6. Кредиттi ресiмдеуге және беруге байланысты барлық қажеттi шығыстарды кредит алған қатысушы өтейдi.
21-бап. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн
операциялардың құпиясы
1. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер коммерциялық құпияға жатады және оған қатысушылардың ең төменгi мөлшерден асатын мiндеттi салымдары мен қосымша жарналары туралы, қарыз алушылар туралы, кредиттiк серiктестiктiң операциялары туралы мәлiметтер (операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүліктiң иелерi, олардың болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер жатады.
2. Кредиттiк серiктестiктер жүргiзiлетiн операциялар жөніндегі құпияға, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң құпиялылығына кепiлдiк бередi.
3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыру барысында кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн, осы баптың 4-7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдарда көзделген жауаптылықта болады.
4. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы тек мүлiктiң иесiне ғана, оның өзiнiң қатысуы кезiнде берген жазбаша келісімi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 5-7-тармақтарында аталған тұлғаларға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкiн.
5. Қарыз алушылар, клиенттер және кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы анықтамалар, сондай-ақ банк шоттары, кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң сипаты және құны туралы мәлiметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: бiрiншi басшы немесе тергеушi қол қойған, анықтау немесе алдын ала тергеу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде кредиттiк серiктестiктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлiктi тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға: кредиттiк серiктестiктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкіне тыйым салынуы, өндiрiп алынуы немесе мүлікті тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде оның қарауында жатқан материал бойынша;
4) кредиттiк серiктестiк қатысушысының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.
6. Иесi қайтыс болған жағдайда банк шоттары, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер:
1) шот (мүлiк) иесiнiң өсиет хатында аталған адамдарға;
2) соттарға және нотариат кеңселерiне: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтер оның сауал салуы бойынша уәкiлеттi органға да берiлуi мүмкiн.
22-бап. Кредиттiк серiктестiктiң кредиттiк комитетi
1. Кредиттiк комитеттiң мүшелерiн қатысушылар және (немесе) кредиттiк серiктестiктiң қызметкерлерi болып табылатын өзге де тұлғалар арасынан кредиттiк серiктестiктiң басқармасы тағайындайды.
2. Кредиттiк комитет кредиттiк серiктестiк қатысушысының кредит алуға берген әрбiр өтiнiшi бойынша қорытынды әзiрлейдi және өзiнiң мәжілістерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзедi.
7-тарау. Кредиттiк серiктестiктертiң қызметін реттеу
23-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кредиттiк серiктестiктерге банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi;
2) кредиттiк серiктестiктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) мерзiмдi баспа басылымдарында банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар кредиттiк серiктестiктер туралы мәлiметтердi жариялайды;
4) пруденциялық нормативтер мен кредиттiк серiктестiктер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;
5) кредиттiк серiктестiктер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
6) қаржылық, реттеуiштiк және бухгалтерлiк есептiлiктiң нысандарын, тәртібін, мерзiмдiлiгiн және берiлу мерзiмдерiн белгiлейдi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
24-бап. Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн инспекциялау
1. Уәкiлеттi орган кредиттiк серiктестiктiң қызметiн инспекциялауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дербес не басқа ұйымдарды тарту арқылы жүргiзуге құқылы.
2. Инспекциялауды жүзеге асыратын адамдар кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн тексеру барысында алған және коммерциялық құпиясы бар мәлiметтердi жариялағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
25-бап. Кредиттiк серiктестiктерге қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдануға негiздемелер
1. Кредиттiк серiктестiк пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерін бұзған жағдайда оған осы бапта белгiленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн. Ықпал ету шаралары шектеулi ықпал ету шаралары мен санкцияларды бiлдiредi.
2. Уәкiлеттi орган кредиттiк серiктестiкке шектеулi ықпал ету шаралары ретiнде мына шектеулi шараларды қолдануға:
1) мiндеттеме-хатты талап етуге;
2) орындалуы үшiн мiндеттi жазбаша нұсқама бepугe құқылы.
Кредиттiк серiктестiктiң мiндеттеме-хатында жiберiлген кемшiлiктердi тану фактiсi және кредиттiк серiктестiк басқармасы төрағасының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып жою жөніндегі кепiлдiгi болуға тиiс.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасы - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған түзету шараларын қабылдау туралы кредиттiк серiктестiкке нұсқау. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтатпайды.
Кредиттiк серiктестiк мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаманың құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалуы туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
3. Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
4. Уәкiлеттi орган кредиттiк серiктестiкке санкция ретiнде мынадай шаралар қолдануға құқылы:
1) лицензияны Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздемелер бойынша тоқтата тұру не керi қайтарып алу;
2) кредиттiк серiктестiк басқармасының төрағасын кредиттiк серiктестiктiң тиiстi органы бұл мәселенi қарауға дейiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан уақытша (бiр айдан аспайтын мерзiмге) мынадай негiздер:
осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруға байланысты мiндеттердi тиiсiнше орындамау;
уәкiлеттi органның мiндеттеме-хатын және жазбаша ұйғарымын орындамау;
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын бұзу негiздерi бойынша шеттету.
5. Уәкiлеттi орган банктiк және өзге де операциялардың бұзылу сипатына қарай барлық түрiн не олардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға берiлген лицензияларды тоқтатады не керi қайтарып алады.
Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы ақпаратты мерзiмдiк баспа басылымдарында жариялайды.
6. Осы бапта көзделген ықпал ету шараларын кредиттiк серiктестiкке қолдану туралы уәкiлеттi органның шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
26-бап. Кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
1. Кредиттiк серiктестiк қатысушыларының шешiмi бойынша, сондай-ақ оған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк органының шешiмi бойынша серiктестiк кез келген негiздеме бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Соттың шешiмi бойынша кредиттiк серiктестiк:
1) банкрот болған;
2) банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға берiлген лицензиялар керi қайтарып алынған;
3) қатысушылардың саны үштен кем болған және (немесе) жарғылық капитал ең төменгi деңгейден азайған жағдайларда;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Уәкiлеттi орган осы тармақта аталған негiздер бойынша кредиттiк серiктестiктi тарату туралы талапты сотқа табыс етуi мүмкiн.
3. Кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27-бап. Кредиттiк серiктестiктердегi есепке алу және есептiлiк
1. Кредиттiк cepiктecтiктep өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. Кредиттiк серiктестiктiң есепке алу саясатын оның жалпы жиналысы айқындайды.
2. Кредиттiк серiктестiктер уәкiлеттi органға оның сауал салуы бойынша өзiнiң меншiк қаражаты, жүргiзiлген операциялар туралы, оның iшiнде берiлген және алынған кредиттердiң мөлшерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, кез келген ақпаратты табыс етуге мiндеттi.
3. Кредиттiк серiктестiк бухгалтерлiк есепке алу мен есептiлiктi жасаған кезде пайдаланылатын құжаттарды қатаң есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Кредиттiк серiктестiктер жүргiзiлген жыл сайынғы аудит туралы қорытындыны уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
5. Кредиттiк серiктестiк салық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiппен табыс етедi.
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
28-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк серiктестiктер туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
29-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған кредиттiк серiктестiктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған селолық кредиттiк серiктестiктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап төрт жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының