Берет ені 1-1,5 см қалқанмен бірiгетiн, диаметрi 24-26 см, енi 7 см сай құрайтын түбi бүйiрлерi тiгiлген екі жартыдан құралатын, шеттiксiз. Береттiң iшкi жағында астар, ал қалқан жағынан дермантиннен - тiгілген маңдайша. Береттің сыртында түбiнiң ортасында ұзындығы 1,5 см бау бекітілген.
Қызметкерлердің беретiнде екi кішкене нысанды түймелермен қалқанға бекітілген таңдамалы белдiк. Көлденеңiнен белдiктi қалқан пен маңдайшаның iшкi жағының арасынан тiгiлген қара түстi екi металл iлмек ұстап тұрады.
Басшы құрам әйелдерінің беретiнде белдiктiң орнына алтын түстi трунцалдан бау тiгiлген.
Береттiң ортасына белгiленген нысандағы кокарда бекітіледi.
7. Плащ (басшы құрам мен қызметкерлер үшiн) (7-қосымша).
Қара түстi су жұқпайтын матадан. Астарлы, алмалы-салмалы қапсырмалы белдiкпен тік силуэт. Қос өңiрлi бес нысанды түймеде бiтеу түймелеумен. Жағасы тiгiнен қайырылған. Арқасы ортаңғы тiгiспен, терең шлицамен аяқталатын қырлы иiнiшпен. Иық тiгiсiнің бүйiр бөлiктерiнде рельефтер. Рельефтерден солға және оңға қарай қырлы иiнiш, бел сызығынан төмен жапырақшасы бар тілiк қалталар. Жеңi қондырмалы, бір тiгiстi, бір нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыш арқылы жiберiлген патпен. Жеңiнiң қалқан тiгiсiне бір нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыш арқылы жiберiлген негiзгi матадан тiгiлген қондырмалы погондар бекітілген. Барлық рельефтi сызықтар мен детальдар бойынша, бұйымның төменгi жағына шетiнен енi 0,5 см әдіптелген тiгiм жүргiзiлген.
8. Басшы құрамға арналған қысқы пальто (8-қосымша).
Қара түстi драптан, терiден, қара түстi елтiрiмен әдіптелген жаға. Бір өңiрлi, жасырын түймелеумен. Арқасында иық тiгiсiнен рельефтер, ортаңғы тiгiс терең шлицамен аяқталады. Рельефтің иық тiгiсiнен бүйiр бөліктерiнде, бел сызығы бойына рельефтерге арқаға ауысатын, бір нысанды түймеге түймеленетiн белдiкше қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды жапсырма қалталар. Жеңдерi бір нысанды түймеге түймеленген қондырмалы бір тiгiстi патпен. Иық тiгiсiнің қалқаны бойынша, бір нысанды түймеге түймеленетiн негiзгi матадан погондар қондырылған. Барлық рельефтi сызықтар мен детальдар бойынша шетiнен енi 0,3-0,7 см әдіптелген тiгiм жүргiзiлген.
9. Басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн қысқы күртеше (9-қосымша). Қара түстi плащтық матадан, терi жағалы және лацканы қара түстi елтiріден. Қос өңiрлi, төрт нысанды түймеге түймеленедi. Арқасында ортаңғы тiгiспен қиық екi қабатты иiнiш. Иінiштегi бүйiр бөлiктерi әдiптелген, шетiнен 3 см тiгiммен бекітілген. Бел сызығы бойынша, арқаға қарай ауысатын және ортаңғы тiгiс деңгейінде бір нысанды түймеге түймеленетiн белдік қондырылған. Бел сызығынан төмен клапанды тiлік қалталар, жеңi қондырмалы, жеңiнің төменгi жағында бір нысанды түймеге түймеленетiн екi тiгiстi жайғаң белдiкше. Иық тiгiс жиегiнде, бір нысанды түймеге түймеленетiн белгiленген айырым белгiлерiмен негiзгi матадан тiгiлген погондар қондырылған. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдар бойынша шетінен 0,3-0,7 см әдiптелген тiгiм жүргiзiлген.
3. Айырым белгілерi
10. Басшы құрам және қызметкерлер үшiн айырым белгiлерi алтын түстес оқадан жасалған жеңдік және иықтық айырым белгiлерi (жапсырмалар) болып табылады (10-қосымша).
11. Костюм материалымен түстес аспапты шұғадан жасалған қалыптарға жеке тігілген жеңдік жапсырмалар нысанды киімде жеңнің сыртқы жағына, төменгi жиегiне қатарлас орналасады. Жеңнiң төменгi жиегiнен төменгi оқаға дейiнгi қашықтық 80 мм құрайды.
Жеңдiк жапсырмалар - алтын түстес оқалар (кең, орташа, жіңішке). Оқа мөлшерi: кеңiнің ені - 30 мм, орташасы - 13 мм, жiңішкесi - 6 мм, ұзындығы - 150 мм, оқалар аралағындағы саңлау - 3 мм.
Жіңішке оқалар ортаңғының үстiне ортаңғылары кеңiнiң үстiне орналасады.
Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлiгiнде жоғарғы жиек үстiнен, сыртқы қабырғалары 16 мм және оқа ені 6 мм ромб тiгiлген.
12. Иықтық жапсырмалар нысанды киімнiң иықтық тігісiнде орналасады және қара аспаптық шұғадан жасалған, қара шеттігi бар бөзбен қосарланған (периметрi бойынша жалпы енi 45 мм және ұзындығы 120 мм).
Төменгi қалып шетiнен 10 мм қашықтықта тиiстi лауазымдарға белгіленген аралығы 3 мм саңыраумен алтын түстес оқадан жапсырмалар тiгiлген. Оқаның ені: кеңi - 30 мм, ортаңғысы - 13 мм, жіңішкесi - 6 мм.
Жоғарғы оқаның ортаңғы бөлігінде жоғарғы жиек үстiнен қабырғалары 16 мм және оқа ені - 4 мм ромб тiгiлген. Ромбтың көлденең диагоналы 14 мм тең.
13. Теңiз көлiгіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерінің лауазымдары (кәсiптерi) үшін мынадай айырым белгiлерi анықталған:
1) басшы құрам:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетi Су көлігiндегi бақылау басқармасының бастығы - 2 кең оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнің Су көлiгiндегi бақылау басқармасы бастығының орынбасары - 1 кең және 2 орташа оқа;
теңiз портының капитаны - 1 кең және 2 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнің Су көлiгiндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнің бастығы - 1 кең және 1 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктік бақылау комитетінiң Су көлiгiндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауіпсiздігі бөлiмiнің бастығы - 1 кең және 1 орташа оқа;
теңiз порты капитанының орынбасары - 1 кең және 1 орташа оқа;
2) қызметкерлер:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінің Су көлігіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнiң бас маманы - 1 кең оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң Су көлігіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бөлiмiнің бас маманы - 1 кең оқа; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлiктік бақылау комитетi аумақтық басқармасы су көлiгiндегi бақылау бөлімінің бастығы - 1 кең оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгi бөлiмінің бастығы - 1 кең оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгi лоцман қызметiнiң бастығы - 1 кең оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгi кемелер қозғалысын басқару қызметiнің бастығы - 1 кең оқа;
порт теңіз әкімшілігі дипломдық-паспорттық қызметінің бастығы - 1 кең оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң Су көлiгіндегi бақылау басқармасы кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бөлiмiнің жетекшi маманы - 3 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң Су көлiгіндегi бақылау басқармасы Кеме қатынасы тiркелiмi бөлiмiнiң жетекшi маманы - 3 орташа оқа;
порт теңiз әкімшiлiгiнiң бас маманы - 2 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң аумақтық басқармасы су көлiгiндегi бақылау бөлiмiнiң бас маманы - 2 орташа оқа;
порт теңiз әкiмшiлiгiнiң жетекшi маманы - 1 орташа оқа;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінің аумақтық басқармасы су көлiгiндегi бақылау бөлiмiнің жетекшi маманы - 1 орташа оқа.
4. Кеудеге тағылатын белгі (жетон)
14. Теңiз порттарында бақылауды жүзеге асыратын басшы құрам мен қызметкерлер үшiн нысанды киіммен бірге тағылатын кеудеге тағатын жетон (11-қосымша) көзделген.
Кеудеге тағатын жетон ашық көк түстi фонды, диаметрi 80 мм шеңбер нысанында, жиегi бойынша енi 5 мм көк көмкерме бар, металл қоспасынан дайындалады.
Белгінің жоғарғы бөлiгiнде 30 мм диаметрмен Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Елтаңбадан төмен төменгi жиегiмен 2 мм қашықтықта алтын түстi жазу орналасқан
ПОРТТЫҢ биiктiгi 3 мм
ТЕҢIЗ ӘКIМШIЛIГI биiктiгi 5 мм
Белгiнің төменгi жағында 10 x 25 мм ақ тiктөртбұрыш орналасқан, iшінде "Т" жазуымен осы белгінің келесi үш таңбалы реттiк нөмiрi орналасқан
T 001
Осы тiктөртбұрыштың екi жағынан жоғарыға қарай, белгi жиегінің бойымен, көк түсті жапырағы бар бұтақтар тарайды. Бұтақтардың жоғарғы бөліктерi ПОРТТЫҢ TEҢІЗ ӘКIМШIЛIГI жазуының төменгi шекарасына дейін келеді.
Жоғарғы жазу мен төменгi тіктөртбұрыштың арасында су көлiгiн көрсететiн түрлi-түстi стильденген бейне симметриялы орналасқан. Бейне сары, көк, ақ және қара түстердi пайдаланып орындалған.
5. Кокарда, нысанды түймелер
15. Кокарда фоны қара түстi сопақша келген, жиегi бойынша енi 5 мм көк көмкерме және онда алтын түстес зәкір бар. Сопақша емен жапырақтардан жасалған бұтақтармен жиектелген, онда алтындалған бүркiт бейнеленген. Кокарданың мөлшерi 5 см х 4 см (11-қосымша).
16. Нысанды түймелер жиегiнде шеңберi бар дөңес нысанды дөңгелектi бiлдiредi, ортасында зәкiрдiң бейнесi орналасқан. Түймелердің диаметрi: үлкендерi - 22 мм және кiшкентайлары - 14 мм (11-қосымша).
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
1-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті костюм
[Графикалық нысанды қараңыз]
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті костюмге китель
[Графикалық нысанды қараңыз]
Күнделікті костюмге арналған шалбар, жейде,
галстук, фуражка және құлақшын
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
2-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделікті күртеше
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
3-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған
алмалы-салмалы жылытқышымен плащ-пальто
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
4-қосымша
Басшы құрамға арналған қысқы пальто
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
5-қосымша
Қызметкерлерге арналған дауылда киетін күртеше
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
6-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған
әйелдердің күнделікті костюмі
Китель
[Графикалық нысанды қараңыз]
Юбка, әйел жейдесі, галстук және берет
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
7-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған әйелдердің плащы
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
8-қосымша
Басшы құрамға арналған әйелдердің қысқы пальтосы
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
9-қосымша
Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған
әйелдердің қысқы күртешесі
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
10-қосымша
Айырым белгілері
[Графикалық нысанды қараңыз]
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киімдерінің, айырым белгілерінің
сипаттамасы мен үлгілеріне
11-қосымша
Кеудеге тағатын белгі, кокарда және нысанды түймелер
[Графикалық нысанды қараңыз]
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысымен
бекітілген
Теңiз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң
нысанды киім киiп жүру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нысанды киім киіп жүру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы негiзiнде әзiрлендi.
2. Ереже теңiз көлiгіндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнің нысанды киім киiп жүру тәртібін айқындайды.
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
кеудеге тағатын белгi (жетон) - теңiз порттарында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге жеке қол қойып берiлетiн сериялы және реттік нөмiрi бар белгiленген үлгідегi эмблема;
теңiз көлiгіндегi мемлекеттік бақылау уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшелерi - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетiнiң Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша аумақтық басқармалары, порттың теңiз әкiмшiлiгi;
теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi органы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi;
нысанды киім - белгiленген үлгi мен түстегi теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң қызметтiк бірыңғай формасы.
2. Нысанды киім киіп жүру
4. Теңiз көлiгіндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң лауазымдарының (кәсiптерінің) тiзбесiне сәйкес нысанды киім берiлетiн теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киім киіп жүруге құқығы бap.
5. Киім нысанының барлық заттары белгiленген үлгiлер мен сипаттамаларға жауап беруi тиiс.
6. Нысанды киім күнделiктi киюге белгiленедi, ол ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлiнедi. Жыл мезгiлiне байланысты осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанды киім киiп жүрудiң түрлi жиынтығы белгiленген.
Күнделiктi нысанды киім қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде киіледі.
7. Қысқыдан жазғы және жазғыдан қысқы нысанды киім жиынтығына ауысу теңiз көлігіндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi орган басшысының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Мыналарға:
белгiленбеген үлгідегi нысанды киім заттарын, айырым белгiлерiн тағуға;
осы Ережеде көзделмеген кеудеге тағатын белгiлердi нысанды киімге тағуға;
жазғы және қысқы нысанды киімдердің заттарын, сондай-ақ нысанды киімдi азаматтық киіммен ауыстыруға;
нысанды киімдi, айырым белгiлерi мен кеудеге тағатын белгiлердi оларға беруге жатпайтын адамдарға беруге;
жеңдiк және иықтық белгiлердi бір уақытта тағуға тыйым салынады.
9. Нысанды киімнің барлық заттары тазаланған және үтiктелген болуға тиiс. Пальто, пиджак, сыртқы жейде қалталарының клапандары сыртқа шығарылуға тиiс.
10. Аяқ киім жақсы жағдайда болуға, үнемi тазаланып, бәтеңке мен қысқа бәтеңке ұқыпты байлануға тиiс. Аяқ киім мен шұлықтың түсi нысанды киім түсiне сәйкес келуге тиiс. Аяқ киім мен шұлық сауда желілерінен сатып алынады.
11. Берет қастан үш саусақ жоғары қашықтықта он жағына қарай түсіріле киіледі.
12. Құлақшынның екi жағын түсіруге ауаның температурасы минус 10 Со және одан төмен болған кезде рұқсат етiледi.
13. Жазғы уақытта ақ қабы бар нысанды фуражка кию керек.
14. Қамтамасыз ету нормаларында көрсетiлген нысанды киімдi киіп жүру мерзiмi нысанды киімдi пайдалануға берген күнге қарамастан мерзiм сайын есептеледi (теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкілеттi органы басшысының қысқыдан жазғы жиынтыққа не керiсiнше көшу туралы бұйрығы есеп күнi болып саналады).
15. Қызметкер жұмыстан босаған немесе нысанды киім киіп жүру көзделмеген жұмысқа ауысқан кезде, қызметкер жұмыстан босаған кезiнде киіп жүру мерзiмi өтпеген нысанды киімдi қоймаға тапсыруға немесе теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi органы басшысының бұйрығы бойынша қалған бағасы бойынша айырмасын өтеуге міндеттi.
16. Құрметтi атақ белгiлерi кеуденің оң жағына тағылады. Жоғарғы немесе орта оқу орнын бiтiргендiгi туралы белгiлер кеуденiң оң жағына тағылады.
17. Кеудеге тағатын жетон күртешенің (кительдiң, жейденiң) алдыңғы сол жағында қалтаға орналасады.
18. Теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiне берiлетiн нысанды киім мен кеудеге тағатын белгi теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылаудың уәкiлеттi органының меншiгi болып саналады және жұмыстан босатылған кезде қайтарылуға тиiс.
19. Нысанды киімнiң сақталуы мен оның сыртқы түрiне теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерi жауапты болады.
20. Қызметкердiң кiнәсiнен қызметтiк бірыңғай нысанды киім жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер өз есебiнен нысанды киімнiң жиынтығын немесе жекелеген заттарын сатып алады және оны алынған нысанды киімді киiп жүру мерзiмi өткенге дейiн пайдаланады.
Нысанды киім қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер оның орнына жаңа нысанды киім алады, ал бүлiнгенi немесе жоғалғаны белгiленген тәртiппен есептен шығарылуға жатады.
21. Қызметкердiң кiнәсiнен кеудеге тағатын белгi жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер оны өз есебiнен сатып алады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына өз қаражаты есебiнен кеудеге тағатын белгiнi жарамсыз деп тану туралы хабарландыру бередi.
Кеудеге тағатын белгi қызметтік міндеттерiн орындау кезiнде жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, қызметкер орнына жаңа кеудеге тағатын белгi алады, ал бүлiнгенi немесе жоғалғаны белгiленген тәртiппен есептен шығарылуға жатады.
Теңіз көлігіндегі мемлекеттік
бақылау қызметкерлерінің нысанды
киім киіп жүру ережесіне
қосымша
Жыл мезгіліне байланысты нысанды киім киіп жүру жиынтығы
(ерлер)
┌──┬────────┬───────────────────────────────────────────────────────┐
│№ │ Киім │ Нысанды киім тізбесі │
│Р/│ түрі ├──────┬───────┬─────┬──────┬───────┬──────┬──────┬─────┤
│с │ ├Қысқы │Дауылда│Плащ-│Күнде.│Күнде. │Күнде.│Күнде.├Қара │
│ │ │пальто│киетін │паль.│лікті │лікті │лікті │лікті │фураж│
│ │ │ │күртеше│ то │костюм│күртеше│шалбар│жейде │ ка │
├──┴────────┴──────┴───────┴─────┴──────┴───────┴──────┴──────┴─────┤
│ 1. Басшы құрам │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1 Жазғы │
│ күнде. │
│ лікті - - + + + + + + │
│2 Қысқы │
│ күнде. │
│ лікті + + - + + + + + │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 2. Мамандар │
├───────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│3 Жазғы │
│ күнде. │
│ лікті - - + + + + + + │
│4 Қысқы │
│ күнде. │
│ лікті - + - + + + + + │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────┘
(әйелдер)
┌──┬──────┬──────────────────────────────────────────────────────────┐
│№ │ Киім │ Нысанды киім тізбесі │
│Р/│ түр. ├─────┬─────┬────┬──────┬──────┬────────┬────┬─────┬───────┤