«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1243 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 820 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 32, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерінің құрамына кіретін жұмыстар мен қызметтердің тізбесінде:
кіріспедегі "8), 12), 12-1), 15), 29) және 44) тармақшаларына" деген сөздер "тармақшасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-бөлімде:
тақырыптағы "Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр" деген сөздер "Электр" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ алынып тасталсын;
3, 7, 11, 12, 13-бөлімдер алынып тасталсын;
4-бөлімнің 5-тармағының 15), 16)тармақшалары алынып тасталсын;
5-бөлімнің 9-тармағының 7), 10), 11), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалары алынып тасталсын;
8-бөлімде:
тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен өткізгіш құбырларын жобалау, соның ішінде:";
9-бөлімде:
тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көтергіш құрылыстарды жобалау және пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйде ұстау, техникалық жағдайын бақылау), соның ішінде:";
10-бөлімде:
тақырыптағы ", дайындау, монтаждау, жөндеу" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен өткізгіш құбырларды жобалау, соның ішінде:".
2. Осы қаулы 2005 жылғы 23 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізінші абзацын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |