«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Президентінің
Іс Басқармасы)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 408-418-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
408, 409, 410, 411, 412, 413, 414, 415, 416, 417, 418-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
408-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік
органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 5867382 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз алпыс жеті миллион үш жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; "Мемлекеттік әкімшілік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 сәуірдегі № 1428 қаулысы; "Қызметтік телефондар және мемлекеттік органдар аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы қаулысы; "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр қуатын, жылу беру, ыстық және суық су және өзге де коммуналдық қызмет көрсету нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі, оларды табыстау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары құжаттарының Үлгілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары Белгілерінің бейнесі туралы "Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында кәсіптілік саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және тәжірибелік іскерліктерін жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, Премьер-Министрі кеңесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті Премьер-Министрі қатысуымен өткізілетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекет басшы- сының, Премьер-Министр- дің және мемле- кеттік орган- дардың басқа да лауазым- ды адам- дарының қызметін қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 1. Қазақстан Республи- касы Президенті Іс басқармасының бекітіл- ген лимитке сәйкес саны 139 бірлік орталық аппаратын ұстау. 2. Қазақстан Республи- касы Президентінің, Премьер-Министрінің және Мемлекеттік хатшысының жұмыс кес- тесіне сәйкес 5 әуе кемесімен литерлік рейстер ұйымдастыру. Литерлік рейстердің қажетті байланысын қамтамасыз ету. 3. Мемлекеттік рези- денцияларға және Үкімет ғимараттарға кешенді қызмет көрсету. 4. "Қазақтан Республи- касы Президенті әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы" РМҚК-ның әкімшілік ғимараты және "Мемлекеттік резиден- циялар дирекциясы" РМК-ның объектілерін сақтандыру. 5. Ресми шақырылған тұлғалардың тұруын ұйымдастыру; көлік қызметін көрсету; ресми іс-шараларға қызмет көрсету; салтанатты және ресми түскі ас, кездесулер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; Мемлекет Басшысы және Үкімет басшысы атынан кәде- сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу және құрастыру. 6. "Күйгенжар" акционерлік қоғамның атты-спорт манежі базасының қызмет етуі. 7. Мемлекеттік наградалар мен төс белгісін, алқа және олардың құжатын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі- нің өтініміне сәйкес Қазақстан Республика- сына сіңірген еңбегін бағалау белгісі ретінде марапаттау үшін дайындау, наградалар жинақтау қорын (резервін) қолдау. 8. Күзетілетін тұлғалардың автокөлі- гін және гаражын ұстау. 9. құпия. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
3 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білікті- лігін арттыру | Мемлекеттік қызмет- шілердің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді 5 бағыт бойынша сатып алу: 1) жобаларды басқару; 2) бюджеттеу, жоспар- лау, орындалуын бақылау; 3) қаржы есептілігінің халықаралық стандарт- тарын зерттеу; 4) ақпаратты кешенді қорғау; 5) басқарудың негізгі бағыттары. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
4 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Проекторлар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамта- масыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпа- раттық- техни- калық қамта- масыз ету | 1) есептеу және телекоммуникациялық жабдықтар. 2) лицензиялық бағдарламаны қамтамасыз ету. 3) ақпараттық жүйелерді пайдалану мен сүйемелдеу бойынша қызметтердi сатып алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекет күзететін тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету, мемлекеттік наградалар әзірлеу бойынша өтінімдерді 100% орындау, 967 сағат көлемінде литерлік рейстерді орындау, жалпы алаңы 98 344,7 шаршы метр және маңайындағы 257,83 га аумақтағы мемлекеттік резиденцияларға, 94 074 шаршы метр және маңайындағы 35,5 га аумақтағы үкіметтік ғимараттарға кешенді қызмет көрсету, 3 әкімшілік ғимаратты, 8 мемлекеттік резиденциялар объектісін сақтандыру; мемлекеттік қызметшілердің 50% қазіргі заманғы компьютерлермен қамтамасыз ету; 29 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 12 адамға мемлекеттік тіл үйрету, 10 адамға ағылшын тілін үйрету; саны 10 бірліктен кем емес қызметтік автомашинаны жалға алу; саны 26 бірлік автомашинаға және күзетілетін тұлғалардың жалпы аумағы 2250 шаршы метр гаражына қызмет көрсету; саны 196 бірліктен кем емес есептеу және перифериялық, активті жүйелік және телекоммуникациялық жабдық сатып алу, соның ішінде: 175 бірлік жұмыс станцияларын, алып жүретін компьютер (№otеbook), принтер, сканер, коммутатор; 1 бірлік СS Access Control Sеrver, 20 бірлік ІР Рhone Global Sреrе, саны 12 атау лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін сапалы және уақытында қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша мұқтажын 7%, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту 13% және ағылшын тілін оқыту 11% арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: әр литерлік рейстің жоспарлы ұшу сағаты мен орташа тарифі 1 766 935 теңге/сағ., мемлекеттік резиденциялар. Үкіметтік ғимараттар мен маңайында орналасқан аумақтың 1 шаршы метріне қызмет көрсету шығыны 16 631,5 теңге; өкілеттік шығындар нормасына сәйкес ресми іс-шаралар өткізу; 1 бас жоғары бағалы спорт атын ұстау шығыны - 683 900 теңге, күзетілетін тұлғаның автокөлігін гаражда ұстау шығыны 1 472 038,46 теңге, мемлекеттік награданың 1 бірлігін әзірлеу - 17 829 теңге және олардың құжаттарын әзірлеу - 117 теңге, 1923 бірлік ақпараттық жүйеге, есептеу жабдықтарына қызмет көрсету.
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 35,3 мың теңге.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретудің орташа шығыны 14,6 мың теңге.
Мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін үйретудің орташа шығыны 27.5 мың теңге.
Уақыттылығы: бекітілген іс-шаралар жоспарына және келісім-шарттарға сәйкес іс-шараларды орындау.
Сапасы: мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғалардың мұқтажын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби деңгейлерін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
409-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жабдықтар сатып алу және Ессентуки қаласындағы
"Қазақстан" санаторийін ағымдағы жөндеу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 52500 мың теңге (елу екі миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы "Қазақстан" санаторийін материалдық-техникалық жабдықтануды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санаторийді қазіргі заманғы медициналық және медициналық емес жабдықпен жабдықтау, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізу, салық төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жабдық- тар сатып алу және Ессен- тукки қала- сындағы "Қазақ- стан" санато- рийін ағымдағы жөндеу | Медициналық және медициналық емес жабдық сатып алу, үй-жайларды ағымдағы жөндеу, жерге және мүлікке салынатын салықты төлеу | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы Медици- налық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: санаторийді жабдықпен жабдықтау деңгейі 90%, салық төлеу бойынша Ресей Федерациясының бюджеті алдындағы міндеттемелерді орындау. Жалпы алаңы 1024 шаршы метр, соның ішінде 138,4 шаршы метр тұрғын жайды жөндеу, 35 - бірліктен кем емес медициналық және медициналық емес жабдық сатып алу.
Соңғы нәтиже: санаторийдің материалды-техникалық жағдайын жақсарту; объектінің жалпы алаңын ағымдағы жөндеудің 3% құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: медициналық жабдықтың орташа бірлігінің құны 518,7 мың теңге; медициналық емес жабдықтың құны 426,0 мың теңге; 1 шаршы метрді жөндеудің орташа құны - 10,44 мың теңге.
Уақтылығы: жабдықтар жеткізу кестесіне және ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.
Сапасы: "Қазақстан" санаторийінде қызмет көрсетілетін құрамға жоғары сапалы қызмет көрсету. Қазақстан Республикасының санаторлық-курорттық қызмет көрсету саласындағы абыройын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
410-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Республикалық деңгейде халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37779 мың теңге (отыз жеті миллион жеті жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы; "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; "Күзетілетін тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № УД-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 813 бірлескен бұйрығы; Күзетілетін тұлғалардың еліміздің аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 01-58/65 ҚБП бұйрығымен бекіткен тәртібі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасының объектілерінің, ресми делегациялардың және күзетілетін тұлғалардың медициналық қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Күзетілетін тұлғалар мен ресми делегациялар мүшелерінің сапарларының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Респуб- ликалық деңгейде халықтың санитар- лық-эпи- демиоло- гиялық салауат- тылығы | Санитарлық-эпидемио- логиялық сараптама орталығының штат саны 28 бірлік болып бекітілген лимитi шегінде сыртқы орта объектілерін санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманы санитарлық-химиялық, токсикологиялық, инструменталдық, бактериологиялық, паразиттік, вирустық зерттеу жүргізу. Лабораториялық жабдық сатып алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы Медици- налық орталы- ғының Сани- тарлық- эпиде- миологиялық са- раптама орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бақылауға алынған объектілерден жеткізілген саны 30090 сынама мен үлгілерге жүргізілетін зерттеулер; лабораториялық-инструменталдық зерттеулер саны - 62 151; ауруларды уақытына анықтау және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар саны - 97. Саны 14 бірлік лабораториялық жабдық сатып алу, оның ішінде: саны 1 бірлік бета, гамма сәулелену нуклидтерінің белсенділігін өлшеуге арналған кешен; 1 бірлік температуралық бағдарламасы бар термостат, 1 бірлік автоклав; 2 бірлік - рН-метр; 1 бірлік көрінетін диапазондағы ультра күлгін спектрофотометр, 2 бірлік люминоскоп, 4 бірлік лабораториялық жабдық.
Соңғы нәтиже: Инфекциялық және кәсіби аурулардың пайда болуын болдырмау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптастыру. Лабораториялық жабдықпен жарақтану деңгейі жалпы мұқтаждың 50% құрайды; стандарттық үлгілер мен типтік ерітінділер жалпы мұқтаждың 90% құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: күрделі зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану және нәтиже алудың уақытын қысқарту; 1 санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараға жұмсалатын шығынның құны 125354 теңге.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің уақытында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Сапасы: Инфекциялық аурулар диагностикасының уақыттылығын және сапасын арттыру, күзетілетін тұлғалардың және ресми делегациялар мүшелерінің медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сапалы бағалау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
411-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1780472 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен миллион төрт жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 15, 16, 25 және 42-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бірінші кезектегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркеу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 2005 жылғы 16 сәуірдегі № УД-05/45 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының тіркелген және қызмет көрсетілетін азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тіркелген құрамға білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілердің шетелде емделуі, қалпына келтіру және медициналық жұмысқа жарамды ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Азамат- тардың жеке- леген санат- тарына медици- налық көмек көрсету | Тіркелген құрамға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық ұйымдарындағы стацио- нарларда, амбулатория- лық-поликлиникалық бөлімдерде және жедел жәрдем бөлімшелерінде білікті және мамандан- дырылған медициналық (терапевтік, кардиологиялық, нефрологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық, хирургиялық, урологиялық, гинекологиялық) көмек көрсету, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Аурухана- сында (Астана қаласы), Орталық клиникалық ауруханада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық медициналық орталығында, Мемлекет- тік қызметшілерге кешенді медициналық бақылау жүргізу. Шетелдік клиникаларға жіберілген ауруларды емдеу және көлік шығындарын өтеу үшін, сондай-ақ бірге еріп баратын тұлғалар үшін төлем төлеу. Медициналық қызметшілерді санаторлық-курорттық ұйымдарда қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету. Медициналық жабдықтар (лабораториялық, диагностикалық емдеу), автокөлік сатып алу. Германияда, Швейцарияда, Францияда, АҚШ-та шығарылған тіс техникасының зертханасы бар стамотология кабинетін, имплантология үшін құралдар мен материалдар, шығыс материалдарын сатып алу. Алматы қаласындағы "Орталық клиникалық аурухана" РМҚК Астана қаласындағы Медициналық орталықтың ауруханасының ғимараттары мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы Медици- налық орталығы |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауруханалардың стационарларында тіркелген құрамның орташа есеппен 6 720 адамды емдеу, келіп қаралудың орташа саны 25047, жедел жәрдем шақырудың орта жылдық саны 6 500; 13 адамды шетелдік клиникаларда емдеу және көлік, соның ішінде бірге еріп баратын тұлғалардың шығындарын өтеу. 517 мемлекеттік қызметшінің денсаулығын қалпына келтіру және медициналық жұмысқа жарамды ету. Саны 29 бірліктен кем емес медициналық жабдық және автокөлік сатып алу. "Орталық клиникалық аурухана" РМҚК-ның 740 шаршы метр; Медициналық орталық ауруханасының 108 шаршы метр ғимараты мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген азаматтарының ауруын азайту. Қазіргі заманғы көп функционалды емдеу-диагностикалық жабдықпен жабдықтаудың қажетті деңгейінен - 40%. "Орталық клиникалық аурухана" РМҚК ғимараттары мен үй-жайларын ағымдағы жөндеудің жалпы қажеттілігінен 1,8%; Медициналық орталық ауруханасы объектісінің жалпы аумағының 2%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың бір орында жатуының орташа күні - 8 күн; бір орынның жұмысы 320 күн; медициналық жабдықтың бір бірлігінің құны - 26 598,6 мың теңге, медициналық емес жабдық - 1820,0 мың теңге; тіркелген құрамға медициналық көмекті жоғары мамандандырылған шетелдік клиникаларда алу - 0,2%; диспансерлік есепте тұратын аурулар және медициналық қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету - 32%, ауруханаға жатқызу деңгейі - 50% кем емес.
Уақтылығы: тіркелген құрамға уақытында медициналық көмек көрсету; бекітілген кестеге сәйкес жабдық жеткізу және жоспарға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Сапасы: медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру; мемлекеттік қызметшілерді медициналық бақылаумен қамту деңгейі - 95% кем емес; медициналық қызмет көрсету бойынша шағымдардың болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
412-қосымша
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 34368 мың теңге (отыз төрт миллион үш жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеу саласына қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, білім беру қызметін әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жүйесіне қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу бойынша мониторинг жүргізу және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Медици- налық ұйым- дарды техни- және ақпа- раттық қамта- масыз ету | Қазіргі заманғы медициналық техноло- гияларды енгізу бойынша мониторингті жүзеге асыру; Медициналық орталықтың медициналық мекемелерi медицина саласындағы жаңа және перспекти- валы инновациялық технологиялармен ақпараттық қамтамасыз ету; тоқсан сайын "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жаршысына журналын, "Новости медицины" атты дайджестісін, түрлі деңгейдегі ғылыми практикалық конференциялар материалдарының жинағын, жарнама- ақпараттық материалдар (буклеттер, проспекті- лер, журналдар, бейне және фото материал- дарын, стендтік материалдарды шығаруға қатысу, мына бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметі: "инновациялық медициналық техноло- гияларды енгізуді бағалау әдістемесін ғылыми негіздеу және әзірлеу", "Мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтау және нығайту саласын- дағы профилактикалық бағдарламаларды енгізу сапасын басқару және олардың тиімділігін бағалау". "Стационарлық және амбулаториялық- поликлиникалық көмек көрсету кезінде медицина қызметкер- лерінің денсаулығының жай-күйін және олардың денсаулығына келтірілетін кәсіби зияндық әсерін зерттеу, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші- лерінің денсаулығына әсер ететін мінез- құлық факторлары". Қазіргі заманғы медициналық техноло- гияларды енгізу орталығының саны 29 бірлік бекітілген штат санының лимитіне сәйкес мамандарды оқыту, соның ішінде медицина қызметшілері- нің жаңа және перспективалы технологияларды қолдану бойынша оқыту (семинарлар, консультациялар, конференциялар). Қазақстан Республикасы Президенті Медициналық орталығын материалдық- техникалық жабдықтау. Компьютерлік техника мен ұйымдастыру техникасын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Прези- денті- нің Іс басқар- масы Медици- налық орталы- ғының Қазіргі заманғы медици- налық техно- логия- ларды енгізу орталығы |