«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 63,64-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
63, 64-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
63-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Табиғи монополия субъектілерінің қызметін
реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 923170 мың теңге (тоғыз жүз жиырма үш миллион бір жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 1-30-баптары; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 428 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы; «Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің балансына жету; өздерінің лауазымдық міндеттемелерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен машықтарын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу; табиғи монополиялардың жұмыс істеуіне, тариф түзу мәселелеріне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау; өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу; мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдіснамасы мен бағалар белгілеу ережесін жетілдіру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шекті деңгейлерінің есеп айырысу әдістемесін жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Табиғи монопо- лия субъек- тілері- нің қызметін реттеуді, бақылау- ды қам- тамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің орталық аппаратын штат саны - 133 бірлік лимитінің шегінде ұстау. Ай сайын «Регулятор» журналын шығару. Бекітілген тиесілік нормативіне сәйкес автокөлік ұстау. Тарифтерді өзгертуге берілген өтінімдерді қарау; сараптамалық бағалаулар, табиғи және мемлекеттік монополия субъектіле- ріне тексерулер жүргізу; табиғи моно- полия субъектісі өткі- зетін сатып алуларды келісу; табиғи монопо- лия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына және мүлікті иеліктен айыруға берілген өтініштерді қарау. Табиғи және мемлекет- тік монополия субъек- тілерінің қызметін реттейтін нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеу- дің кемсітпейтін әдіс- темелерін әзірлеу. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қаржылық және техникалық сараптама жүргізу. Нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнін- де тәуелсіз сарапшылар мен сараптау ұйымдары- ның, консультанттар- дың, қаржылық және техникалық сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу. Табиғи монополиялар субъектілері мемлекет- тік тіркелімінің республикалық бөлімі- не енгізілген табиғи монополиялар субъекті- лерінің жария тыңдау- ларын ұйымдастыру және өткізу. | қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан ақпан- желтоқ- сан ақпан- қараша ақпан- қараша ақпан- желтоқ- сан ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Табиғи монопо- лияларды реттеу агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппарат- тары | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аумақтық органдарының аппаратын штат саны - 227 бірлік лимитінің шегінде ұстау. Бекітілген тиесілік нормативіне сәйкес автокөлік жалдау. Табиғи және мемлекет- тік монополия субъек- тілеріне тексерулер жүргізу. Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берілген өтінімдерді қарау. Табиғи монополиялар субъектілері мемлекет- тік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъекті- лерінің жария тыңдау- ларын өткізу. | қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан ақпан- желтоқ- сан ақпан- қараша ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы монопо- лияларды реттеу агенттігі |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білікті- лігін арттыру | Мемлекеттік қызметші- лердің төрт тақырып бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) Мемлекеттік басқа- рудың осы заманғы әдістері мен техноло- гияларына үйрету; 2) Құқықтық оқыту; 3) Мемлекеттік сатып алу жүйесін зерделеу; 4) Ақпараттық техноло- гияларға үйрету. Мемлекеттік тілді үйрету. | қаңтар- қараша | Қазақстан Республи- касы монопо- лияларды реттеу агенттігі |
5 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техника- лық жарақ- тандыру | Жабдықтар сатып алу. Оргтехникалар сатып алу. | маусым- тамыз маусым- тамыз | Қазақстан Республи- касы монопо- лияларды реттеу агенттігі |
6 | | 017 | Ақпарат- тық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Есептеу техникасын сатып алу. Интернет және VPDN желісіне қол жеткізу қызметтері. Есептеу техникасы мен желілерге жүйелі- техникалық қызмет көрсету. Шығыс материалдары мен жинақтаушы қосалқы бөлшектер сатып алу. Вирустарға қарсы бағдарламаға жылдық жазылу. Лицензиялық бағдарла- малық өнімдер сатып алу. Ақпараттық жүйелер мен локальдық міндеттерді сүйемелдеу. Қызметкерлерді ақпа- раттық технологияларға үйрету | маусым- қыркүй- ек қаңтар- желтоқ- сан қаңтар- желтоқ- сан наурыз- желтоқ- сан қаңтар- наурыз сәуір- маусым қаңтар- желтоқ- сан сәуір- шілде | Қазақстан Республи- касы монопо- лияларды реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Тарифті немесе тарифтік сметаны өзгертуге берілген өтінімдерді қарау кезінде кем дегенде 20 сараптамалық бағалау жүргізу; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау мақсатында табиғи монополия субъектілерінің қызметін қаржылық сараптау жөнінде кем дегенде 32 қорытынды және техникалық сараптау жөнінде кем дегенде 32 қорытынды өткізу; табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін реттейтін кем дегенде 9 нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; 48 адамның кәсіби деңгейін көтеру, олардың ішінен: 20 адамды - мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдістері мен технологияларына, 10 адамды - құқықтық білімге, 10 адамды - мемлекеттік сатып алу жүйесін зерделеуге үйрету, 8 адамды - ақпараттық технологияларға, оның ішінде аумақтық органдардың - 38 адамын үйрету; 47 адамға - мемлекеттік тілді, оның ішінде аумақтық органдардың - 37 адамын үйрету; орталық аппараттың және аумақтық органдардың материалдық-техникалық жарақтануын арттыру; Агенттіктің орталық аппаратын және оның аумақтық органдарын ақпараттық жүйелермен, техникамен жаңғырту.
Түпкілікті нәтиже:
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін 13,3%-ға көтеруде, мемлекеттік қызметшілерді 13,1%-ын мемлекеттік тілге үйретуде қажеттілікті қамтамасыз ету; материалдық-техникалық жарақтандыру мен ақпараттық жүйелерді жаңарту деңгейі 47%-ға дейін көтеріледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Орталық аппарат бойынша бір мемлекеттік қызметшіні ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 1277,48 мың теңге.
Аумақтық органдар бойынша бір мемлекеттік қызметшіні ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 843,68 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 12,72 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 14,78 мың теңге.
Дер кезділігі:
Мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттардың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы:
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне сараптамалар жүргізу: тарифтің мөлшеріне әсер ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы операцияларын жүргізудегі бұрмалаушылықты анықтауға, тарифтердегі ескерілетін табиғи монополия субъектілерінің шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді; нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу: тұтынушылар мен экономикаға арналған табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін әсерін талдауға және тарифтер серпінінің жекелеген салалар мен халықтың табыстарына әсерін болжамдауға мүмкіндік жасайтын құралдар енгізуге мүмкіндік береді; осы заманғы экономикалық талаптарға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілге үйретілгеннен кейін іс жүргізе алатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 13%-ды құрайды; біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
64-қосымша
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Монополистер қызметінің мониторингі бойынша
электрондық деректер базасын құру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 104400 мың теңге (бір жүз төрт миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау органдарын бұрмалаушылықтардың болуы туралы, уәкілетті орган бекіткен тарифтерді пайдалану және табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауды болдырмау үшін тарифтік сметаларды орындау туралы шынайы және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақылы қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызметінің автоматтандырылған мониторингі үшін деректердің талдау базасын жасау және енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және дамыту, есептеу, коммуникациялық, желілік жабдық лицензиялық жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің, операциялық жүйелер және оған берілген қосымшалардың құралдарымен жаңғырту және жарақтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, Агенттіктің WEB-порталын жасау және оның е-үкіметтің WEB-порталымен интеграциялау мүмкіндігі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Монопо- листер қызметі- нің монито- рингі бойынша элект- рондық деректер базасын құру | 1. «Табиғи монополия- лар қызметінің монито- рингі бойынша элек- трондық деректер база- сы» ақпараттық жүйенің кіші жүйелерін дамыту және әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу. 2. Ақпараттық қауіп- сіздікті қамтамасыз ету жөніндегі лицен- зиялық бағдарламалық өнімді, операциялық жүйелерді және қосым- шаларды, оптикалық таным бағдарламаларын және ДББЖ-ін (деректер базасын басқару жүйе- сін) сатып алу. 3. Есептеу техникасы құралдарын, перифе- риялық, телекоммуни- кациялық және электр жабдықтары мен Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық басқармалары үшін ақпаратты қорғау жабдығын сатып алу. | наурыз- желтоқ- сан мамыр маусым | Қазақстан Республи- касы Табиғи монопо- лияларды реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілері туралы бастапқы деректерді енгізу, деректер базаларын уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтерімен толтыру, табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің серпінін талдау және олардың ақпаратын деректер базасының деректерін пайдалана отырып өңдеу.
Түпкілікті нәтиже:
Осы «Табиғи монополиялар қызметінің мониторингі бойынша электрондық деректер базасы» ақпараттық жүйені жасау off-line режимінде табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілері туралы 98% шынайы ақпаратты, тарифтік сметаның орындалуы жөніндегі есептерді, электрондық деректер базасына Агенттіктің аумақтық органдары мен табиғи монополиялар субъектілерінің өздері енгізген субъектілердің қаржы-шаруашылық қызмет есептерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Осы жүйе өтінімдер, өтініштер, тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер, табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептер ұсыну, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарынан және табиғи монополия субъектілерінен ақпараттар (құжаттар) алу уақытын жарты сағаттан екі және одан көп тәулікке дейін қысқартуға алып келеді.
Дер кезділігі:
Жасалған шарттардағы белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы:
Агенттіктің аумақтық органдарынан және табиғи монополия субъектілерінен қажетті, жедел ақпаратты уақтылы алуды 100% қамтамасыз етеді; жүйеде жинақталып қалған монополиялар қызметі мен олардың тарифтік саясаты, өндірісті жетілдіру және қызметтер көрсету жөніндегі өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтердің жариялылығы мен ашықтығын 100%, осы ақпаратқа мемлекеттік органдар мен халықтың 100% қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.