ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 285-бап жаңа редакцияда
285-бап. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер
дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын,
екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың
белгiленген тәртібін бұзу
1. Кесiлетiн орман қорын пайдаланудың, сүректер дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, екiншi дәрежелi орман материалдарын алудың белгiленген тәртібін бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 286-бап өзгертілді
286-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың уақытша алынып отырған учаскелерiн
қайтару мерзiмдерiн бұзу
1. Орман қорының уақытша иеленiп отырған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатты түрде пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiру жөніндегі мiндеттердi орындамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 287-бап толықтырылды
287-бап. Шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, сондай-ақ орман
қоры жерлерiнде өз бетiмен шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк
өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты жинау
1. Орман қоры жерлерiнде шабындықтар мен жайылымдық жерлердi бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Орманда және орман қоры жерлерiнде өз бетiмен шөп шабу және мал жаю, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктердi және техникалық шикiзатты бұған тыйым салынған немесе орман билетi бойынша ғана жiберiлетiн учаскелерде өз бетiмен жинау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
288-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен
орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы
жерлерiне ағаш егудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу
Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлерiне ағаш егудiң тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 289-бап өзгертілді
289-бап. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту, сондай-ақ орманды
қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және
орман қоры жерлерiне өзге де залал келтiру
1. Орман үшiн пайдалы фаунаны құрту,
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Оның қурап кетуiне немесе ауруға шалдығуына не орманның ластануына әкеп соқтыратын ағынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық төгiндiлермен, қалдықтармен және тастандылармен орманды зақымдау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орман қоры жерлеріндегі орман құрғату жыраларын, дренаж жүйесi мен жолдарды құрту немесе бүлдiру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарғa - елуге дейiнгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 290-бап өзгертілді
290-бап. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген
мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге
асыру
1. Орманды пайдалануды рұқсат құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 291-бап өзгертілді
291-бап. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал
етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану
1. Орманның жай-күйiне және оны ұдайы молайтуға зиянды ықпал етуге әкеп соғатын объектiлердi салу және пайдалану, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, ал заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
292-бап. Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың
белгiленген тәртібін бұзу
Ағаш кесетiн жерлердi бөлiп беру мен бағасын шығарудың белгiленген тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 293-бап өзгертілді
293-бап. Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру
Сүректi есептiк ағаш кесуден артық мөлшерде дайындауға жол беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 294-бап өзгертілді
294-бап. Өсiмдiк қорғау құралдары мен басқа да препараттарды
тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу
1. Өсiмдiк қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерінде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 295-бап өзгертілді
295-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын
қорғау ережелерiн, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау,
есепке алу және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты
жануарларды өз бетiмен қоныс аударту, жерсiндiру, керi
жерсiндiру мен шағылыстыру
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды өз бетiмен қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
296-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi
орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге
асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау
құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да
препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi
қорғау ережелерiн бұзу
Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 297-бап жаңа редакцияда
297-бап. Селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн
зақымдау немесе жою
Селекциялық-тұқым шаруашылығы объектiлерiн: географиялық дақылдарды, артықшылығы бар екпелердi, артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың сынақ дақылдарын, клондар мұрағатын, тұқымдық орман алқаптарын, тұқымдық орманның тұрақты учаскелерiн зақымдау немесе жою, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 298-бап жаңа редакцияда;
298-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесiн пайдалану
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, және осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген аң аулау ережелерiн бұзу -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа,- авто,- мотокөлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ бiр жыл iшiнде аң аулау ережелерiн екi рет және одан да көп бұзу, -
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және аталған құқық бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жетпiс беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тiкелей құқық бұзушылық объектiсi болған заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге аң аулау құқығынан айыруға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 298-1-баппен толықтырылды
298-1-бап. Балық аулау және балық қорларын қорғау
ережелерiн бұзу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу, -
азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн (тыйым салынған мерзiмдерде тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балықты өнеркәсiптiк жолымен аулау және балық аулау), сондай-ақ су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн өрескел бұзу, -
құқық бұзушылық жасау құралы немесе тікелей құқық бұзушылық объектiсi болған заттары тәркiленiп немесе онысыз, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай, балық шаруашылығы су қоймаларынан су алу, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
299-бап. Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын
бекіту, пайдалану мен қорғау тәртібін бұзу
Аң аулау алаптары мен балық шаруашылығы су қоймаларын бекіту, пайдалану мен қорғау тәртібін бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
300-бап. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу
Жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
301-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты
теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекітілген тәртібін
бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекітілген тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
302-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат
етiлген қызметтi реттейтiн қолданыстағы стандарттарды
(нормаларды, ережелердi) немесе лицензия шарттарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi реттейтiн қолданыстағы стандарттарды (нормаларды, ережелердi) не лицензия шарттарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруi не қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуы мүмкiн су асты кабельдерiн немесе құбыр жолдарын Қазақстан Республикасының аумағына шығару ережелерiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдарды тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
303-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз
ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатымен немесе халықаралық шарттарымен көзделген теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерiн бұзу, не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiз ғылыми зерттеулерiнiң бағдарламаларын өз бетiмен өзгерту, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеулер нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
304-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар
мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ
уақытша тоқтата тұру және бөлшектеу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де қалқымалы құралдарды, ұшатын аппараттарды, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерiн, сондай-ақ пайдалы қазбалар орындарының бүлiнуiне, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге, жанды ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруге немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi туғызуға әкеп соғуы мүмкiн уақытша тоқтата тұру мен бөлшектеу ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
305-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау
органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ бұл лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, соның iшiнде кеменi тексеруiне кедергi жасау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайта жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
306-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы
минералдық және жанды ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы минералдық және жанды ресурстарды шет мемлекеттердiң жеке немесе заңды тұлғаларына не шет мемлекеттерге заңсыз беру, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
құқық бұзушылық жасалған кемесi мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онысыз, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 20-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
20-тарау. Карантиндiк ережелер, астық рыногы және астық сақтау,
тұқым шаруашылығы және ветеринариялық қадағалау саласындағы
әкiмшiлiк құқық бұзушылық
307-бап. Карантиндiк зиянкестермен, өсiмдiк ауруларымен және
арамшөптермен күрес жөніндегі ережелердi бұзу
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ережелердi бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
308-бап. Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден өтпеген
материалдарды әкелу мен әкету
Карантиндiк тексеруден және тиiстi өңдеуден өтпеген импортталатын және экспортталатын өсiмдiк материалдарын өсiмдiк карантинi жөніндегі шекаралық пункттерге әкелу және олардан әкету, осы жүктердi рұқсат етiлетiн карантин құжаттарынсыз тасымалдау, оларды өсiмдiк карантинi жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызмет мамандарының қатысуынсыз басқа мекен-жайға жiберу мен орналастыру, -
карантиндегi өнiмдердi тәркiлей отырып не онысыз азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-бап. Өсiмдiк зиянкестерiмен, ауруларымен және арамшөптермен күрес
жөніндегі ережелердi бұзу
Өсiмдiк зиянкестерiмен, ауруларымен және арамшөптермен күрес жөніндегі ережелердi ауыр зардаптарға соқтырмай бұзу немесе орындамау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 309-1-баппен толықтырылды
309-1-бап. Астықты сақтау және өткізу жөніндегі қызметтi
жүйеге асыру кезіндегі құқық бұзушылық
1. Заңдарда тыйым салынған не астық қабылдау кәсiпорнының құқық қабiлеттілігi шегiнен тысқары операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыру, -
белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Астық қабылдау кәсiпорнының өзi берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындамауы, сондай-ақ астықты сан-сапа жағынан есепке алу мен астықты сақтау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -