296. Бағдарламалар әкiмшілерi:
1) үмiткерлердiң бюджеттік кредиттердi алудың негiзгi талаптарын қоса бере отырып тиісті талаптарды сақтауы туралы ақпараттарды алу мақсатында қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға;
2) үмiткерлердiң республикалық және/немесе жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен бұрын алған бюджеттік кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешектерiнің бары-жоғы туралы ақпаратты алу мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және/немесе жергілiктi атқарушы органдарға сұрау жолдайды.
297. Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілеттi орган сұрауға сәйкес бес күн iшiнде үмiткерлердiң конкурсқа қатысу үшiн талаптарды сақтауы туралы ақпаратты бағдарламалар әкімшілерiне жолдайды.
298. Үмiткерлердiң республикалық және/немесе жергіліктi бюджеттер қаражаты есебiнен бұрын алған бюджеттік кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешектерiнiң бары-жоғы туралы ақпаратты бағдарламалар әкiмшілерiнiң сұрауына сәйкес бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға және/немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жолдайды.
299. Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның және/немесе жергілікті атқарушы органдардың оң қорытындысы бар үміткерлер конкурсқа жіберіледі.
300. Конкурсқа қатысуға рұқсат етілген үмiткерлердiң арасынан қарыз алушылардың құжаттарын қарау және iрiктеу үшiн бағдарламалар әкiмшiлерi конкурстық комиссия құрады. Конкурстық комиссия Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның және бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өкiлдерiнен құралуы тиiс.
Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi кредит беру мақсатында үмiткерлердiң өтiнiмдерiн қарайды және мыналарға:
түпкiлiктi қарыз алушы бюджеттік кредит беруге байланысты шығыстардың ең аз деңгейiне;
қамтамасыз ету сапасына (көлемiне, нысанына, өтiмділігіне);
қарыз ақша портфелiнiң сапасына;
өзiндiк капиталдың көлемiне;
кредит беру саласындағы жұмыс тәжiрибесiне негiздей отырып оларды iрiктеудi жүзеге асырады.
301. Конкурс нәтижелерi бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi қарыз алушыны анықтайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергiлiктi атқарушы органға тиісті шешiмдердiң жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзедi.
302. Кредит беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың қабылданған шешімдерi негізiнде бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiмен және қарыз алушылармен бірлесе отырып кредиттiк шарт (келісім) жасасады.
303. Тараптардың бюджеттік кредит беру кезiнде туындаған барлық даулары мен пiкiр қайшылықтары кредиттік шартта (келісімде) жасасқан талаптары негізiнде және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
33-тарау. Қазақстан Республикасы ?кіметінiң мемлекеттік
бағалы қағаздар эмиссиясы бойынша табыстылықтың
орта мөлшерлi ставкасын анықтау тәртібі
304. Табыстылықтың орташа өлшемдiк ставкасын бағалы қағаздардың қайталама рыногында тиiстi тоқсанда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік орта мерзiмдi индекстелмеген бағалы қағаздармен жүргiзiлген операциялардың нәтижелерi бойынша анықталады.
305. Операциялардың нәтижелерi бойынша, тиісті мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша "Қазақ қор биржасы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бeci күнінен кешiктiрмей бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы операциялардың нәтижесiнде қалыптасқан табыстылықтың орташа өлшемдiк ставкасының мөлшерi туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпарат жолдайды.
34-тарау. Бюджеттік кредиттiң мақсатты пайдаланылуына
және ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуын қамтамасыз
етудiң бары-жоғына бақылауды жүзеге асыру тәртібі
306. Бюджеттік кредиттiң мақсатты пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуын қамтамасыз етудiң бары-жоғына бақылауды бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлер және/немесе сенім бiлдiрілген өкiл (агент) жүзеге асырады.
307. Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік кредиттiң мақсатты пайдаланылуына және жыл сайын бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнде ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуының қамтамасыз етілуiнiң бары-жоғына тексеру жүргiзедi.
308. Қарыз алушы кредит бойынша мiндеттемелердi орындамаған жағдайда бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган, сондай-ақ бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуына және ол бойынша мiндеттемелердiң атқарылуының қамтамасыз етілуiнiң бары-жоғына тексеру жүргiзедi.
