2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс.
3. Заңды тұлғалар акцияларға орналастырылған активтердi және басқа тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн шегере отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес есептелген өз капиталы шегiнде банк акцияларын олар орналастырылған кезде сатып алады.
Банктің құрылтайшылары мен қатысушылары - жеке тұлғалар жарғылық капиталға ақша қосуға, салық заңдарының табыстары мен мүлік туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарын ескере отырып, банк акцияларын төлеуге құқылы.
4. ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Жаңадан құрылған банкінің жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлігі банкіні тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бір күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.
Екiншi деңгейдегі банктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерi туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 2 маусымдағы № 190 қаулысын қара
6. алынып тасталды
7. Банктiң өз меншiгіндегі капиталы (бұдан әрi - Банк капиталы) оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiлген банк активтерiнiң құны, онда активтердiң құны банк активтерiнiң бастапқы құнынан берiлген қарыздар мен басқа да активтер бойынша қажеттi резервтер (провизиялар)сомасын шегеру жолымен есептеледi. Банк капиталын, активтерiнiң құнын, берiлген қарыздар мен басқа да активтер бойынша резервтердiң (провизиялардың) мөлшерiн есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан асып кеткен жағдайда банк капиталы терiс болады.
8. Банк капиталының терiс мөлшерi келесi үш күнтiзбелiк ай бойы анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы.
Банк акцияларын уәкiлеттi органның мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған акцияларын олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бірақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5 және 6-тармақтарында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
2. Мемлекет тек Үкiмет атынан ғана банкiлердiң құрылтайшысы және акционерi бола алады, ал Қазақстанның Даму Банкінің акционерлері болып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары да қатыса алады. Жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындар мен ұйымдар банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi бола алмайды.
3. алынып тасталды
4. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және республика банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша капиталының терiс мөлшерi болған ретте банк акцияларын келесi үш күнтiзбелiк ай бойы банктiң қаржы жағдайының қажетiнше жақсартылуына кепiлдiк беретiн жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейiннен мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оған билiк ете алмайды.
Аталған шектеу уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
6. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, банктердi қоса алғанда, егер оларда тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң ең аз талап етiлетiн рейтингi болса Қазақстан Республикасының резидент банктерi дауыс беретiн акцияларының он және одан да кеп процентiне ие бола алады.
7. Тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 17-1 баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-1-бап өзгертілді
17-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары
1. Мынадай тұлғалар, егер:
ол банктің ірі қатысушысы болса;
банк осы тұлғаның ірі қатысушысы болса;
осы тұлғаның ірі қатысушысы банктің ірі қатысушысы болса, банктің аффилиирлендірілген тұлғалары болып танылады.
2. Бірде-бір тұлға уәкiлеттi органның келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, банктің ірі қатысушысы бола алмайды. Iрі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкiлеттi органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініммен қоса мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
жоғары органның өтініш берушіге осы банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешімінің көшірмесін;
банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, оған қоса;
растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, сатып алуға жұмсалатын ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасын;
өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтерді;
ол iрi қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн;
сонымен қатар жеке адамдар үшін:
Уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін:
құрылтай құжаттарын, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
Уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді;
өткен соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есебі, сондай-ақ ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешім қабылдар алдында өткен соңғы тоқсанның қаржылық есебін;
ірі қатысушы мәртебесін алу нәтижесінің қаржылық болжамын, оған қоса өтініш берушінің мәртебе алғаннан кейінгі ықтимал есеп айырысу балансы, егер бар болса, өтініш берушінің банк активтерін сату, банктің басқа заңды тұлғамен қосылуы немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (оған қоса бизнес-жоспарын және ұйымдық құрылымды) беруге тиіс.
3. Банктің ірі қатысушысы - банктің орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе:
банк акцияларының он немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беру;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал жасай алу мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-жеке немесе заңды тұлға.
4. Жиынтығында банк акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушылары болып табылатын тұлғалар деп танылады.
5. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Осы Заңның 20-бабы 2-тармағы б), в) тармақшаларының және 3-тармағы а), в) тармақшаларының талаптарын сақтамау (жеке адамға немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);
өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
уәкiлеттi орган талап еткен құжаттарды бермеу;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуы нәтижесінде монополияға қарсы заңдардың талаптарының бұзылуы;
банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі мәміледе тараптардың бірі оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирлендірілген тұлғасы) немесе уәкiлеттi орган тізбесін белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болатын реттер;
өтініш беруші өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын шетелдік банк болып табылатын реттер;
өтініш берушінің банктердің құрылтайшылары мен акционерлеріне қойылатын осы Заңда белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы.
6. Мыналардың бірі:
өтініш беруші заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
өтініш берушінің міндеттемелері өз активтерінен асып кетуі;
соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шегуі;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жағдайына айтарлықтай қауіп төндіруі;
өтініш берушінің банк алдындағы мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
банкке және (немесе) оның депозиторларына залал келтіру мүмкіндігін дәлелдейтін өзге де негіздердің болуы өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілері болып табылады.
7. Тұлға ірі қатысушы мәртебесіне келісім алмаған жағдайда уәкiлеттi орган бұл тұлғаға осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүр ету шараларын қолдануға құқылы.
8. Банк холдингі - банктің орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін тікелей немесе жанама иеленетін немесе:
банк акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес-заңды тұлға.
Банк холдингі мәртебесін иелену банктің ірі қатысушылары үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Жиынтығында банк акцияларының жиырма бес немесе одан да көп процентін иеленетін немесе сонша акциямен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1)өздерінің арасында жасалған шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде банктің шешіміне бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды адам немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі екіншісіне банк акцияларын сатып алу үшін заем берген;
5) олар жақын туыстар болып келетін тұлғалар бірлесіп банк холдингі болып табылатын тұлғалар деп танылады.
10. Банк тобы банктен және банк қатысушысы болып табылатын ұйымдардан тұрады
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң еншiлес банк құру ерекшелiктерi
1. Негiзгi рейтинг агенттiктерi бірiнiң белгiлi бір рейтингi бар Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлер еншiлес банкiге еншi берушi банк бола алады. Негiзгi рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен талап етiлетiн ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiш
1. Заңды тұлға немесе жеке тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнiнде уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.
2. Өтiнiш қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi және онда өтiнiш берушiнiң мекен-жайы көрсетiлуге тиiс.
3. Банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiшке мына құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) жаңадан құрылатын банкінің құрылтай құжаттары: құрылтай шарты, жарғы, жарғы қабылдау мен банк органдарын тағайындау (сайлау) хаттамасы;
б) құрылтайшылар туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер (олардың ағымдағы қызметi туралы деректердi қоса); құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екi есеп беру күніндегі қаржылық есептiлiгi; осы Заңның 16-бабының 5-тармағының талаптарына құрылтайшылардың қаржы жағдайының сәйкестiгi туралы аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебi;
в) егер бір немесе одан көп құрылтайшы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылмаған жағдайда: Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алуға рұқсат беретiнi туралы тиiстi мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының жазбаша хабарламасы не құрылтайшы мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы тиiстi мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау органының мәлiмдемесi;
г) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар банк болып қайта құрылған жағдайда:
құрылтай шарты, жарғы, соңғы есеп беру күніндегі қаржылық есептiлiк;
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы мекемесiнiң қаржы жағдайы туралы аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебi;
д) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес банктiң басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылатын адамдар туралы мәлiметтер;
е) жаңадан құрылатын банкінің егжей-тегжейлi ұйымдық құрылымы;
ж) жаңадан құрылатын банкінің iшкi аудит қызметi жөніндегі ереже;
з) жаңадан құрылатын банкінің несие комитетi жөніндегі ереже;
и) жаңадан құрылатын банкінің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын ашып көрсететiн бизнес-жоспары, қаржылық перспективасын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен залалдар есебi, маркетинг жоспары (банк клиенттерiнiң қалыптасуы), еңбек ресурстарын тарту жоспары;
к) ұсынылған бизнес-жоспарына сәйкес құрылтайшылар өткiзген әзiрлiк шаралары жөніндегі есеп;
л) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беруге өкiлеттiгiн растайтын нотариалдық не өзге заңды түрде куәландырылған құжат;
Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды банктiң уәкiлеттiк берiлген органдары бекітуi тиiс.
4. Аудиторлық ұйымның (аудитордың) есебi:
ол құрылтайшылар мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
уәкiлеттi органның немесе резидентi болып табылатын мемлекеттің құзыреттi органының лицензиясына сәйкес банк қызметінің аудитін жасауға өкiлеттi екендiгiн растайтын құжаттар тапсырған жағдайда жарамды деп танылады.
5. уәкiлеттi орган банк ашуға рұқсат беру жөнiнде шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
6. Өтiнiш берушi банк ашуға рұқсат беру жөніндегі өтiнiштi ол уәкiлеттi органда қаралып жатқан кез келген сәтте қайтарып алуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 20-бап өзгертiлдi
20-бап. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерiне қойылатын ең төменгi талаптар
1. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерi, Басқарманың төрағасы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) оларға бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізгенде негізге алынатын құжаттарға қол қою құқығы бар банктің өзге де басшылары, банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бірiншi басшысы мен бас бухгалтерi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi деп танылады. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан сенімхатсыз мәмілелер жасауға құқығы бар адамдар басшы қызметкерлер деп танылады.
2. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi, сондай-ақ басшы қызметке тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылатын кандидаттар осы бапта белгiленген талаптарға сай келуге тиiс. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi қызметке уәкiлеттi органның келісімiмен тағайындалады, сайланады. Олардың көрсетiлген талаптарға сай келуiн уәкiлеттi органның біліктiлiктi айқындау комиссиясы шешедi.
Уәкiлеттi орган банктiң басшы қызметкерiн тағайындауға (сайлауға) берiлген келісімдi мынадай негiздер бойынша:
а) келісім бергенде негiзге алынған мәлiметтердiң бұрыстығы анықталғанда;
б) банк қызметiне байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жыл iшiнде екi және одан да көп рет әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болғанда;
в) осы Заңның 47-бабы 2-тармағының е) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан босатылғанда;
г) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталғанда қайта қарауға хақылы.
3. Атқаратын қызметiне сай келмейтiн немесе банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға болмайды деп:
а) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
б) банк заңдары жөніндегі білімдi жеткiлiктi игермеген;
в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданғанға дейiн бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын банктiң немесе басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесiнiң төрағасы, бірiншi басшысы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Аталған талап белгiленген тәртiппен банктi немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады.
4. Директорлар кеңесi төрағасы және мүшелерінің, банк Басқармасының төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан құжаттарға қол қою немесе банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан олардың активтерiн иелiктен айыру құқығы бар банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшысы лауазымына тағайындау үшiн мiндеттi түрде жоғары білімi болуы тиiс. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтерiнiң, филиалдың бірiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң жоғары немесе кәсiби бағдарына сай арнаулы орта білімi болуы тиiс.
5. Банк Басқармасының төрағасы мен оның орынбасарлары, банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бірiншi басшысы мен бас бухгалтерi әдетте, банк жүйесiнде банк филиалы бірiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы бір жылдан:
Басқарманың төрағасы мен бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы - үш жылдан, төрағаның орынбасары мен бас бухгалтер орынбасарының жұмыс стажы екi жылдан кем болмауға тиiс. Басшы қызметкерлер уәкiлеттi органның келісімi алынғанға дейiн өз мiндеттерiн үш айдан асырып атқара алмайды.
Кандидатурасы банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына алыну үшiн келiсуге ұсынылған адамның қызмет мiндеттерiн нақты орындап жүргенiне қарамастан, уәкiлеттi орган оның тағайындалуына, сайлануына келісім беруден бас тартқан жағдайда, банк уәкiлеттi органның шешiмiн алған сәттен бастап аталған қызметкер атқарып жүрген қызметiнен 30 күннен аспайтын мерзiмде босатылуы тиiс. Осы баптың талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу кезеңiнде қызметке жаңадан қабылданатын адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады.
Келiсуге қайтадан ұсынуға келісім беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап кемiнде үш айдан кейiн жол берiледi.
6. Осы бапта көзделген талаптарды банкiлер өзiнiң бүкiл қызмет мерзiмiнде сақтауға мiндеттi.
7. Банктердiң басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiсудiң тәртібі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiнiң кандидатурасын келiсудiң тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 21-бап өзгертiлдi
21-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң қатысуымен банк құруға және оның қызметiне қойылатын қосымша талаптар
1. Банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды немесе жеке тұлға, осы Заңның 19-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшiне оның басқа банктердiң акцияларын және басқа қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерiн иеленуi туралы мәлiметтерiн, тиiстi мемлекеттің уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидентi - банктiң акцияларын сатып алуға рұқсат берiлгенi туралы жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттің уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) мемлекеттің заңдары бойынша аталған құрылтайшыдан мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдемесiн қоса тiркеуге мiндеттi.
1-1. Уәкiлеттi орган банк қатысушыларының (құрылтайшыларының, акционерлерінің) осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау мақсатында, банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мен қаржылық есептерін беруін талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтер сұратуға құқылы.
2. Iрі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін алу туралы өтінім жасаушы резидент емес-заңды тұлға 19-бапта және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа мына құжаттарды табыс етуге мiндеттi:
а) құрылтайшы-заңды тұлғаның тиiстi органының Қазақстан Республикасының резидент-банкiне өзiнiң қатысуы туралы шешiмi;
б) Осы Заңның 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның аудиторлық ұйым (аудитор) куәландырған соңғы үш қаржылық (операциялық) жылындағы тиiстi дәрежеде ресiмделген (жинақталған баланс пен пайда және шығын туралы есептi қоса) жылдық есебi;
в) банктің ірі қатысушыларын және банк холдингтерін айқындау үшін қажетті, Қазақстан Республикасының резиденті еместерінің қатысуымен банк құру және оның қызметі мәселесі жөніндегі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа да құжаттар.
3. Банк құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банкi 19-бапта және осы баптың 1-2-тармақтарында көрсетiлген құжаттардан басқа мынадай құжаттар беруге мiндеттi: