53-бап. Құқықтар мен мiндеттердi беру
1. Мердiгер өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң бәрiн немесе бір бөлiгiн контрактi бойынша басқа заңды тұлғаға құзыреттi органның жазбаша рұқсатымен ғана бере алады. Еншiлес кәсiпорындарға құқықтар мен мiндеттердi беру үшiн шарттары контрактiде ескертiледi.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiне сәйкес құқықтар мен мiндеттердi беруге байланысты жұмсалатын шығындар мердiгерге жүктеледi.
3. Мердiгер контрактiге қандай болса да қатысуын сақтап отырған кезде және құқықтары мен мiндеттерi берiлетiн адам контрактi бойынша бірдей жауапкершiлiкте болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 53-1-баппен толықтырылды; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 53-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
53-1-бап. Қолданылатын құқық
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға, сондай-ақ теңiздегi мұнай операцияларына тек қана Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2. Құзыреттi органмен жасалатын контрактiлерде шетелдiк құқықты қолдану туралы шарт белгiленбейдi.
3. Шекара маңындағы кен орындарында жүргiзiлетiн теңiздегi барлау және өндiру, бірлесiп барлау және өндiру жөніндегі мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі қатынастарға, егер ол Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында тiкелей көзделген болса, Қазақстан Республикасына қарама-қарсы немесе шектес жатқан мемлекеттің құқығы қолданылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 54-бап өзгертілді
54-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа меншiк құқығы
Жер қойнауы туралы ақпаратты меншiктену құқығы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.
ҚР 13.06.97 ж. № 122-I; 11.08.99 ж. № 467-1 Заңдарымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Сақтандыру
1. Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлер мыналарға:
1) қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың зардаптарын жою жөніндегі шығындарды қосқанда, қоршаған ортаның ластануына;
2) үшiншi адамдар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкке байланысты жауапкершiлiк тәуекелдiгiн сақтандыруға мiндеттi.
2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi.
3. Сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 3-1-тармақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі
3-1. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлер мүлiктiк тәуекел мен жауапкершiлiк тәуекелiн:
1) скважинаны бақылауға алу жөніндегі шығыстары;
2) скважина бақылаудан шыққан жағдайда, қайта бұрғылау операциялары бойынша шығыстары;
3) теңiздiң ластануы жағдайында тазалау және оқшаулау жөніндегі шығыстары;
4) теңiзде авариялық жағдайлар мен олардың зардаптарын жою бойынша мамандандырылған компанияларды тарту жөніндегі шығыстары бойынша сақтандыру өтеуiн қамтамасыз ететiндей түрде сақтандыруға мiндеттi.
56-бап. Еңбектегi құқық қатынастары
Мердiгерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке ақы төлеу шарттары, жұмыс iстеу мен тынығу режимi, әлеуметтiк қамсыздандырылуы мен әлеуметтiк сақтандырылуы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мердiгер құқықтарының кепiлдiктерi
Мердiгерге оның құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатынына кепiлдiк берiледi. Мердiгердiң жағдайын нашарлататын заңдардың өзгертулерi мен толықтырулары, ондай өзгертулер мен толықтыруларға дейiн жасалған контрактiлерге қолданылмайды.
Осы баппен белгiленген кепiлдiктер қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, ұлттық қауiпсіздiк саласындағы, экологиялық қауіпсіздiк, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының өзгерiсiне қолданылмайды.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен 58-бап өзгертілді; 01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
58-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не дауларды шешудiң келісім-шартта бұрын келісілген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келісім-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты дауларды осы баптың 1-тармағына сәйкес шешу мүмкiн болмаса, онда тараптар дауды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.
59-бап. Заңды күшiне енгізу тәртібі
Осы Заң 1995 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының