Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1307 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
1-тармақтың 9) тармақшасында «мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыдан» деген сөздер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |