Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк
құралдарын өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы
көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының тiзбесi бекiтілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында:
"бiрлескен бақылау-өткізу бекеттерiн" деген сөздер "посттарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мен Iшкi iстер министрлігінiң Жол полициясы департаментiнiң" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнің тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қарашадағы № 1251 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерiнiң тiзбесi туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен мүдделi шетел мемлекеттерi өкiлдiктерінің назарына жеткiзсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерінің және
Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк
бақылау посттарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткізу пункттерi
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегi халықаралық өткізу пункттерi:
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Қорғас Алматы облысы
Достық Алматы облысы
Көлжат Алматы облысы
Бақты Шығыс Қазақстан облысы
Майқапшағай Шығыс Қазақстан облысы
екi жақты қатынас үшiн ашық:
Нарынқол Алматы облысы
Алексеевка Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегі халықаралық өткізу пункттерi:
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Котяевка Атырау облысы
Тасқала Батыс Қазақстан облысы
Погодаево Батыс Қазақстан облысы
Ақсай Батыс Қазақстан облысы
Әлiмбет Ақтөбе облысы
Жайсан Ақтөбе облысы
Қайрақ Қостанай облысы
Ақбалшық Қостанай облысы
Жаңа Жол Солтүстiк Қазақстан облысы
Қарақоға Солтүстiк Қазақстан облысы
Өрлiтөбе Павлодар облысы
Сұлу Ағаш Павлодар облысы
Қосақ Павлодар облысы
Шарбақты Павлодар облысы
Ауыл Шығыс Қазақстан облысы
Үбе Шығыс Қазақстан облысы
Жезкент Шығыс Қазақстан облысы
Бостал Шығыс Қазақстан облысы
екi жақты қатынас үшiн ашық:
Жыланды Атырау облысы
Балқұдық Атырау облысы
Орда Батыс Қазақстан облысы
Жәнiбек Батыс Қазақстан облысы
Сайхин Батыс Қазақстан облысы
Борсы Батыс Қазақстан облысы
Қайсақ Батыс Қазақстан облысы
Қазтал Батыс Қазақстан облысы
Орал Батыс Қазақстан облысы
Жиренқопа Ақтөбе облысы
Қарабұтақ Ақтөбе облысы
Әйтеке би Ақтөбе облысы
Талдысай Ақтөбе облысы
Қонды бай Қостанай облысы
Аққарға Қостанай облысы
Желқуар Қостанай облысы
Өрнек Қостанай облысы
Кеңарал Қостанай облысы
Аят Қостанай облысы
Обаған Қостанай облысы
Жыланды Қостанай облысы
Айымжан Солтүстiк Қазақстан облысы
Қызыл Жар Солтүстiк Қазақстан облысы
Бидайық Солтүстік Қазақстан облысы
Үлкен Қараой Солтүстiк Қазақстан облысы
Амангелдi Павлодар облысы
Ертіс Павлодар облысы
Михайловка Павлодар облысы
Шалдай Павлодар облысы
Найза Павлодар облысы
Байтанат Шығыс Қазақстан облысы
Қоянбай Шығыс Қазақстан облысы
Кордон Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Айша Бибi Жамбыл облысы
Нововоскресеновка Жамбыл облысы
Қордай Жамбыл облысы
Кеген Алматы облысы
Қарасу Жамбыл облысы
екi жақты қатынас үшiн ашық:
Алатау Жамбыл облысы
Бесағаш Жамбыл облысы
Камышановка Жамбыл облысы
Жайыл Жамбыл облысы
Ауқатты Жамбыл облысы
Сарытөбе Жамбыл облысы
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасы учаскесiндегi халықаралық өткізу пункттерi:
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Тәжен Маңғыстау облысы
Бозой Ақтөбе облысы
Жiбек Жолы Оңтүстiк Қазақстан облысы
F. Мұратбаев Оңтүстiк Қазақстан облысы
Шардара Оңтүстiк Қазақстан облысы
Қапланбек Оңтүстiк Қазақстан облысы
екi жақты қатынас үшiн ашық:
Қожантай Маңғыстау облысы
Молбай Маңғыстау облысы
Кәрiбай Қызылорда облысы
Мыңтай Қызылорда облысы
Далақұдық Қызылорда облысы
Қондоз Қызылорда облысы
Май Оңтүстiк Қазақстан облысы
Кескен Оңтүстiк Қазақстан облысы
Дархан Оңтүстiк Қазақстан облысы
Төңкерiс Оңтүстiк Қазақстан облысы
Ынтымақ Оңтүстiк Қазақстан облысы
Ызғырық Оңтүстiк Қазақстан облысы
Бейбiтшілiк Оңтүстiк Қазақстан облысы
К.Қонысбаев Оңтүстiк Қазақстан облысы
Лесбек батыр Оңтүстiк Қазақстан облысы
Келес Оңтүстiк Қазақстан облысы
Атамекен Оңтүстiк Қазақстан облысы
Нұрлыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Түркіменстанмен Мемлекеттік шекарасы учаскесіндегі халықаралық өткізу пункттері:
көп жақты қатынас үшiн ашық:
Темірбаба Маңғыстау облысы
екі жақты қатынас үшiн ашық:
Аяққарасай Маңғыстау облысы
Отынды Маңғыстау облысы
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттары:
Посттың атауы | Облыстың немесе қаланың атауы | Автожолдың атауы |
1 | 2 | 3 |
Бурабай | Ақмола | Астана-Петропавл, 241 км |
Еркiн | Алматы | Алматы-Өскемен, 270 км |
Қарабұтақ | Ақтөбе | Самара-Шымкент, 960 км |
Темір | Ақтөбе | Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы, 135 км |
Құлсары | Атырау | Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес- Шетпе-Жетібай-Ақтау порты, 127 км |
Семей | Шығыс Қазақстан | Омск-Майқапшағай, 751 км |
Шығанақ | Жамбыл | Екатеринбург-Алматы, 2061 км |
Күйiк | Жамбыл | Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы- Қорғас, 278 км |
Ақжайық | Батыс Қазақстан | Орал-Атырау, 126 км |
Молодежный | Қарағанды | Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы, 1040 км |
Заречный | Қарағанды | Екатеринбург-Алматы, 1497 км |
Жезқазған | Қарағанды | Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы, 426 км |
Денисовский | Қостанай | Қарабұтақ-Комсомольское- Денисовка-Рудный-Қостанай, 388 км |
Жаңақорған | Қызылорда | Самара-Шымкент, 1996 км |
Бейнеу | Маңғыстау | Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Утес- Шетпе-Жетібай-Ақтау порты, 844 км |
Ленинский | Павлодар | Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы, 1364,2 км |
Қызыл Ту | Оңтүстік Қазақстан | Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы- Қорғас, 46 км |
19 км | Алматы қаласы | Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы- Қорғас, 869 км |
Қызыл Жар | Астана қаласы | Екатеринбург-Алматы, 1278,2 км (Қарағанды қаласының бағыты) |
Палуан Қажымұқан атындағы | Астана қаласы | Екатеринбург-Алматы, 1247 км (Қостанай қаласының бағыты) |