заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің мыңнан eкi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнының астық операциясы есебiнiң белгiленген тәртібін бұзуы, сол сияқты астықты иелерiнен сақтауға қабылдаған немесе иелерiне берген кездегi астық сапасының көрсеткiштерiн бұрмалауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Астық қабылдау кәсiпорындарының заңдарда белгiленген құжаттарды жасамауы, сол сияқты дер кезiнде жасамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Экспорт және импорт кезiнде астықты iшкi рынокта тиiстi сапа сертификаттарынсыз өткізу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымы адамдарға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мемлекеттік ресурстар астығын сақтаушы астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың кез келген мөлшерiн тиеп жөнелтуi, сол сияқты оны көлiк ұйымдарының уәкiлеттi органмен алдын ала келiспей әкетуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Уақытша басқару жөніндегі комиссия немесе уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды жүргiзу кезеңiнде заңдарды астық қабылдау кәсiпорнына материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 309-2-баппен толықтырылды
309-2-бап. Тұқым шаруашылығы саласындағы кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылық
1. Егiске арналған тұқымды өндiру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұқымдардың сорттық және егiстiк сапаларын айқындау жөнiнде қызмет көрсетушi аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым сапасына сараптама жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұзуы, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аттестатталған жеке және заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы саласындағы қызметке қойылатын заңдарда белгiленген біліктілік талаптарын бұзуы, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
субъектiлердiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнен айыруға әкеп соғады.
310-бап. Мал дәрiгерлiк туралы заңдарды бұзу
Мал дәрiгерлiк туралы заңдарды:
1) мiндеттi мал дәрiгерлiк - санитариялық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзу;
2) карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтамау;
3) ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша мал дәрiгерлiк-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзбеу;
4) ауру жұқтыратын малды тарату;
5) малды өсiру кезiнде мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi сақтамау;
6) республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындамау;
7) малды тасымалдау (айдап апару) кезiнде мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзу;
8) рыноктарда (сауда ұйымдарында), мал дәрiгерлiк бақылаудың қадағалауындағы жүктердi дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарда, қоймалық үй-жайларда, карантин базаларында, тиеу-түсiру алаңдарында және көлiк құралдарында мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелер мен нормативтердiң талаптарын сақтамау;
9) мал дәрiгерлiк саласында iндеттiң немесе өзге де ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөніндегі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
311-бап. Иттердi және мысықтарды күтiп-ұстау ережелерiн бұзу
1. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттердi күтiп-ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қалаларда және басқа да елдi мекендерде мысықтарды күтiп ұстаудың жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Азаматтардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың
денсаулығына қол сұғатын әкімшілік
құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 312-бап толықтырылды
312-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу немесе орындамау
1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен, құрылыс нормаларымен және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу кезіндегі ережелермен, мемлекеттік стандарттармен көзделген өртке қарсы талаптарды, сондай-ақ өрт техникасын, өртке қарсы құрал-саймандарды, жабдықтарды, өрттi табу мен өшiрудiң автоматтық құралдарын, өртке қарсы автоматиканы пайдалану мен күтiп-ұстау ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның оны бұзуы, егер ол адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соқтырса, қылмыс құрамы болмаған кезде, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы бапқа қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi елу айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома елеулi мөлшердегi залал деп танылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 313-бап толықтырылды
313-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi
шығару және өткізу
Жарылыс және өрт қауiпсiздiгi жөніндегі мемлекеттік стандарттар талаптарына жауап бермейтiн өнiмдердi шығару және өткізу не мемлекеттік өрт қадағалау органдарының ұйымның, өндiрiстiк учаскенiң, агрегаттың жұмысын тоқтата тұру немесе тыйым салу жөніндегі қаулысын орындамау, егер олар денсаулыққа зиян немесе iрi материалдық залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты қолданыста әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кездегi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi мөлшер болып табылады.
314-бап. Су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiн бұзу немесе орындамау
1. Су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiн бұзу немесе орындамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су қоймаларында қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына жауапты лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оны бұзуы немесе орындамауы, егер бұл адам денсаулығына зиян немесе елеулi залал келтiрсе, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
315-бап. Атом энергиясын пайдалану кезiнде радиациялық қауiпсiздiк
талаптарын бұзу
Құзыреттi мемлекеттік органдар белгiлеген деңгейден жоғары мөлшерде атмосфераға, сулы ортаға және жер қойнауына радиоактивтi заттарды негiзсiз немесе әдейi шығарса; сәулеленуге ұшыраған немесе радиоактивтiк заттары бар өнiмдер мен материалдарды халықтың пайдалануы мен тұтынуы мақсатында осыған құзыреттi мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз шаруашылық айналымына тарту; тиiстi дайындықтан өтпеген не олардың біліктілігiн көрсететiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған немесе медициналық жағынан рұқсат етiлмейтiн адамдарды атом энергиясын пайдалану объектiсіндегі жұмысқа жiберу; радиоактивтiк заттар мен иондалған сәулелендiру көздерiн есепке алуды және бақылау жасауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне лицензиядан айыруға әкеп соғады.
316-бап. Ядролық қаруды таратпау режимiнiң талаптарын бұзу
Ядролық экспорт пен импорттың белгiленген тәртібін бұзу, ядролық материалдарды, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу; ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не атом энергиясын пайдалану саласында қызметтiң белгiлi бiр түрiне лицензиядан айыруға әкеп соғады.
317-бап. Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi туралы
заңдарды бұзу
1. Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi туралы заңдарды:
1) стандарттар, техникалық шарттар мен үлгiлер (эталондар) талаптарына сәйкес келмейтiн тауарларды шығару (соның iшiнде жөндеуден) немесе жеткізу (өткізу);
2) стандарттар, техникалық шарттар талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi бөлшек сауда ұйымдарында, рыноктарда сатуға шығару;
3) тиiстi нормативтiк құжаттарсыз өнiм шығару (соның iшiнде жөндеуден), жеткізу (өткізу) немесе пайдалану (жарату), жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау;
4) өнiмнiң сапасы немесе технологиялық процестерге арналған стандарттар талаптары бойынша стандарттар талаптарына және техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын тапсырыс берушiге не өндiрiске беру;
5) өнiмдi тасымалдау, сақтау және пайдалану (жарату) кезiнде, сондай-ақ тауарларды буып-түю және буып-түйiлген тауарларды кез-келген орама түрiнде өткізу кезiнде стандарттар мен техникалық шарттарды сақтамау, егер бұл өнiмнiң сапасының төмендеуiне, бұзылуына немесе нормативтен артық кемуiне әкелiп соқса;
6) мiндеттi түрде сертификаттауға жататын, сәйкестiк сертификаты жоқ, сондай-ақ оны қолдан жасаған, қолдану мерзiмi өткен немесе тоқтатылған жағдайда өнiмдi өткізу;
7) сәйкестiк сертификатын негiзсiз беру немесе қолданылу күшiн растау;
8) тiркеуден өтпеген өнiмдi сертификаттау сынағынан өткізу;
9) мемлекеттік сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, сондай-ақ тексерiлмеген немесе жөнделмеген өлшеу құралдарын және стандарттық үлгiлердi айналымға шығару;
10) тиiстi рұқсатсыз өлшеу құралдарын дайындау, тексеру, жөндеу, сату мен жалға беру, сондай-ақ стандарттық үлгiлердi шығару мен метрологиялық аттестаттау;
11) мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшеудi орындау әдiстемелерiн қолдану;
12) өлшеу құралдарын пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу;
13) стандарттар мен техникалық ережелер талаптарын, сертификаттау ережелерi мен метрология ережелерiн сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың нұсқауларын орындамау түрiнде жасалған бұзушылық, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
318-бап. Жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен саябақтарда, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темір жолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, поселкелер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттік орман және су қорлары, мемлекеттік қор және ұйғарымнан кейiн ұйымдарға бекiтіліп берiлген жерлерiнде жабайы өскен сораны жоюға шара қолданбау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
319-бап. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктер өсетiн егiстiктi күзетудi
қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Құрамында есiрткi заттары бар сора, көкнәр немесе басқа өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмдерiн сақтау мен қайта өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар бастырудан қалған егiстiктердi және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 319-1-баппен толықтырылды
319-1-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды өткізу мен тұтынудың жолын кесуге
шаралар қолданбау
1. Көңiл көтеру ұйымдары лауазымды адамының және (немесе) меншiк иесiнiң есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мен медициналық тұрғыдан тыс тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы, -
қызметi тоқтатыла тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға және (немесе) меншiк иелерiне жеке кәсiпкерлiк қызметiне тыйым салынып не онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - заңды тұлғаның қызметiне тыйым салынып не онысыз, бiр мыңнан екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 320-бап өзгертілді
320-бап. Өткізу мақсатынсыз есiрткi құралдарымен, психотроптық
заттармен және прекурсорлармен заңсыз айналысу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз түрде дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау немесе салып жiберу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 16 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттер, -
ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Өткізудi мақсат етпей өзi дайындаған, қайта өңдеген, иемденiп алған, сақтаған, тасымалдаған немесе салып жiберген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе прекурсорларды өз еркiмен тапсырған адам жауаптылықтан босатылады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 321- бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімім қара) (бұр. ред. қара)
321-бап. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды
насихаттау және заңсыз жарнамалау
1. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, яғни есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған жеке немесе заңды тұлғалардың қызметi, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн шығару және тарату, аталған мәлiметтердi компьютерлiк желiлерде тарату немесе осы мақсаттарда өзге де iс-әрекеттер жасау, -
бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып және бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткіштің үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының бақылауына жататын Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды медициналық және фармацевтiк қызметкерлерге арналған мамандандырылмаған баспасөз басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттары бар дәрi-дәрмек препараттарының үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
322-бап. Заңсыз емдеумен айналысу
1. Қызметтiң осы түрiне лицензиясы, сертификаты жоқ адамның жекеше медициналық практикамен немесе жеке фармацевтiк қызметпен айналысуы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Емшiнiң тиiстi дипломынсыз немесе заңмен белгiленген тәртiппен берiлген арнайы рұқсатсыз халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысу, бұқаралық емдеу сеанстарын, соның iшiнде - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 323-бап өзгертілді
323-бап. Санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы
ережелердi және нормаларды, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу
Абайсызда жаппай ауруға немесе адамдардың улануына, немесе адам өлiмiне әкелiп соқтырмаған санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы ережелердi және нормаларды, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 324-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
324-бап. Фармацевтік қызмет, косметикалық заттардың, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларының өндірісі мен айналымы ережелерін бұзу
1. Дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды тіркеу және қайта тіркеу, өндіру, сынау, (зерттеу) сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, өткізу, қолдану, жою, жарнамалау ережелерін бұзу, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тіркелмеген, жалған, қолдану рұқсат етілмеген дәрілік заттарды және оларға теңестірілген заттарды, емдеу-профилактикалық тағамдар өнімдері мен тамақ қоспаларын, сондай-ақ косметикалық заттарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтірмесе, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, не онысыз, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтірген іс-әрекеттер, егер оларда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
құқық бұзушылықтың тікелей объектілерін және әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістерді тәркілей отырып, азаматтарға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бір жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ оның қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.
325-бап. Медициналық қызмет көрсетудегi жалған жарнама
Қызметтiң мұндай түрiне рұқсаты жоқ жарнама берушiнiң медициналық сипатта қызмет көрсетудi ұсынатын жарнамалар таратуы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жарнама берушi азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
326-бап. Қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен,
ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен
қатынаста болып жүрген, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз
есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланушы
адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы
1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша түрде жасаған ескертуiнен кейiн де қорғаныш тапшылығы вирусы инфекциясын жұқтырғандармен, ЖҚТБ-мен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болуды жалғастырып жүрген адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексеруден және емделуден жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
327-бап. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын
адамдардың емделуден жалтаруы
1. Айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болып жүрген және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрi-дәрмек құралдарын қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың, айналасындағыларға қауiп төндiретiн, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы, -