31 бірлік мөлшерінде және аумақтық органдары аппараттарын 261 бірлік мөлшерінде штаттық сан лимитіне сәйкес ұстау; 4 жинақ кабинеттік жиһаз, 2 жинақ офистік жиһаз және 46 компьютерлерді сатып алу; 10 мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, 20 адамды мемлекеттік тілге үйрету.
соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратының және аумақтық органдары аппараттарының қызметін оларға жүктелген функцияларды барынша толық орындауын жетілдіру үшін қамтамасыз ету; жер телімдері иелерінің және жерпайдаланушылардың жерді тиімді, өз мақсатында пайдалануын және қорғауын қамтамасыз ету; 20% мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша қажеттіліктерінің 3%, мемлекеттік тілге үйрету бойынша 7% қамтамасыз ету.
қаржы-экономикалық нәтижесі:
орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстаудың қаржы-шаруашылық шығындары жылына - 1459 мың теңге;
аумақтық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстаудың қаржы-шаруашылық шығындары жылына - 848,5 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін көтерудің орташа шығындары - 16,9 мың теңге; бір мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығындар - 12,7 мың теңге.
уақтылығы: орталық аппараттың және аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтік актілермен бекітілген уақытқа сәйкес сапасы: жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды толық көлемде орындау; мемлекеттік тілді үйрету курсын өткеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің 50% іс жүргізуде мемлекеттік тілге ауысады, біліктілігін жоғарлату курсын өткеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің 40% жоғары лауазымды қызметке тағайындалады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
390-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1295458 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан бес миллион төрт жүз елу сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 163-бабы; 2003 жыл, 20 маусым; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 838 қаулысы; "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; "Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы жерін тиімді пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық аумақтардың, экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, елді мекендер кескінінде өңірлік сызбасын әзірлеуді ұйымдастыру және жоспарлау, жер кадастрын, мониторингін жүргізу, жер нарығының дамуына жағдай жасау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жер қаты- настарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Жерге орна- лыстыруды жүргізу | Ауылдық аумақтардың, экологиялық- демографиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, 160 ауданның елдi мекендері кескінінде өңірлік сызбасын әзірлеуді ұйымдастыру және жоспарлау. | I-ІV тоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
3 | | 101 | Жер- кадастрлық жұмыстар | Жер-кадастрлық жұмыстары: көлемі 7500 мың га аэросурет түсіру; 5989,3 мың га - аэросуреттер мен суретжоспарларының дешифровкасын; 8220,7 мың га - дайындау және соңғы өнімін тапсыру; 829 мың га - топырағын зерттеу; 738 мың га - геоботаникалық зерттеу; 2000 мың га - ауылшаруашылық алқаптардың топырағының және геоботаникалық табиғатын есепке алу; 44 аудан - әкімшілік аудандардың және есептік махаллалардың электрондық жер-кадастрлық картасын жасау; 7347 мың га алқаптағы жер иелер мен жер пайдаланушылар туралы жер кадастры деректерінің электрондық қорын жасау; республиканың барлық аумағындағы жерді мемлекеттік есепке алу; 1241 ауылдық елдi мекендерінің жер-кадастрлық картасын әзірлеу және шығару; 1000 мың га ауданда ауыл шаруашылық мақсатындағы бонитетін анықтау; паспорттау: ауыл шаруа мекендерін - 18,8 мың паспорты- ның, ауылшаруашылық кәсіпорындарының - 3,0 мың паспортын; 714 мың га жердi паспортизациялау үшін топырақ туралы материалдарын жаңарту; 1085 мың га паспорти- зациялау үшін топыра- ғының сапасын айыру; | I-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
4 | | 102 | Жер мони- торингін жүргізу | 11,7 млн., га аумақтағы жердің мониторингін жүргізу. | I-ІV тоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: 160 әкімшілік аудандардағы экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасын әзірлеу, 1241 ауылдық елді мекендердің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару, 18,8 мың шаруа қожалықтарының жер телімдерінің және 3,0 мың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының паспорттарын дайындау.
Соңғы нәтиже: республика аумағында жүргізілген экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасы, жер-кадастрлық карталармен ауылдық елді мекендердің 32,4 пайызын қамтамасыз ету. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу барысында МЖК ААЖ (АИС ГЗК) деректер қорына жер телімдерінің 58,8 пайызы енгізіледі. Жер телімінің паспортын шаруа қожалықтарының 50 пайызы және ауыл шаруашылық кәсіпорындардың 77 пайызы алады. Жер мониторингін жүргізу туралы мәліметтер 35 пайызды құрайтын болады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: экологиялық-демографиялық зерттеулер нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасын әзірлеу бойынша жұмыс көлемінің құны 1000 га жерге 382 теңгені құрайды, жер-кадастрлық жұмыс көлемінің орташа құны 1000 га жерге 10157 теңгені құрайды, жер мониторингін жүргізу бойынша 1000 га жердің құны 4580 теңгені құрайды.
Мезгілділік: осы бағдарламамен қарастырылған іс-шаралар жоспарын бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: ауыл шаруашылық алаптардың жағдайы, пайдаланылуы және сапасы жөнінде анықталған ақпараттар беру, жер қалпына әсер ететін теріс әсерлердің жүрісін жою іс-шараларын құру, сонымен қатар жерді пайдалану мен қорғау жөнінде мемлекеттік бақылау органдарын ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
391-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Топография-геодезиялық және картографиялық өнімдерді және
олардың сақталуын қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 584366 мың теңге (бес жүз сексен төрт миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Геодезия және картография туралы" Заңының 4-бабы; 2002 жыл, 3 шілде; Қазақстан Республикасының "Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы" Заңының 4-бабы; 1998 жыл, 22 желтоқсан; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы
10 шілдедегі № 1149 "Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; "Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында геодезия және картографияны дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мөлшерде бәсекелесті геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 100% геодезиялық және картографиялық өнімдерді нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жасау және жаңарту, топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндірістің 13000,0 мың материалдары мен құжаттарын мемлекеттік есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Топография- геодезиялық және кар- тографиялық өнімдердi және олардың сақталуын қамтамасыз ету | Топографиялық карталардың Мемлекеттік масштабтық қатарын жаңарту үшін аэроғарыштық түсіріс орындау - 129546 шар.км. Геодезиялық құралдарды сертификациялау мақсатында Бақанас базисін қалпына келтіру - 15 пункт. Топографиялық- геодезиялық жұмыстар: Топографиялық карталардың мемлекеттік масштабтық қатарын жасау, құру және жаңарту (далалық және камералдық жұмыстар) - 1286 парақ. І, ІІ Кл нивелирлеу, зерттеу, қайта жөндеу, орналастыру, (далалық және камералдық жұмыстар) - 749 текше км. Жинақ каталогтарын құру - 6 каталог. Геодинамикалық зерттеулер: 1) бұрыштық және сызықты өлшеулер (пункт/жақ) - 38/146 2) биіктік өлшеулер - 1508 текше км. Картографиялық жұмыстар: 1) топографиялық карталарды баспаға даярлау, цифрлеу - 100 парақ; 2) сандау - 310 парақ; 3) географиялық, оқу және тақырыптық карталар, атластар құру - 28 парақ; 4) карталарды басып шығару - 150 парақ (100 дана). Географиялық объектілер атауларының каталогын құру және басып шығару - 2/3 том. Топографиялық- геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісi нәтижесінде құрастырылған материалдар мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу, сақтау, автомат- тандырылған мәліметтер базасын құру - 13000,0 мың дана құжат. Ауылды елді мекендерді картографиялық материалдармен қамтамасыз ету (АЕМДМБ шеңберінде): - ауылды елді мекендердi аэротүсіру - 660 шаршы км. - аэротүсірістердi планды байланыстыру және ауылды елдi мекендерді дешифрлеу - 1079,9 шаршы км. - ауылды елді мекендер жоспарларын сызу және даярлау - 1079,9 шаршы км. | I-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының 129546 шаршы км ауданын аэротүсіріс материалдарын, нивелирлеу сызығының нүктелер биіктігін алу, 1:25000 - 1:100000 масштабтағы топографиялық карталарды жаңарту (далалық - 620 және камералдық жұмыстар - 666 парақ), 100 парақ топографиялық карталарды құру және басып шығару, 310 парақ цифрлық карталар, 28 парақ тақырыптық карталар құру және карталардың 15000 парағын басып шығару.
