410-1. Жоспарланған жылы үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердің мерзімі мен көлемін есептеуді үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер шарттарының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 411-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
411. Үкiметтік қарыздарды, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу мен қызмет көрсету мерзімiнiң және көлемiнiң есептемесі негізiнде жоспарланып отырған жылғы үкiметтік қарыздарды, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 412-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
412. Жоспарланып отырған жылғы үкiметтік қарыздарға және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерге қызмет көрсетудiң жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көрсетiледi. Үкiметтiк қарыздарды өтеудiң жалпы көлемi "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi бойынша республикалық бюджетте көрсетiледi.
413. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептемелер негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу шеңберiнде жергілiкті атқарушы органдар жүргізедi.
414. Жүргiзiлетін есептемелер тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша жергілiктi атқарушы органдар борышы мониторингінiң, жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы және жоспарланатын жылы қолданылатын және тартуға көзделетін қаражатты игеру болжамының, жергілiкті бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiнiң деректерiне негізделеді.
415. Алдағы қаржы жылына арналған жергілiкті бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi жергiлiкті уәкілетті органдар бекiткен аумақтардың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының параметрлерімен анықталады. Жоспарланып отырған жылғы ұлттық валюта бағамы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған тиiстi жылға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының параметрлері ескеріле отырып анықталады.
416. Жоспарланып отырған жылы жергілiкті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету көлемдерінің есептемелері мынадай түрде жүргiзіледi:
1) жергiлiктi атқарушы органның әрбір қолданыстағы қарызы бойынша игерілмеген қарыз қаражатын игеру көлемiн әр жыл сайын болжамдық бөлу жүргiзіледi;
2) қарыз шартының талаптары негізiнде жергілiктi атқарушы органның қарызы бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) жергілiктi атқарушы органның қарызы бойынша борыш сомасының динамикасын есептеу жүргізiледi;
4) қарыз шартының талаптары негізiнде сыйақыларды (мүдделердi), комиссиялық төлемдер мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдері мен көлемiнiң есептемелер жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептемелер қарыз берілген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердің соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады;
6) жергілікті атқарушы органның қарыздарды тартуды көздейтiн қаражатты игеру көлемiнiң болжамы негiзiнде қарыз беру мен сыйақы (мүдде) ставкасының орта шарттарын пайдалана отырып жергілiктi атқарушы органның қарыздарды тартуды көздейтiн өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі жүргiзiледi.
417. Жергілiктi атқарушы органның қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету мерзiмiнiң және көлемiнiң есептемесі негiзiнде жоспарланып отырған жылғы жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемi анықталады.
418. Жоспарланып отырған жылғы жергілiктi атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсетудiң жалпы көлемi жеке бюджеттік бағдарлама бойынша тиiстi жылға арналған жергiлікті бюджеттерде көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеудiң жалпы көлемi "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi бойынша жергiлiктi бюджеттерде көрсетiледi.
419. Республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды республикалық бюджеттен алдағы өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң болжамдық есептемелер негізiнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргiзедi.
420. Жүргізiлетiн есептемелер тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторингінiң, қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз қаражатын игеру болжамының, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердің орындалу мүмкiндігін бағалау деректерiне негiзделедi.
421. Жоспарланып отырған жылы республикалық бюджеттен мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу мен қызмет көрсету көлемдерiнiң есептемелерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізедi:
1) агенттің әрбір қолданыстағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз жөніндегі ақпараты негiзiнде қарыз қаражатын игеру көлемiн әр жыл бойынша болжамдық бөлу жүргізіледi;
2) қарыз шартының талаптары негiзiнде мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша борыш сомасының динамикасын есептеу жүргiзiледi;
4) қарыз шартының талаптары негiзiнде сыйақыларды (мүдде), комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептемелерi жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептемелер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады;
5) шетелдiк валютада тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелiк баламада есептеледі. Бұл ретте, жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердiң соңында және болжамды жылдық орта АҚШ долларының бағамында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы пайдаланылады.
422. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындаудың белгiленген мерзiмi мен көлемiнiң, мүмкiндiгін бағалаудың негiзiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды жоспарланып отырған жыл өтеу мен қызмет көрсетуге арналып республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығыстардың жылдық көлемiн анықтайды.
423. Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға арналып республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығыстардың жылдық көлемi жеке бюджеттік бағдарламамен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көрсетіледi.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
48-тарау. Үкiметтік қарыздарды, жергiлiктi атқарушы
органдардың қарыздары мен мемлекеттік кепiлдіктермен
қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу
және қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды
хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртібi
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 424-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
424. ?кіметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудi, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеуді тиiстi жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында көзделген қаражат есебiнен ҚР ҰБ арқылы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 425-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
425. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 51-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша алдағы айға республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышына қызмет көрсетуге, оны өтеуге, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыруға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) ай сайын ағымдағы айдың жиырма бесінші күніне дейін жасайды, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсауға белгіленген тәртіппен рұқсат ашылады. Өтінім үкіметтік қарыздарды, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу және оларға қызмет көрсетудің нақтыланған мерзіміне және көлеміне негізделе отырып жасалады және төлем түрін, валютасын және төлемді алушыларды көрсете отырып, әр қарыз және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілесі бойынша төлем болжамдарын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 426-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
426. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыру жиынтық жоспарының тиісті айында үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестігін жүргізедi және көлем бекiтілген жоспарға сәйкес болмаған жағдайда республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыруының жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледi.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 427-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
427. Белгіленген мерзiмде және қажеттi көлемде үкіметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдi жүзеге асыру мақсатында бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган кредит берушілерден, контрагенттерден төлемге шоттардың, төлем тізiмдерiнiң және төлем жасау үшiн басқа да қажеттi құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 428-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
428. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кредит берушi, контрагенттер ұсынған шоттар мен төлем тiзiмдерiндегі көрсетiлген күннің, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнің сәйкестігін тексерудi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 429-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
429. Төлемге ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдеріндегі көрсетілген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің талаптарымен төлемдердi алушылардың, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерiнiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органы кредит берушілермен, контрагенттермен бірлесе әрекет ете отырып, кредит берушiлердiң төлемге ұсынылған шоттары мен төлем тiзiмдерiн нақтылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 430-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
430. Қарыз шартында және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелерде, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру шарттарында анықталған үкiметтiк қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер мерзімiнде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ресiмдейдi және үкiметтiк қарыздың үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің бірегейлеу нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетілген төлем құжаттарын ҚР ҰБ бередi.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 431-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
431. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктiк шотынан кредит берушiнiң, сондай-ақ контрагенттердің банктік шотына қажет етілетін көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органына төлем жасалған фактiсi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 432-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
432. Үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша операцияларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздар өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажеттi валютаны сатып алу күнi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен жүргiзіледi.
433. Жергілiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету тиiстi жылға арналып жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
434. Белгiленген мерзiмде және қажеттi көлемде жергiлiктi атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету бойынша даярлықты қамтамасыз ету және төлемдердi жүзеге асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушілерден төлемге шоттардың, төлем тізiмдерiнiң және төлемдердi жүргiзу үшiн қажетті басқа да құжаттардың уақытылы түсуiн ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізедi.
435. Жергiлiктi атқарушы органдар ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдеріндегі көрсетiлген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
436. Ұсынылған шоттар мен төлем тізiмдерiндегі көрсетiлген күннiң, соманың, түрдiң, төлем валютасының, қарыз шартының талаптарымен төлемдердi алушылардың сәйкессiздігі ашылған жағдайда жергілікті атқарушы орган кредит берушімен өзара iс-қимыл жасай отырып ұсынылған шоттар мен төлем тiзiмдерiн нақтылау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
437. Қарыз шартында анықталған төлем мерзiмiнде жергiлiктi атқарушы органдар кредит берушiнiң шотына қажет етілетін көлемде ақша аударуды қамтамасыз етеді.
438. Бұл операцияны жергілiкті атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуында теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажетті валютаны сатып алу күнi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен анықталған валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен жүргiзiледi.
439. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге асыру шеңберiнде жергілiкті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен қызмет көрсету бойынша жасалған есебiн жүргiзедi.
440. Республикалық бюджеттен, оның iшiнде мерзiмнен тыс мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған жағдайда жүзеге асырылады.
441. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы күшiне енгеннен кейiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган тиісті қаржы жылының 1-наурызына дейiн Мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген, мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысының жобасын белгіленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi. Көрсетiлген тiзбеге енген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшiн өтеу мен қызмет көрсетудi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган қарыз шартында белгiленген мерзiм мен көлемде кредит берушiлердiң төлем шоттарының негiзiнде, республикалық бюджеттен тиiстi қаржы жылының iшiнде атқарады.
442. Көрсетiлген тiзбеге енбеген, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшiн республикалық бюджеттен төлеу туралы шешiм мынадай тәртiппен қабылданады:
1) агент республикалық бюджеттен мемлекет кепілдiк берген қарыз бойынша кезектi төлемдердi жүргiзу қажеттiлiгi туралы қорытындыны мұндай төлемдер басталатын күнге дейiн отыз күннен кешiктірмей бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындының негiзiнде он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша көрсетiлген қарыз алушылар үшін төлемдердi республикалық бюджеттен төлем жасауды көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi және енгiзедi;
3) бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi органның, агенттің, мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша қарыз алушының арасында тиiстi, оның ішінде бұрын ресiмделген республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзiмi, тәртібі анықталған (нақтыланған) келісім жасалады.
443. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ағымдағы айдың жиырма бeci күнiне дейiн алдағы ай үшiн мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша төлемдерге арналған қосымшаға сәйкес өтiнiм толтырады, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсау үшiн белгіленген тәртiппен рұқсат ашылады. Өтiнiм үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсетудiң нақтыланған мерзiмiне және көлемiне негiзделе отырып толтырылады және күнi, түрi, төлем валютасы мен төлемдi алушы көрсетiлiп әр қарыз бойынша төлем болжамдары қамтылады.
444. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыру жиынтық жоспарының тиісті айында мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау бойынша алдағы төлемдер көлемiнiң сәйкестігiн жүргiзедi және көлем бекiтілген жоспарға сәйкес болмаған жағдайда республикалық бюджет түсiмдерi мен қаржыландыруының жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер енгiзіледi.
445. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы бар болған жағдайда кредит берушiлер ұсынған және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тексерген төлеуге берiлген шоттар негiзiнде үкiметтiк қарыздың бірегейлеу нөмiрi, бенефициары, төлем деректемелерi, түрi, сомасы, валютасы, қарыз шартының талаптарына сәйкес төлем күнi, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру нәтижелерi көрсетiлген төлем құжаттарын бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган ресiмдейдi және ҚР ҰБ бередi.
446. Ұсынылған төлем құжаттарының негiзiнде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның банктiк шотынан кредит берушiнiң банктiк шотына қажет етілетiн көлемде және валютада ақша аударады және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органына төлем жасалған фактiсi туралы жазбаша хабарламаны ұсынады.
447. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету бойынша операцияларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте теңгемен көрсетедi. Бұл ретте, үкiметтік қарыздар өтеу мен қызмет көрсетудi шетелдiк валютада жүзеге асырылған жағдайда осы операцияны жүзеге асыру үшiн қажетті валютаны сатып алу күні Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың рыноктық бағам бойынша теңгемен жүргізіледi.
49-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
борыш мониторингінiң тәртібi
448. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш мониторинг (бұдан әрi - мониторинг) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың қалыптасу, өзгеру және қызмет көрсету процесiн есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның атынан мемлекет iске асыратын қызмет болып табылады.
449. Мониторинг объектiсi барлық мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, оның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар болып табылады.