35-тарау. Жергілiктi бюджеттен берешектердiң сомасын
немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған соманы алу тәртібі
309. Жергілікті бюджеттердiң шотынан есептен шығару кредиттiк шартқа байланысты тиiстi атқарушы органдардың келісімiнсiз, мынадай:
1) кредиттік шартпен белгiленген мерзiмде бюджеттік кредиттер өтелмеген;
2) iшкi бақылау жөніндегі уәкілеттi орган бюджеттік кредиттің мақсатқа сай пайдаланылмаған фактілерiн ашқан жағдайларда жергілікті бюджеттердiң шоттарынан республикалық бюджеттің кiрiс шотына ақша аударуды бiлдiредi.
310. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган бюджеттік кредиттiң мақсатқа сай пайдаланылмаған фактілерiн ашқан жағдайда жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан тиiстi соманы есептен шығаруды жүргiзедi.
311. Бюджет атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган тиісті аумақтық қазынашылық органына айыппұлды өндiріп ала отырып уақытылы өтелмеген және/немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған соманы жергiлiктi бюджеттердiң шоттарынан есептен шығару туралы жазбаша нұсқау жолдайды.
312. Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызды қалалар мен астананың бюджетіне берiлген өтелмеген борыш сомасын, ҚР БҚБ тиісті кодына жергіліктi бюджеттердiң шотынан есептен шығару аумақтық қазынашылық органдарына төлеу шотының негiзiнде жүзеге асырылады.
313. Жергілікті бюджеттердiң шоттарынан қаражатты есептен шығару бюджеттік алулардың бірiншi кезектілігi ескеріле отырып жүзеге асырылады.
314. Жергілiкті уәкілеттi орган төлем шотының көшiрмесi негiзiнде бюджеттік кредит бойынша өтелген борыш сомасын тиісті бюджет атқару туралы есеп пен есептемеде көрсетедi.
Ағымдағы қаржы жылының бюджетінде өтелмеген борыштың сомасы немесе оның жетімсiздігі болмаған жағдайда жергiлiктi уәкілетті орган бюджеттi нақтылау туралы ұсыныс енгiзедi.
9-бөлiм. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар
36-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 315-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
315. Осы тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
агент - шарт негiзiнде өз атынан және кредит берушiнiң (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және оның нұсқауларына сәйкес қарыз қаражатын пайдалануға байланысты белгiлi бір тапсырмаларды орындайтын тұлға;
Банк/Агент - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсетуге өкілетті, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк немесе ұйым;
қарыз алушы - негізгі борышты өтеу мен сыйақыны, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес басқа да төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелердi көтеретiн, қарыз қаражатын алатын қарыз шартының тарабы. Қазақстан Республикасының Үкiметі атынан бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушы ретiнде әрекет етедi;
түпкілiктi қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, қарыз алушы анықтаған шарттармен қарыз қаражатын түпкілiкті алушы.
контрагент - үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміле тарабы;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу - үкіметтік қарыз алу тәуекелдерін (валюталық, пайыздық және өзге де) басқару мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен контрагент арасында қаржы құралдарымен мәміле жасасу.
316. Қарыз алу нысаны бойынша үкiметтік қарыздар мыналарға:
1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын шығару;
2) қарыз шарттарын шығару болып бөлiнедi.
317. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарыз алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң белгiлеген мынадай:
1) қарыз алудың қаржылық шекарасын белгілеу;
2) қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын анықтау;
3) ықтимал үкiметтік қарыз алу тiзбесiн қалыптастыру тәртібі негiзiнде жүзеге асырылады.
318. Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органмен бірлесiп Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың алдағы үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспары, көлемi және құрылымдары (бұдан әрі - Орта мерзiмдi жоспар) негізiнде қабылданған макроэкономикалық көрсеткiштерге негiздей отырып үкiметтiк қарыздар мен борыштардың алдағы орта мерзiмдi кезеңiне арналған жағдайын және болжамын бағалауды жыл сайын жүргiзедi.
319. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарыз алуының көлемiн, нысанын және шарттарын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген үкiметтiк борышты өтеудiң және қызмет көрсетудiң көлемiн анықтайды.
320. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшiн тартылатын ықтимал үкiметтiк қарыздардың тiзбесiн қалыптастыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органмен бірлесе отырып бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті органның мынадай:
1) қолданыстағы сыртқы қарыздар қаражаты түсiмдерiнiң тiзбесi мен жылдық көлемiн;
2) қаражаттың түсуiнiң ықтимал тiзбесi мен жылдық көлемiн және олардың даярлық дәрежесiне, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейiне және халықаралық қаржы ұйымдары мен дамуға ресми көмек көрсететiн донор-мемлекеттердiң үкiметтерiмен, басқа да сыртқы кредит берушілермен өзара iс-қимылдың перспективасына негiздей отырып қол қоюға даярланып жатқан бағдарламалық және инвестициялық сыртқы қарыздарды;
3) iшкi және халықаралық капитал рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда бюджет тапшылығының бөлiгiн жоғарыда санамалап көрсетiлген көздермен қаржыландыру үшiн қарыз алудың өзге де ықтимал көздерi мен құралдарын анықтауын қамтиды
37-тарау. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығару арқылы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қарыз алуы
321. Қазақстан Республикасының Үкiметі капиталдың iшкi және сыртқы рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешiм қабылдайды.
322. Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды жүзеге асырады, осындай әрбір мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың көлемiн, мерзiмiн және шарттарын анықтайды.
323. Капиталдық халықаралық рыноктарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару үшiн мыналар:
1) елдiң кредиттік рейтингiн көтеру, инвесторларды тарту мақсатымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың рыногы мен әрiптестердi анықтауды;
2) осындай мәмілелер үшiн белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттамаларды даярлауды жүзеге асырылады.
38-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз
шарттарын жасасу арқылы қарыз алуы
324. Бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жыл сайын басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады және оны бекіту үшiн республикалық бюджеттік комиссияға ұсынады.
325. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтаған қарыздың тиісті кезеңiне арналған басым инвестициялық жобалардың тiзбесi шегiнде тарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiн даярлау үшін мүдделi министрлiктер мен ұйымдарды тарта отырып:
1) қарыз капиталының конъюнктурасын зерделеу және қарыз алу мүмкiндігін бағалау;
2) тиiстi жылға арналған жаңа үкiметтік қарыздар есебiнен қаржыландыруға көзделген жобаның қаржылық сипаттамасын талдау;
3) орын алып отырған мүмкiндiктер шеңберiнде жобаны қаржыландыру бойынша баламалы ұсыныстарды даярлау;
4) қарыз шарттарын (нысаны, қарыз алушылар, кредит алушылар, шектеулер) жасасу арқылы сыртқы қарызды тарта отырып жобаны қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныстар даярлау;
5) жобаны қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар даярлау жүзеге асырылады.
326. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органмен қарыз шарттарын жасасу нысанында қарыз алуы кезiнде өзiне мыналарды:
1) ұсынылған жобаны қаржыландыру, күтілетiн қарыз шарттары бойынша кредит берушілермен келiссөздер ұйымдастыруды және өткізудi;
2) шарттардың қолайлылығын және олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
3) қарыз шарттары мен ілеспе құжаттардың жобаларын даярлауды;
4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, қарыз алушылармен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органмен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша мiндеттемелерiнiң есебiн жүргiзетiн және қызмет көрсететiн ұйымдармен қатынастарды реттейтiн құжаттарды даярлауды және ресiмдеудi қамтитын даярлықтар жүзеге асырылады.
327. Үкiметтiк қарыздар бойынша құжаттамаларды келiсудi мүдделi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Даярланған құжаттамалар негізiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі қарыз бойынша құжаттамаға құқықтық сараптама жүргiзедi, нәтижесi тиісті қорытындылармен ресiмделедi.
328. Қазақстан Республикасының Үкiметі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның ұсынысы негiзiнде қарыз шарттарын жасасу арқылы сыртқы үкiметтік қарызды тарту туралы шешiм қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнде қарыз алуды жүзеге асыру нысаны мен оның көлемi, қарыз шарттары мен ілеспе құжаттарға қол қою үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ресми тұлғаларының өкiлдiктерi белгіленедi.
329. Ресiмделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
330. Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бекітуiне жатады.
331. Қарыз шарты жасалғаннан және ол бекітілгеннен кейiн қарыз шартының талаптарында көзделген жағдайларда Әділет министрлігі қарыздың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігi туралы заңды қорытындыны ресiмдейдi.
332. Қол қойылған қарыз шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тiркеуге жатады.
333. Қазақстан Республикасының сыртқы үкiметтік қарыздары бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетіледi және тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес оның атқарылу ретіне қарай пайдаланылады.
334. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң сыртқы қарыздары қаражатының есебiн жүргiзедi, қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердiң (түпкілiкті қарыз алушының, Банктермен/Агенттердiң, бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң) мiндеттi түрде тапсырған, сондай-ақ кредит берушілерден алынған ақпараттар негізiнде жобалардың iске асырылуын бақылайды. Атқарушы агенттердiң ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзiмiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгілейдi.
39-тарау. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз
қаражаты есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру
335. Халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе басқа донорлардың (бұдан әрi - донорлар) Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген қарыз шарттары шеңберiндегі қарыз қаражатын ойдағыдай пайдалану мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің жанынан белгiленген штат саны шегінде жобаны жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлiмше құрылады.
336. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерi:
1) жоба құрауыштары, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты бойынша қарыз шарттарының барлық қолданылу кезеңiнде әр жыл бойынша қаржыландыру жұмыстарының тiзбесiн, мерзiмiн және көлемiн қамтитын инвестициялық жобаны iске асыру кестесiн әзiрлейдi;
2) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезiнде инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiн белгiленген тәртiппен жоспарлайды;
3) қарыз шартында көзделген рәсiмдерге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу арқылы инвестициялық жобаларды iске асыруды жүзеге асырады;
4) донормен келісілген тендерлiк комиссияның шешiмi негiзiнде тауарларды жұмыстарды және қызметтердi сатып алуға келісім-шарт жасасады;
5) жасасқан келісім-шарт, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатын және қазақстандық тараптың бірлесiп қаржыландырған қаражатын мақсатты пайдалану мониторингiн қамтамасыз етедi;
6) жыл сайын ағымдағы жылдың жиырмасыншы желтоқсанында алдағы қаржы жылына арналған сатып алудың егжей-тегжейлi жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
337. Қазақстан Республикасы Yкіметінің атынан қарыз алушы ретiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуды жүргізу кезiнде донорлардың рәсiмдер мен ережелердiң сақталуына бақылауды, сондай-ақ үкiметтік сыртқы қарыздар қаражатының және қазақстандық тараптың бірлесiп қаржыландыру қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) егер, қарыз шартында немесе банк-қарыз алушы жекелеген тәртiппен реттелетiн инвестициялық жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген осындай жағдайда жобаны iске асыруға қатысу үшiн қазақстандық екiншi деңгейдегi банктердi немесе басқа ұйымдарды iрiктеудi жүзеге асырады;
3) Банктердiң/Агенттердiң келісімi бойынша үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бірлесiп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкілiкті қарыз алушымен кредиттік шарт әзiрлейдi және қол қояды;
4) Жобаны iске асыру мониторингiн жүзеге асырады;
5) Үкiметтік сыртқы қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, гранттарға және республикалық бюджеттен бірлесiп қаржыландыру қаражатына байланысты инвестициялық жобаларды басқару мәселелерi бойынша жергіліктi консультанттар лауазымдарының тiзілiмiн және лауазымдық коэффициенттер кестесiн бекiтедi.
40-тарау. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi
сатып алу бойынша конкурстар өткізу
338. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезiнде:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерi:
1) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органмен және донормен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшiн техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердiгерлер үшiн техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшелiктерiн әзiрлейдi және келiседi;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшiн конкурстық комиссия құрады. Төрағаны және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның бір өкiлiн қоса алғанда конкурстық комиссияның жалпы саны тақ санды құрауы және кемi үш адам болуы тиiс;
3) донордың рәсiмдерiн және тәртібін басшылыққа алады;
4) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша конкурстардың нәтижелерiн, келісім-шарттардың жобаларын, сондай-ақ оларға енгізiлген кез келген өзгерістердi және/немесе толықтыруларды келiседi;
5) инвестициялық жоба шеңберiнде жасалған келісім-шарттардың атқарылуын бақылайды.
Бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган:
1) сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшiн техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердiгерлер үшін техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшелiктерiн келiседi;
2) конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшiн өзiнiң өкiлiн жiбередi;
3) тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша конкурстардың нәтижелерiн, келісім-шарттардың жобаларын, сондай-ақ оларға енгізілген кез келген өзгерістердi және/немесе толықтырулармен келiседi.
