«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту
туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі)»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысы
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
383, 384, 385, 386, 387, 388-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
383-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 349082 мың теңге (үш жүз қырық тоғыз миллион сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мәселелері" № 280 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қарашадағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаң нормалары туралы" 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттен қаржыланатын ұйымдардың электроэнергияны тұтыну, жылу, ыстық және суық су және басқа да коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері № 1156 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктермен пайдалануды реттеу туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі "Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің және де Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы" № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы" № 1706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметінің деңгейін және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметті, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтауы, мемлекет саясат саласындағы, мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу сапасын арттыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет заңнамасын жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің оқуын және кәсіби қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру, мемлекеттік органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемле- кеттік қызмет саласын- дағы уәкілеттi органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің штаттық саны лимитіне сәйкес 49 бірлік көлемінде бекітілген орталық аппаратын ұстау және оның қызметін қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Орталық аппарат үшін бекітілген лимитке сәйкес 4 қызмет автомашинасын ұстау, келісім-шарттар жасасу, байланыс қызметі, басқа да тауарлар сатып алу, бланкілік өнімдер дайындау ақысын төлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызметтi жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Іске асыру мерзімі - Қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. Мемлекеттік қызметші- лерге еңбек ақы төлеу, оларды әлеуметтік- құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызмет персонаждары және әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымдарын атқару үшін кадрлар резерві бойынша республикалық деректер базасын қалыптастыру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік органдар- дың мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызметші- лердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызметтi жетілдіру және оның тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу- ге және оны іске асыруға қатысу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқасын өткізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппа- раттары | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің штаттық саны лимитіне сәйкес 204 бірлік көлемінде бекітілген аумақтық органдарын ұстау және оның қызметін қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу, оларды әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу (бұдан әрі - жергілікті мемлекеттік органдар). Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Жергілікті мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет персоналдары және мемлекеттік қызметтің кадрлар резерві бойынша деректер базасын қалыптастыру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқстан. Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелерi жөніндегі қызметін үйлестіру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызметші- лердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Тәртіптілік істері бойынша отырыстар өткізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Көшпелі семинарлар өткізу мен азаматтар- ды қабылдау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді мына тақырыптар бойынша сатып алу: мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы мемлекет- тік қызметшілерінің арын сақтау мәселелері. Оқу мерзімі - маусым-шілде. Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері. Оқу мерзімі - қыркүйек-қазан Мемлекеттік тіліне оқыту. Оқу мерзімі - сәуір-қараша. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
5 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды материал- дық-тех- никалық жарақ- тандыру | Жиһаздар, ауа баптағыштар, мұздатқыштар, телевизор, сейф, креслолар, сөрелер, өрт-сөндіру құралдарын, бақылау өлшеу қондырғыларын сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
7 | | 017 | Ақпа- раттық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Орталық аппарат үшін есеп техникалары мен құралдарын сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. "1С Бухгалтерия" бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу. Іске асыру мерзімі - ақпан-наурыз. Жиынтық және қосымша құрал-жабдықтар, шығыс материалдарын сатып алу. Іске асыру мерзімі - - қаңтар-желтоқсан. Есептік техника мен құралдарға жүйелi техникалық қызмет көрсету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқстан. Интернет пен электрон- дық пошта жүйесіне кіру қызметі. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық жүйелерді және міндеттерді қолдау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқстан. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер: соның негізінде мемлекеттік органдар сапалық стандартын жасайтын, мемлекеттік қызмет көрсетудің негізін қалаушы жоба жасау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ең кемі 2 коллегиясын өткізу; мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы бойынша мемлекеттік органдарда ең кемі 5000 рет тексеру өткізу; аумақтық органдардың қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік тілге 150 адамды оқыту, соның ішінде аумақтық органдарда 122 адам; сатып алу: 1 жиһаз жиынтығын, 1 телевизор, 1 сейф, 17 тоңазытқыш, 7 ауа баптағыш, 30 кресло, 14 сөрелер; сатып алу: көшпелі компьютер, 50 компьютер, 50 принтер, 50 үздіксіз қорек көздері.
Түпкі нәтижелер: азаматтардың шағымдары мен талаптарын қысқарту; мемлекеттік қызметтің кәсіби-оқыған персоналы деңгейі жоғарылайды; республика мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық саны қысқарады; рұқсат беру және өзге де құжаттарды беру кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық айтарлықтай қысқарады; республика мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық саны қысқаруы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшісін ұстау - жылына 1489,0 мың теңге; аумақтық органдардың бір мемлекеттік қызметшісін ұстау жылына - 1199,5 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін жоғарылатуға орташа шығындар - 12,8 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқыту бойынша орташа шығындар - 4,6 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген функцияларды мерзімінде орындау.
Сапасы: мемлекеттік стандарттар негізінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жақсаруы; қазіргі кездегі экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыған мамандар үлесі жұмыс істейтіндердің жалпы санының орталық аппаратта 60%-ын, аумақтық органдарда 60%-ын, кәсіби білім деңгейін арттырғандар аумақтық органдарда 23,5%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
384-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын ақпараттандыру
және тестілеу жүйесінің жұмыс істеуі"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 83578 мың теңге (сексен үш миллион бес жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаң нормалары туралы" 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттен қаржыланатын ұйымдардың электроэнергияны тұтыну, жылу, ыстық және суық су және басқа да коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы "Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері"
№ 1156 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктерін пайдалануды реттеу туралы" № 663 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу мемлекеттік мекемесінің мәселелері" № 50 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі "Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің, және де Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы" № 1428 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің құрамы мен кадрлық резерві жөніндегі деректерді жаңарту, барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді және аттестациялауды қамтамасыз ету; ақпараттық қорғауды қамтамасыз ету, ақпараттық Web-сайтты әкімшілендіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін және оның бұдан әрі жетілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді және аттестациялауды өткізу, 17 өңірлік орталықтарда жергілікті және желілік инфрақұрылымдарды техникалық қолдау және алып жүру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Респуб- ликаның мемле- кеттік қызмет кадрларын ақпарат- тандыру және тестілеу жүйесінің жұмыс істеуі | Тестілеу орталықтарын ұстау штаттағы және штаттан тыс қызметкер- лерге жалақы төлеу, телекоммуникация қызметтеріне ақы төлеу, есептеу техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету, бос лауазым- дарға орналасу үшін кемі 50000 ықтимал кандидаттарды уақыты- лы тестілеуден өткізу үшін 17 өңірлік орталықтарды материал- дық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ аттестация- лау бойынша кемі 30000 мемлекеттік қызметшіні тестілеуден өткізу. | 2006 жыл аралы- ғында | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігі, Ақпарат және тестілеу орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: сатып алу: 10 серверлер, 100 жұмыс станцияларын, 10 принтерлер, 10 экранаралық қорғау экрандарын, 10 маршрутизаторлар, 10 қоректендіру көздерін, 1 көшірме аппаратын, 18 ауа баптағыштарын, 35 материалды емес активтерді.
Түпкі нәтиже: орталықтардың өткізу қабілеті артады, ол жылына кемі 80 000 адамды тестілеуден өткізуге мүмкіндік береді. Республиканың барлық азаматтары кез-келген облыс орталығындағы тестілеу арқылы бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға тең қолдану мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметтерін ақпараттық және техникалық қолдау, мемлекеттік қызметшілердің тестілеуден және аттестациялаудан өтуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар кадрлық қызметтерін бірыңғай ақпараттық ортаға біріктіру, өңірлік орталықтардың жергілікті желілерін бір гетерогенді көлік құралына біріктіру, ИСУК жүйесінің электронды қызмет көрсетуінің бірыңғай нысанын әзірлеу және ұсыну.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарға орналасу үшін конкурс бойынша және аттестациялау бойынша бір тестілеуден өткізудің құны 1044,72 теңгені құрайды.
Уақтылығы: орталықтардың өндірістік әлеуеті барлық 17 орталықта кез-келген уақытта бір мезгілде жергілікті және қашықтан тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Сапасы: мемлекеттік қызметке түсу кезінде тестілеуден өтуге, сондай-ақ аттестациялау бойынша барлық ниет білдіргендерді 100% қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
385-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет
саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі "Ғылым туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 23 ақпанындағы "Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы-ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері" № 145 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4 Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдар жұмыстарының сапасы мен әсерін зерттеу және бағалау жүргізу арқылы мемлекеттік қызметті тұтынушылардың қанағаттану деңгейін және мемлекеттік қызметшілер жұмыстарының тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, мемлекеттік қызмет саласында қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, мемлекеттік органдар көрсететін қызметтің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемле- кеттік басқару және мемле- кеттік қызмет сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерттеу- лер | "Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша зерттеу жүргізу" тақырыбында мемлекеттік қызмет саласында қолданбалы зерттеулер өткізу. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу | жыл аралы- ғында | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Түпкі нәтижелер: мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын жасау бойынша ұсыныстар.
Түпкі нәтижелер: мемлекеттік қызметтердің бағасы төмендеуі, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстарын жетілдіру, тренингтер өткізілгеннен кейін тұтынушылардың пікірі негізінде бағалау жүйесін енгізген мемлекеттік органдар санының 0-ден 50% дейін (яғни кемі 12-ден 6) артуы; мемлекеттік органдар мөлдірлігінің орта есеппен 15% (65%-дан 80% дейін) артуы; уақытылы қаралған құжаттардың саны 20% (75%-дан 95% дейін) артуы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: тақырыпты зерттеу бойынша шығындар 6000 мың теңге.
Уақтылығы: жасалынатын келісім-шарттар негізінде.
Сапасы: жасалынған стандарттар негізінде мемлекеттік қызметтер сапасы жоғарылауына мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының клиенттерге қызмет уақытының қысқаруына алып келетін қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
386-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 494977 мың теңге (төрт жүз тоқсан төрт миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы Ережесі; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері" 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 Қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыру үшін алаң нормалары туралы" 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттен қаржыланатын ұйымдардың электроэнергияны тұтыну, жылу, ыстық су және басқа да коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; Үкіметтің "Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің, және де Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктерін пайдалануды реттеу туралы" 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын мемлекеттік қызметінің жоғары кәсіби кадрларымен, дипломатиялық қызмет персоналымен, судьяларымен, сот жүйесі және прокуратура органдарына қызметкерлерімен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазіргі заманның талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау жүйесін оңтайландыру, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік және жергілікті басқарудың кадрлық саясаты саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу, мемлекеттік қызметке мамандарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен облыстағы аймақтық орталықтардың әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету және қызметтерін үйлестіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Мемле- кеттік қызмет- шілердi даярлау, қайта даярлау және білік- тілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілерді үш бағыт: - мемлекеттік қызмет; - дипломатиялық қызмет; - судьялар және сот жүйесінің қызметкер- лері бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Жүзеге асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Халықаралық стандарттарға барынша жақындатылған оқу жоспары бойынша кредиттік және желілік жүйелерінің талдауы негізінде магистрлерді даярлау. Жүзеге асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Басшылық лауазымға ауыстырылған және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтар үшін 6-апталық және 2 апталық қайта даярлау курстарын жүргізу. Жүзеге асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік басқару, сот және дипломатиялық саланың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша 1-2 апталық семинарлар өткізу. Жүзеге асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Еуропаның дамыған елдерінің мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс тәжірибесімен және Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері мекемелерінің қызметімен танысу мақсатында тыңдаушылар және профессор- оқытушылардың құрамы үшін стажировкаларды ұйымдастыру. Жүзеге асыру мерзімі: шілде-қараша. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелерінің көп аспектілі шешімдерін қабылдау мақсатында ғылыми конференциялар мен семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу. Академияның біліктілікті арттыру халықаралық семинарларына лекторларды, сондай-ақ Франция, Германия, Киев, Москвадан шетел сарапшыларын шақыру. Жүзеге асыру мерзімі: наурыз-желтоқсан. "Қазақстан Республикасындағы қазіргі саяси жағдай" мониторингі, "Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі, әлеуметтік-саяси және діни жағдай" атты мониторингі, "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі" атты мониторингі тақырыптары бойынша социологиялық зерттеулерді жүргізу. Жүзеге асыру мерзімі: қаңтар, мамыр, қыркүйек. "Қазақстанның тұрақты дамуындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің рөлі" атты ғылыми жобасын жасау. Жүзеге асыру мерзімі: сәуір-маусым. Ғылыми монографияны, ғылыми мақалалар жинағын, ғылыми-талдау журналын басып шығару. Жүзеге асыру мерзімі: наурыз-желтоқсан. Сот жүйесі мен әділ сот, сыртқы саясат және дипломатия, адам ресурстарын басқару саласындағы фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. Жүзеге асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Негізгі құралдарды және материалды емес активтерді сатып алу. | жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Мемле- кеттік қызмет істерi жөнін- дегі агент- тігi Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- дентінің жанын- дағы Мемле- кеттік басқару ака- демиясы |