“Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды)
кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 269 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 06 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күші бар Жарлығының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы
№ 269 қаулысымен Бекітілген
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тіркеуді
жүргізу аумағының тізбесі мен мерзімі
№ | Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы | Кезең-кезеңмен тіркеуді жүргізу мерзімі |
1 | Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары | 2006 жылғы 1 қаңтар - 1 тамыз |
2 | Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары | 2006 жылғы 1 тамыз - 2007 жылғы 1 ақпан |
3 | Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстары | 2007 жылғы 1 ақпан - 1 шілде |
4 | Астана қаласы, Атырау, Маңғыстау облыстары | 2007 жылғы 1 шілде - 1 желтоқсан |