339. Конкурсқа қатысушылардың білiктiлiктерiне, сатып алынатын тауарлардың, мердiгерлер үшiн конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердiң консультанттары үшiн техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшелiктерiне қойылатын талаптарды әзiрлеу кезiнде бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган мен донордың алдын ала келісімi бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкiндiктерi ескерiлуi тиiс.
340. Белгiленетiн біліктiлiк талаптарының дәрежесi келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауiп тудырмауы тиiс, өз кезегінде қазақстандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкiн негiзсiз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
341. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша донордың ретіне қарай отандық мердiгерлерге, тауарларды өндiрушiлерге (берушілерге) және консультанттарға көзделген жеңiлдiктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңiлдiктердi ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсiмдерi сипатталған тиісті бапты мiндетті түрде көздеуi тиiс.
342. Егер, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, үкiметтiк сыртқы қарыз шеңберiнде қаржыландырылатын инвестициялық жобаны iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесiп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледi.
41-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды
алу және пайдалану тәртібі
343. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алудың және пайдаланудың осы тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебiнен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды iрiктеу рәсiмiн (бұдан әрi - инвестициялық жобалар) және мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік кепiлдiктер беру рәсiмдерiн (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) анықтайды.
344. Осы Тәртiпте пайдаланылатын ұғымдар:
банк-кепiлшi - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi немесе шетел банктерi.
Кепiлдiк берген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiн екiншi деңгейдегi банктердiң атаулары жазылған, банктiк кепiлдiктердi беруге қолданыстағы лицензиясы бар, ақшалай нысанда атқаруды көздейтiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілеттi мемлекет орган ұсынған тiзбемен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайды.
бизнес-жоспар - қарыз бойынша алдағы төлемдер туралы кестенi және кiрiс көздерiнiң түрлерiн қамтитын, алдағы қаржы жылында қарыз алушы әзiрлейтін құжат;
банк кепiлдiгi - қарыз шарты бойынша тиесілi соманы қарыз алушының белгіленген мерзiмде төлемеген жағдайда мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектердi өтеуде бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi органның алдындағы банктің мiндеттемесi;
қарыз алушы - мемлекет кепiлдiк берген қарыз алған заңды тұлға мемлекет кепілдiк берген қарыз бойынша алдағы төлемдердi қамтамасыз ету жүйесi - бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органның келісімi бойынша қарыз алушының шартты салымының арнайы шотын ашуы, сондай-ақ қарыз алушы тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектердi өтеу туралы бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органның алдында қарыз алушыға кепiлдiк беруi;
шартты салымның арнайы шоты (қызмет көрсету шоты) - Қазақстан Даму Банкiнде ашылған және мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша тек алдағы төлемдердi өтеудi қамтамасыз етуге ғана арналған шартты салымның арнайы шотындағы ақшаның бөлiгiн кезең-кезеңде төлеу арқылы қарыз алушының мiндеттi түрде жинақтаған қоры.
Шартты салымның шотындағы (қызмет көрсету шоты) қаражат негізгі борыштың алдағы төлемдердiң, есептелген пайыздардың (сыйақының), сондай-ақ қарыз туралы шартқа (келісімге) сәйкес өзге де төлемдердiң жүз пайызы мөлшерiнде алдағы төлемдер күнiне дейiн жиырма күн қалғанда белгіленедi;
мемлекеттік кепiлдiктердi беру туралы келісім - бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi органның Қазақстан Даму Банкiмен және мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi атқармаған жағдайда республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару жөнiнде мемлекеттік кепiлдiк берiлген қарыз шартына сай мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ететін, мемлекеттік кепілдiктердi беру туралы тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушымен арасындағы келісім.
345. Мемлекеттік кепiлдiктер беру процесi мынадай негізгi кезеңдердi бiлдiретiн:
1) инвестициялық жобаларды iрiктеудiң;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тiзбесiн ресiмдеудiң, қараудың және бекітудiң;
3) мемлекеттік кепiлдiктердi берудiң iс-шаралар кешенiн қамтиды.
346. Мемлекеттік (үкiметтік, тәуелсiз) (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) кепiлдiктер беру процесiнiң негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкілеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының әділет, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, республикалық бюджеттік комиссия, "Қазақстан Даму Банкi" (бұдан әрi - Қазақстан Даму Банкi) болып табылады.