«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 362-365-қосымшалар) (үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
362, 363, 364, 365-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
362-қосымша
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Сот жүйесі органдарының қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10747537 мың теңге (он миллиард жеті жүз қырық жеті миллион бес жүз отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1271 Қаулысы; «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 Қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 Қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 Қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сот төрелігін іске асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігін күшейту, сот-құқықтық реформаның қарқынын жеделдету, атқарушылық іс жүргізу қызметін қамтамасыз ету, соттардың дербестігін күшейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті соттардың азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғары қадағалауды іске асыру, атқару құжаттарын орындауды бақылау, заңдарды жүйелеу жөніндегі жұмысты іске асыру, азаматтар мен ұйымдардың арыздарын қарау, сот төрелігін сапалы іске асыруы үшін судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігі мен кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Сот жүйесi орган- дарының қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білікті- лігін арттыру | Мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулердi бес тақырып бойынша сатып алу: 1) сот өндірісін жүргізу практикасы; 2) қылмыстық, азамат- тық және әкімшілік істер бойынша сот практикасын қорыту; 3) жекелеген санаттағы істерді қараудың ерек- шеліктері; 4) атқарушылық өндірі- сін ұйымдастырудың тәртібі; 5) атқарушылық құжат- тарды электронды есепке алуды ескеріп атқарушылық өндірістi жетілдіру. Мемлекеттік ағылшын тілдеріне оқыту. | 2006 жылдың 2-4 тоқсан- дары | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
3 | | 008 | Мемле- кеттік орган- дардың ғимарат- тарын, үй-жай- лары мен құрылыс- тарын күрделі жөндеу | Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында- ғы судьялардың және сот жүйесі қызметкер- лерінің еңбек жағдайын жақсарту үшін жергілікті соттардың ғимаратына және үй- жайларына күрделі жөн- деу жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
4 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды мате- риалдық- техника- лық жарақ- тандыру | Судьялар мен сот жүйе- сі қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсар- ту үшін жиһаздарды, сейфтер, кеңсе жабды- ғын; жедел байланыс үшін шағын-АТС; соттардың қауіпсізді- гін қамтамасыз ету үшін, олардың ғимара- тына кіруді бақылай- тын жабдықтарды, әкімшілік ғимаратты тазалау үшін жабдық- тарды; сот процесте- рін жазып алу үшін аудио және бейнежаб- дықтарды; медициналық кабинет үшін медицина- лық жабдықтарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Жұмсалатын материал- дарды, жабдықтаушы және қосалқы бөлшек- терді сатып алу. Интернет желісін пайдалану қызмет көрсетулерін. Есептеу техникасына жүйелік- техникалық қызмет көрсету. Ақпараттық жүйелерді және жергі- лікті міндеттердi сүйемелдеу. Компьютер- лік жабдықтарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
6 | | 100 | Қазақс- тан Респуб- ликасы Жоғарғы Сотының қызметін қамтама- сыз ету | Жүктелген міндеттердi іске асыру үшін бекі- тілген штат саны шегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын ұстау. Жоғарғы Соттың әкімшілік ғимаратының қызметін қамтамасыз ету. Сот практикасы жинақтарын және сот өндірісі жөніндегі практикалық құралдарды шығару. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Соты |
7 | | 101 | Қазақс- тан Рес- публика- сының Жоғарғы Соты жанында- ғы Сот әкімші- лігі жөнінде- гі комитет- тің аппараты | Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін бекітілген штат саны шегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет аппаратын ұстау. Заңдарды жүйелеу жөніндегі жұмысты іске асыру. Судьялар корпусы үшін кадрларды іріктеуді іске асыру үшін Әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет |
8 | | 102 | облыс- тардағы, Астана және Алматы қалала- рындағы әкімші- лер | Жүктелген міндеттердi іске асыру үшін бекітілген штат саны шегінде облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Әкімші- лердің, аппараттарын ұстау. Соттарды норма- тивтік құқықтық акті- лермен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
9 | | 103 | Жергі- лікті соттар | Жүктелген міндеттердi іске асыру үшін бекі- тілген штат саны шегінде жергіліктi соттарды, соның ішінде Қаржы Орталығы Сотын ұстау. Сапалы және уақтылы сот төрелігін іске асыруды жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 48 бірлік мөлшерінде Жоғарғы Сот судьяларына және 164 бірлік бекітілген штат саны мөлшерінде Жоғарғы Сот аппаратына жүктелген міндеттер мен мақсаттарды толық көлемінде орындау;
64 бірлік бекілген штат саны мөлшерінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің аппаратына жүктелген міндеттер мен мақсаттарды толық көлемінде орындау;
2337 бірлік бекітілген штат саны мөлшерінде облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкімшілерінің аппараттарына жүктелген міндеттер мен мақсаттарды толық көлемінде орындау;
8156 бірлік бекітілген штат саны мөлшерінде жергілікті соттарға жүктелген міндеттер мен мақсаттарды толық көлемінде орындау;
2060 адамның кәсіби деңгейін арттыру;
4307 адамды, соның ішінде аумақтық органдардың 4197 адамын мемлекеттік тілге оқыту;
1081 адамды, соның ішінде аумақтық органдардың 1056 адамын ағылшын тіліне оқыту;
жергілікті соттардың 13 ғимараты мен үй-жайларына күрделі жөндеу жүргізу;
92 жұмыс орнын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;
Қаржы Орталығы Сотын ұстау үшін жағдай жасау.
Түпкілікті нәтиже: мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру қажеттілігін 24,8%, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқыту қажеттілігін 40% және мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқыту қажеттілігін 10% қамтамасыз ету;
билер мен сот жүйесінің қызметкерлерін 100% жиһазбен қамтамасыз ету. Жаңадан құрылған соттардың 2% жиһаздарын жаңарту;
100% жергілікті соттарды оргтехникамен жабдықтау;
сот жүйесі қызметкерлерінің компьютерлік орындарын 50% сұранысына қарай қамтамасыз ету;
сот жүйесі қызметкерлерінің жалпы санының 50% Интернет желісі қызметін пайдалануын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бір қызметкерін ұстаудың орташа құны жылына 4000,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Аппаратының бір қызметкерін ұстаудың орташа құны жылына 1400,0 мың теңге;
соттар әкімшісінің бір қызметкерін ұстаудың орташа құны жылына 694 мың теңге;
жергілікті соттардың бір қызметкерін ұстаудың орташа құны жылына 950,0 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға орташа шығын 6,3 мың теңге;
мемлекеттік тілге мемлекеттік қызметшіні оқытуға орташа шығын 4,3 мың теңге;
Ағылшын тіліне мемлекеттік қызметші оқытуға орташа шығын 5,0 мың теңге.
Уақтылығы: азаматтардың шағымдарын, өтініштерін уақытылы қарау, сот шешімдерін орындау;
жыл бойы жасасқан шарттарға сәйкес;
мерзімдерді бұзбай сот істерін қарау және шешімдерді орындау;
Сапасы: істерді жедел және салалы қарау;
жалпы істердің санынан, мерзімі бұзылып қаралған істердің саны
0,5 % төмендету;
алғашқы сот шешімдерінің күшін жоюды 1 % төмендету;
аяқталған жалпы атқарушылық іс жүргізулерден сот актілерінің нақты орындалуын 75% арттыру;
қазіргі кездегі экономикалық жағдайлармен байланысты кәсіптік мемлекеттік қызметке қойылар талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік біліктілігін арттыру, мемлекеттік тілге оқыту курстарын өткеннен кейінгі мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 1 %; ағылшын тіліне оқыту курстарын өткеннен кейінгі ағылшын тілінде іс-қағаздарын жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,3 %; біліктілікті арттыру курстарын өткеннен кейінгі жоғары тұрған қызметтерге тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,1 %.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
363-қосымша
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарының бірыңғай
автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 99360 мың теңге (тоқсан тоғыз миллион үш жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот жүйесі органдарын автоматтандыру, сот жұмысының жеделділігін, тиімділігін және сот өндірісінің сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының облыстық, аудандық, әкімшілік, экономикалық, әскери соттарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру, осы жүйенің көмегімен барлық сот істерін (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық), аппеляциялық шағымдар мен қадағалау наразылықтарының қозғалысын, оларды сотқа түскеннен бастап орындалуына дейін және мұрағатқа тапсырғанға дейін бақылау мен есепке алу, сот статистикасын автоматты түрде жинау, сот актілері мәліметтері банкін қалыптастыру және Қазақстан Республикасындағы сот практикасын қорыту мүмкіндігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Қазақстан Республи- касы сот жүйесі органда- рының бірыңғай автомат- тандырыл- ған ақпарат- тық- талдау жүйесін құру | Сот процестерін аудио түсіру үшін техникалық құралдар, бағдарлама- лық қамтамасыз ету және қосалқы қызметтер жиынтығын сатып алу. Сот жүйесі органдары- ның ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу, енгізу, көбейту. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: судьялар мен соттар аппараты (кеңселері) қызметкерлерінің жұмыс орындарын автоматтандыру, сот істерін есепке алуды ұйымдастыру, статистикалық және талдау есептерін жедел алу, сот істерінің республикалық электронды мұрағатын құру.
Түпкілікті нәтиже: соттар қызметінің тиімділігі мен анықтылығын арттыру, залдарды сот процестерін аудио түсіру жүйелерімен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы сот жүйесінің азаматтарға «Электронды үкімет» шеңберінде электронды қызмет көрсетуді бастауы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Істер мен шағымдарды қарау уақытын 5 күнге қысқарту, сот төрелігін іске асыруға кететін шығындарды
15% азайту.
Уақтылығы: жасалынған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: дұрыс шешім қабылдау үшін 100% ақпаратты ұсыну.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
364-қосымша
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 347320 мың теңге (үш жүз қырық жеті миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 25-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының судьяларды республикалық бюджет қаражатының есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: толық және тәуелсіз сот төрелігін іске асырудың шарттарын жасау үшін судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Судья- ларды тұрғын үймен қамтама- сыз ету | Қазақстан Республикасы судьяларының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй сатып алу. | 2006 жылдың 1-4 тоқ- сандары | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: жоғарғы Соттың 15 судьясын, жергілікті соттардың 30 судьясын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: Сапалы және уақтылы сот төрелігін іске асыру үшін судьяларға жағдай жасау;
Республика судьяларының 45% тұрғын үйге жалпы сұранысынан қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Астана қаласындағы 3-бөлмелі тұрғын үйдің орташа құны 9450,0 мың теңге;
жергілікті соттардың судьялары үшін тұрғын үйдің орташа құны:
2-бөлмелі - 3375,0 мың теңге;
3-бөлмелі - 4169,0 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған шараларды бекітілген уақытта орындау.
Сапасы: жүктелген міндеттерді судьялардың барынша тиімді орындауына қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
365-қосымша
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке
түскен мүлікті бағалау, сақтау және сату"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 82581 мың теңге (сексен екі миллион бес жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегi № 833 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Жекеле- ген негізде- мелер бойынша респуб- ликалық меншікке түскен мүлікті бағалау, сақтау және сату | Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке түскен мүлік- ті сақтауға, тасымал- дауға, бағалауға, сертификаттау мен санитарлық-эпидемиоло- гиялық сараптау жүргі- зуге, жөнелтуге, сату- ға, жоюға және одан әрі пайдалануға байла- нысты қызметтерге, сондай-ақ басқа да қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкім- шілігі жөніндегі комитет, облыстар- дағы, Астана мен Алматы қалала- рындағы әкімшілер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: тәркіленген мүлікті жекелеген негіздер бойынша мемлекет табысына айналдыру.
Түпкілікті нәтиже: жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүліктің мемлекет пайдасына, оның ішінде мемлекетке берілген мүліктің нақты құнының түсуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жекелеген негіздер бойынша мемлекет пайдасына айналдыру жөніндегі шаралардан түскен табыстардан жұмысты ұйымдастыру шығындарының артып кетуі.
Уақтылығы: мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру жөніндегі процедураларды мерзімінде өткізу.
Сапасы: заңдармен белгіленген мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру (сақтау, бағалау, сату) жөніндегі процедураларды толық сақтау.