Соңғы нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км территориясының 4,8% аумағын аэротүсіру, І және ІІ классты нивелирлеу сызығының 19% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 1,9% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының (4342 парақ) 2% құрылған және басып шығарылған.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндірісінің ерекшеліктері үздіксіз циклді қажетсінеді. Объектідегі жұмыстардың орташа ұзақтығы 3 жыл.
1. Бір шаршы км аэроғарыштық түсіріс бағасы күрделілік категориясына және масштабқа байланысты - 712 теңге.
2. Нивелирлеу классына байланысты нивелирлеудің бір текше км бағасы - 12117 теңге.
3. Масштабқа байланысты топографиялық картаның бір шаршы км жаңартудың орташа бағасы далалық жұмыстар - 56771 теңге; камералдық жұмыстар - 24900 теңге.
4. Масштабына байланысты картаның бір парағының орташа бағасы - 46760 теңге, сандалған - 116816 теңге, басып шығару - 300 теңге.
Уақыттылығы: Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар 2006 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
Сапасы: жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келетін топографиялық карталардың 2% басып шығару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
392-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер" деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41020 мың теңге (қырық бір миллион жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8, 9, 10, 11, 139, 152, 153, 159, 160, 161, 162-баптары, 2003 жыл, 20 маусым; Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының 6-бабы, 2001 жыл, 9 шілде; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның ақпараттарын қолдану Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; "Цифрлы геоақпараттық жүйе негізінде Қазақстан Республикасының табиғи объектілерінің Бірегей мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инновациялық база негізінде жер ресурстарын басқару қызметін жетілдіру; Қазақстан Республикасы жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, потенциалын сақтау және оны экономикалық айналымға қосу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: аталған мақсаттарға сәйкес Бағдарлама келесі міндеттерді шешуді көздейді; мемлекеттік жер кадастрын ғылыми-әдістемелік және оны автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен қамтамасыз ету; жерді мониторингін ғылыми-әдістемелік және тәжірибе-эксперименттік инновациялық қолдау, зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық алқаптарды кескінінде және геоақпараттық жүйе негізінде ұйымдастыру; жерді ақылы иеленудің ғылыми-әдістемелік базасының жүйесін, жерді нарықтық айналымға дайындау және жер ресурстарын ұтымды пайдалануын және қорғауын экономикалық стимулдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Жер ресурс- тарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | 1. "Қазақстан Республикасының жер ресурстарының әлеуетін (мүмкіндігін) қорғау және тиімді пайдалануын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету" бағытындағы 5 тақырып бойынша жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, соның ішінде келесі тақырыптар бойынша: 1) мемлекеттік жер кадастрын ғылыми-әдістемелік, бағдарламалық және технологиялық қамсыздандыру; 2) жаңа жер қатынастары жағдайында жер мониторингі жүйесінің принциптерін қалыптастыру; 3) ландшафты- экологиялық кескінi негізінде алқаптарды ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздемесі; 4) жер ақылы иеленудің ғылыми-әдістемелік негіздемесі және жер ресурстарын ұтымды пайдалануын және қорғауын экономикалық стимулдау; 5) нормативтердi әзірлеудің әдістемелік негізі. 2. Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптама жүргізу қызметіне ақы төлеу. | I-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан І-ІV тоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Жер ресурс- тарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: 5 тақырып қамтитын, 1 бағыт бойынша жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.