450. Борыш мониторингi мыналар:
1) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу және есепке алу;
2) қарыз шарттарымен белгіленген кестеге сәйкес борышты өтеу мен қызмет көрсету шотына төлемдердi жасауды қамтамасыз ету және бақылау;
3) мыналарды:
түскен қарыз қаражатын қадағалау және есепке алуды;
борышты өтеу мен қызмет көрсету бойынша төлемдердiң есебiн;
борыш көлемiнiң өзгеру есебiн;
сондай-ақ, қажет болған жағдайда мерзiмi өткен төлемдердiң есебiн қоса алғанда валютадағы қарыздардың әрбір қарызы бойынша барлық операциялардың есебi;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен валюта айырбастаудың рыноктық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың өзгермелi ставкасының өзгеруiнiң есебi бойынша жұмыстарды қамтиды.
451. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшiн мынадай құжаттар:
қарыз шотынан қаражат алғанын растайтын шетел кредит берушiсiнiң көшiрмесi;
негізгі соманы өтеу және ол бойынша сыйақы (мүдде) төлеу бойынша төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi бекiткен нысан бойынша өзiнiң қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы ҚР ҰБ есептілігі;
екiншi деңгейдегi банктердiң және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi бекiткен нысан бойынша үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға уәкілеттік берiлген, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептiлігі;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өзiнiң қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың есептілігі пайдаланылады.
452. Борыш мониторингiн жүргiзу үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жай-күйi туралы деректердi ағымдағы жаңарту үшiн мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақпараттарды жинау жүзеге асырылады.
453. Алынатын ақпараттарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның тиісті бөлiмшесi қорытындылайды және таңдайды, автоматтандырылған ақпараттар жүйесiнiң дерекқорында сақталады.
454. Борыш мониторингiнiң нәтижелерi мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың ағымдағы жағдайы, ақпараттарды жинау, өңдеу және сақтау қағаз түрiнде де және электронды жүйенi пайдалана отырып мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрiнде ресiмделедi.
10-бөлiм. Бюджеттік ақшаны басқару тәртібі
50-тарау. Үкiметтік сыртқы қарыз қаражаты есебiнен
қаржылық операцияларды жүзеге асыру тәртібі
455. Қарыз шоты - тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) тiкелей берушiге төлемдер, сондай-ақ арнайы шотты толтыру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының үкiметтiк сыртқы қарыздарының сомасы орналастырылатын донор-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламалардың арнайы шоты - халықаралық қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған, үкіметтiк сыртқы қарыздан немесе байланысты гранттан аванстық төлем арқылы қалпына келтiрілетін шетелдiк валютадағы шот. Арнайы шотты үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға және бюджеттік инвестициялық жобаларды әкiмшілендiруге немесе халықаралық қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес бағдарламаларға арналған шығыстардың үлестiк грантының есебiнен жабу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi ашады;
бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына арналған шот - ұлттық валютада төлемдер жасау үшiн екiншi деңгейдегі банктерде ашылатын шот;
бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негізгі борышты өтеу есебiне қарыз алушылардың қайтарған ақшасын есептеу мен пайдалану үшiн бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде ашылатын шот.
456. Қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан алынған үкiметтiк сыртқы қарыз шотының есебiнен жасалатын операцияларды бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi нысан бойынша және қарыз шартына сәйкес, сондай-ақ осы Тәртiпке сәйкес шетелдiк кредит берушiсiнің атына жiберілетін, қаражатты алу өтiнiмi негiзiнде жүргiзедi. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қарыз шартына сәйкес көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
457. Қарыз шотынан және/немесе арнайы шоттан алуға арналған өтiнiмге қолдардың екi тобы бұрыштама соғады, қолдардың бірiншi тобы бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi органға, қолдардың екiншi тобы бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiне бекiтілген. Бұл ретте, қолдардың бірiншi тобының мәртебесiне ие болу бюджеттік бағдарлама шеңберiнде үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдалануын бақылаумен, қолдардың екiншi тобының мәртебесiне ие болу - олардың мақсатты пайдаланылуына толық жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықталады.