2. Қазақстан Республикасы уақытша алынған мұнай үшiн шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыға еркiн айналыстағы валютамен, ал ұлттық жер қойнауын пайдаланушыға ұлттық валютамен уақытша алып қойған күнi қолданылған әлемдiк нарықтық баға бойынша заттай немесе оның құнын төлеу арқылы өтеуге кепiлдiк бередi.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1 Заңымен жаңа 6-1-тараумен толықтырылды
6-1-тарау. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын
жүргiзу
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 36-1-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
36-1-бап. Теңiзде және iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары
1. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер осы операцияларды әдетте теңiздiң нақты учаскесiнде жүзеге асырылатын теңiз кеме қатынасына, балық аулауға және өзге де заңды қызметке кедергi және зиян келтiрмейтiндей етiп жүзеге асыруға тиiс. Бұл ретте теңiздi осындай заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын мердiгерлер өз кезегiнде теңiз қорғаныш аймағының немесе қауiпсіздiк аймағының режимiн сақтауға тиiс.
2. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлер теңiзде қоршаған ортаны қорғаудың ең Таңдаулы практикасын басшылыққа алуға мiндеттi.
3. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiзде жүргiзiлген мұнай операцияларының нәтижесiнде пайда болған теңiздiң ластануы жағдайында қоршаған ортаға және жеке немесе заңды тұлғаларға келтірілген зиян мен залал үшiн, мұндай тұлғаның кiнәсінің болу-болмауына қарамастан, жауапкершiлiкте болады.
4. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер теңiздiң ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзiрлеуге және мұндай бағдарламаларды осы Заңның 30-2-бабында белгiленген тәртiппен бекітуге мiндеттi. Мұндай бағдарламаларда жүргiзілетiн мұнай операцияларына iшкi бақылау, қызметкерлердi оқыту, скважиналарды бақылауға алу жөніндегі iс-шаралар, авариялық және өзге де қауiптi жағдайлар пайда болған және теңiз ластанған жағдайда қажеттi жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз етудi не сондай-ақ теңiзде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тартуды қамтуға тиiс.
5. Теңiз ластанған жағдайда теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес қолданған алдын алу шараларына қарамастан, мұндай мердiгер бұл үшiн өзiнiң қолы жететiн барлық құралдармен теңiздiң ластануын жою не оның деңгейiн төмендету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдануға мiндеттi.
6. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгер өзiнiң есебiнен мұндай тұлғаның меншiгіндегі не пайдалануындағы теңiз құрылыстарына инспекциялар жүргiзу үшiн мемлекеттік органдардың өкiлдерiн, мұндай мемлекеттік органдардың өкiлдерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес осы инспекцияларды жүргiзуге өкiлеттi болған жағдайда тасымалдауды ұйымдастыруға мiндеттi. теңiз құрылыстарында мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң инспекцияларын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады және ол теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң қалыпты қызметiне кедергi келтiрмеуге тиiс.
7. Теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң мемлекеттік органның жазбаша рұқсатын алмай теңiз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқығы жоқ. Рұқсатты алу үшiн мұндай мердiгер мемлекеттік органға теңiз құрылысының жоспарланған орналастырылуына не құрылысының басталуына дейiн өтiнiш жасауға мiндеттi. Өтiнiште жоспарланған теңiз құрылысының не осындай теңiз құрылысын салу жөніндегі жүргiзiлетiн жұмыстардың сипаты, мерзiмi мен орналасқан жерi болуы тиiс. Мемлекеттік орган теңiзде мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгердiң өтiнiшiн қарауға және өтiнiш берген сәттен бастап 30 күннен кешiктiрмей тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.
7-1. Теңiздегi жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгiленген нормалар қолданылады.
8. Iшкi су қоймаларындағы мұнай операцияларына теңiздегi мұнай операциялары үшiн белгiленген осы Заңның ережелерi қолданылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 36-2-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
36-2-бап. Теңiзде барлау жүргiзу мен өндiру шарттары
1. Теңiзде барлауды жүзеге асыратын мердiгер iздестiру және барлау скважиналарын бұрғылауға контракт аумағының барлық қажеттi геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргiзiлген жағдайда ғана құқылы.
2. Мердiгердiң iздестiру, барлау, пайдалану скважиналарын немесе өзге де скважинаны бұрғылауды, бұрын бұрғыланған скважина бақылаудан алынған кезiнде, мұндай скважинаны бақылауға алуға өзге әдiстердi қолдану мүмкiн емес не қалыптасқан мән-жайларда тиiмсіз болып табылатын қысымды шығарып тастауға арналған тығындау скважинасын бұрғылауды қоспағанда, құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Бұл ретте мердiгер құзыреттi органға мұндай тығындау скважинасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау скважинасын бұрғылау туралы шешiм қабылдауға әсер еткен нақты мән-жайлар мен себептердi көрсете отырып қисынды мерзiмде жазбаша хабарлауға мiндеттi.
3. Құзыреттi орган скважинаны бұрғылауға мердiгерде не оның тартқан қосалқы мердiгерiнде бұрғылау жұмыстарын жүргiзуге арналған тиiстi лицензия болған кезде, мердiгерге жылдық жұмыс бағдарламасы және авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарлама жүктелген жұмыстарды орындау фактiсiн белгiлейтiн теңiз құрылысы жөніндегі тиiстi инспекцияның қорытындысы болғанда, мердiгердiң осы скважинаны бұрғылауы кезiнде пайда болатын тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөніндегі мiндеттемелердi сақтау фактiсi, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның мұндай скважинаны бұрғылаудың жобасы жөнiнде тиiстi қорытындысы болғанда және мемлекеттік орган берген теңiз құрылысын салуға не орналастыруға рұқсаты болған кезiнде рұқсат бередi. Өтiнiшке мұндай өтiнiште көрсетiлген фактiлердi растайтын тиiстi құжаттар қоса тiркелуге тиiс.
4. Құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмаса iшкi қабаттық қысымды ұстап тұру үшiн iлеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Құзыреттi орган мұндай рұқсатты iшкi қабаттық қысымды ұстаудың өзге де әдiстерi тиiмсіз болған жағдайда және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмiрi үшiн қауiпсіздiктiң жеткiлiктi деңгейiн иеленсе, жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша тиiстi қорытындысы болған кезде беруге құқылы.
5. Теңiзде барлау мен өндiрудi жүзеге асыратын мердiгердiң теңiз құрылысында, не 30 минуттық қол жетерлiк шектерiнде теңiздi тазалау жөніндегі жұмыстар Жүргiзу үшiн қажеттi мөлшердегi тиiстi жабдығы, материалдары мен заттары болуға мiндеттi. Материалдарға, заттарға, олардың санына және оларға қол жетiмдiлiгiне нормативтер мен талаптарды өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар белгiлейдi.
6. Теңiздегі авариялық және өзге де қауiптi жағдайларды болдырмаудың осы Заңға сәйкес бекітілетiн бағдарламалары барлау жүргiзу мен өндiру кезiнде теңiздiң ластануы салдарынан теңiздi дереу оқшаулау және тазалау жөніндегі шараларды қамтуға тиiс.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 36-3-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
36-3-бап. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салу және пайдалану
1. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуды және оны пайдалануды жүзеге асыратын мердiгер мұнайгаз құбырларының құрылысын, монтажын немесе оны төсеу жөніндегі жұмысты мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Мұндай рұқсат осы Заңның 36-1-бабының 7-тармағымен белгiленген жалпы тәртiпте берiледi.
2. Теңiзде мұнайгаз құбырларын Салуды және пайдалануды жүзеге асыратын мердiгердiң құзыреттi органның жазбаша рұқсаты болмай бастауға құқығы жоқ. Құзыреттi орган рұқсат беру туралы шешiмдi осы тұлғаның өтiнiшiнiң негiзiнде өтiнiш берiлген кезден бастап 30 күннен кешiктiрмей мұнайгаз құбыры жөніндегі тиiстi инспекцияның қорытындысы болған, осы мердiгердің тәуекелдi мiндеттi сақтандыру жөніндегі мiндетiн сақтау фактiсi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мұнай-газ құбырында авариялар мен өзге де қауiптi жағдайларды болдырмау жөніндегі бағдарламасы болған жағдайда қабылдайды.
36-4-бап. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын
Салу және оны пайдалану
1. Теңiзде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын Салуға және оны пайдалануға тыйым салынды.
2. Мұнайды уақытша сақтауды (20 күннен аспайтын) қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңiз құрылыстарынан тiкелей тасымалдау кезiнде теңiз құрылыстарында мұнайды сақтау мен қоймада ұстауға тыйым салынады.
36-5-бап. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге, ғылыми зерттеулер мен басқа да мақсаттарға арналған жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды қоршаған орта мен биоресурстардың қорғалуы мен сақталуы жағдайында салуға, пайдалануға және iске қосуға рұқсат беру мен реттеуде ерекше құқыққа ие.
2. Мұндай жасанды аралдардың, бөгеттердiң, құрылыстар мен қондырғылардың төңiрегiне қауiпсіздiк аймақтары орнатылады, олар оның сыртқы шегiнiң әрбір нүктесiнен бастап 500 метр арақашықтыққа созылып жатады. Аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, сондай-ақ оларды қоршаған қауiпсіздiк аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық шаруашылығы үшiн елеулi мәнi бар әдеттегi теңiз жолдарына кедергi болмайтын жерлерде орналасады.
3. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды ұстау мен пайдалануға жауапты ұйымдар олардың күзетiлуiн, сондай-ақ олардың орналасқан жерi туралы ескерту бойынша тиiстi құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиiс.
4. Жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғылар, егер олар шаруашылық немесе өзге мақсаттарға пайдаланылмайтын болса, адамдардың қауiпсіздiгiне қатер, кеме қатынасына немесе балық шаруашылығына кедергi келтiрмейтiндей дәрежеге дейiн бөлшектелуге тиiс.
5. Жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды жасау, пайдалану және iске қосу Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жасанды аралдарды, бөгеттердi, құрылыстар мен қондырғыларды монтаждауға, пайдалану мен iске қосуға рұқсат берудiң тәртібі мен шарттары туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 36-6-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
36-6-бап. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастау мен көму
1. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастауға және теңiз түбiне көмуге тыйым салынады.
2. Теңiзге техникалық суларды ағызу мемлекеттік бақылаушы органдардың рұқсатымен және бақылауымен ғана оларды белгiленген нормативтерге дейiн тазалау жағдайында жүзеге асырылады.
36-7-бап. Теңiз ғылыми зерттеулерi
1. Теңiз ғылыми зерттеулерi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Теңiз ғылыми зерттеулерiн қазақстандық та, сондай-ақ шетелдiк те заңды және жеке тұлғалар, шетелдiк мемлекеттік және құзыреттi халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
3. Теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу кезiнде мынадай принциптер сақталуы тиiс:
1) теңiз ғылыми зерттеулерi теңiздi заңды түрде пайдалануды жүзеге асыратын басқа тұлғаларға өзiн-өзi ақтамайтын кедергiлер жасамауы тиiс;
2) теңiз ғылыми зерттеулерi табиғат қорғау шараларын сақтай отырып ғылыми әдiстермен және құралдармен тиісті түрде жүргiзіледі;
3) теңiз ғылыми зерттеулерi процесiнде жиналған барлық деректер олар өңделген және талданған соң Қазақстан Республикасына берiлуге және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдын ала рұқсатынсыз еркiн таратылмауға және жарияланбауға тиiс.
37-бап. Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттік бақылау
Мұнай операцияларының жүргiзiлуiне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар (өздерiнiң құзыры шегiнде) жүзеге асырады. Бұл органдардың тексеру жүргiзетiн қызметкерлерi коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Мұнай өндiрудi бақылау
Егер мердiгер өндiрудi негiзсіз бастамай отырса немесе кен орнының геологиялық мүмкiндiгiн ескере отырып мұнайды жеткiлiксіз деңгейде өндiретiн болса, құзыреттi орган жазбаша хабарлар ету арқылы мердiгерге белгiлi бір мерзiмде кен орындарын игерудiң оңтайлы тәжiрибесiмен негiзделген мөлшерде өндiрудi қамтамасыз ететiн шаралар қолдану қажеттiгiн атап көрсетуi мүмкiн. Хабарлама белгiленген мерзiмде орындалмаған ретте Лицензиялық орган осы Заңның 27-бабына сәйкес контрактiнi бұзуға құқылы.
39-бап. Өндiрiлген мұнайды өлшеу
1. Контрактi аумағында өндiрiлген мұнайды өлшеу мен салмақтауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен әдiске сәйкес мердiгер жүргiзедi.
2. Мердiгер белгiленген тәртiппен уақыттың белгiлi бір кезеңi сайын құзырлы орган өкiлiнiң қатысуымен мұнайды салмақтау мен өлшеу үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен аспаптарды жүйелi түрде сынақтан өткiзiп отырады.
3. Егер сынаған немесе тексерiп қараған кезде жабдықтар немесе аспаптар ақаулы болып шығып, оның бұзылу мерзiмiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақаулық мерзiмi бұрынғы өлшеген кезден бастап ақау анықталған күнге дейiнгi уақыттың жартысы ретiнде белгiленедi.
7-тарау. Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Мердiгердiң құқықтары
Мердiгер:
1) егер мұның өзi контрактiде көзделсе, контрактi аумағында мұнай операцияларын айрықша негiзде жүргiзу;
2) контрактi аумағында жұмыстардың қалыпты жүргiзiлуiн жүзеге асыруға қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк сала объектілерін салуға, сондай-ақ контрактi аумағында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де иелерiмен уағдаластық бойынша жалпы пайдаланымдағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалану;
3) мұнай операцияларын жүргiзуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерiн орындау үшiн көбiне Қазақстан Республикасы ұйымдары арасынан қосалқы мердiгерлердi тарту;
4) осы Заңның 35 және 36-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де мұнайдың (өнiмдердiң) және ілеспе құрамдардың үлесiне, соның iшiнде жекелеген скважиналарды жүргiзу және сынақпен пайдалануға беру кезiнде алынған өзiне тиесiлi үлесiне иелiк ету;
5) контрактiнiң қолданылу мерзiмiн осы Заңның 26-бабында белгiленген мерзiмдерден әрi ұзарту туралы келiссөздердi бірiншi кезекте жүзеге асыру;
6) өз құқықтарының бәрiнен немесе бір бөлiгiнен бас тартуға және контрактiде белгiленген шарттармен контрактi аумағында да, сол сияқты республикада да өз қызметiн тоқтату құқығына ие болады.
ҚР 11.08.99 ж. № 467-1; 01.12.04 ж. № 2-III (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Мердiгердiң мiндеттерi
Контрактiнi жүзеге асыру барысында мердiгер:
1) халықаралық iс-тәжiрибеде қабылданған стандарттарға негiзделген мұнай операцияларын жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
2) контрактi аумағын контрактiде көзделген мақсаттарға ғана пайдалануға;
3) мұнай операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарына қатаң түрде сәйкес жүргiзуге, қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды орындауға;
4) басқа мердігерлердің контрактi аумағында еркiн жүруiне, жалпы пайдаланудағы объектiлер мен коммуникацияларды пайдалануына немесе, егер бұл қауiпсіздiктiң ерекше жағдайларына байланысты болмаса және мұндай қызмет мұнай операцияларын жүргiзуге бөгет жасамаса, жұмыстың кез келген түрiн, соның iшiнде, мұнайды қоспағанда, басқа табиғи ресурстарды барлауына, игеруi мен өндiруiне кедергi келтiрмеуге;
5) қызметкерлер мен халықтың қауiпсіздiгiн қамтамасыз ететiн мұнай операцияларын жүргiзуге арналып белгiленген тәртiппен бекітілген технологиялық схемалар мен жобаларды ұстануға;
6) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
7) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшiн әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, егер бұл қызметтер көрсету мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сай болған жағдайда, қазақстандық ұйымдарды мiндеттi түрде тартуға;
8) келісім-шартта айқындалған көлемде келісім-шарт бойынша тартылған қазақстандық қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау бойынша оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
9) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпаратты бepугe;
10) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының бақылау органдарына қажеттi құжаттарды, ақпаратты кедергiсіз беруге және жұмыс орындарына жiберуге;
11) егер мұнай операцияларының мазмұны туралы ақпарат беру қажеттiгi туған жағдайда, егер контрактiде өзгеше белгiленбесе, бұл ақпаратты тараптардың жалпы келісімiмен ғана үшiншi бір адамға беруге;
12) контрактi аумағындағы қызметтiң нәтижесi бойынша геологиялық және геофизикалық ақпаратты жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға түсiруге;
13) салықтар мен өзге мiндеттi төлемдердi дер кезiнде төлеп тұруға;
14) контрактiге сәйкес әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға қатысуға;
15) мәдени-тарихи маңызы бар объектiлер сақтауға;
16) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң ұзақ мерзiмдi экологиялық және экономикалық түйiндерiне жасауға;
17) мұнай операцияларын жүргiзу салдарынан бұзылған жер учаскелерi мен басқа да табиғи объектiлердi өз есебiнен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан әрi пайдалануға жарамды күйiне жеткiзiп, қалпына келтiруге мiндеттi.
8-тарау. Арналы труба құбыры көлiгi
42-бап. Арналы труба құбырына меншiк құқығы
1. Арналы труба құбыры бөлiнбейтiн технологиялық жүйе болып табылады және ол мемлекеттік меншiкте де, сондай-ақ өзге меншiкте де болуы мүмкiн.
2. Арналы труба құбырын басқаруды, егер контрактiде өзгеше көзделмесе, оны меншiктенушi жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Арналы труба құбырын пайдалану
1. Арналы труба құбыры объектілерін пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Арналы труба құбырын Техникалық пайдалану, оның қауiпсіздiгi мен қорғалуы туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік органдар, кәсiпорындар, жердi пайдаланушылар, лауазымды адамдар мен азаматтар Арналы труба құбыры иесiмен өзара iс-қимыл жасаған кезде аталған ережелер орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Энергиямен жабдықтайтын кәсiпорындардың Арналы труба құбыры иесiмен келiспей энергия тұтынудың белгiленген лимиттерiн шектеу жөнiнде режимдiк шаралар жүргiзуiне тыйым салынады.
3. Арналы труба құбырының иесi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың және басқа да мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың келiсуi бойынша Арналы труба құбыры объектілерін қауiпсіз пайдалану шарттарын қамтамасыз ету, мүмкiн болатын аварияларды, төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою жөніндегі бірлескен шараларды әзiрлейдi.
4. Арналы труба құбырының иесi оны техникалық пайдалану, қауiпсіздiк және қорғау ережелерiн сақтауға жауапты болады.
5. Арналы труба құбырының күзетiлетiн аймағында оның иесiмен келiспей жұмыс пен iс-қимылдың кез келген түрiн атқаруына тыйым салынады.
6. Қауіпсіздiктi қамтамасыз ету үшiн құрылыс нормаларымен және ережелерiмен белгiленген ең жақын қашықтық шегiнде Арналы труба құбырына қатысы жоқ қандай да болсын объектiлердi салуға тыйым салынады.
44-бап. Арналы труба құбыры иесiнiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен және жүк жөнелтушiлермен өзара қарым-қатынасы
1. Мұнайды айдау, сақтау мен бөлу процестерiне байланысты Арналы труба құбырының жедел өндiрiстiк қызметiне жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың араласуға құқық жоқ.
2. Арналы труба құбырының авариялық қызметiнiң қызметкерлерi, авариялық және арнайы техника басқа жұмыстарға тартыла алмайды.
3. Арналы труба құбырының өткізу қабiлетiнiң резервi болған жағдайда оның иесiнiң жүк жөнелтушiге мұнайды тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл ретте жүктi жөнелтушiлердiң біркелкi тарифтер бойынша көлiк қызметiнiң көрсетiлуiне тең құқығы болады.
45-бап. Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану
Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Су асты труба құбырлары мен кабельдерiн орнату, тарту мен пайдалану кезiнде қауiпсіздiк пен айналадағы ортаны қорғау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)
9-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, халықтың
және қызметкерлердiң қауiпсіздiгi
46-бап. Табиғатты қорғау шараларының мәртебесi
Табиғатты қорғау шараларын орындау және халық пен қызметкерлердiң денсаулығын сақтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады әрi бүкiл мұнай операцияларын болжау (жоспарлау), жобалау және оларды жүргiзу жөніндегі шаруашылық қызметiн жүзеге асыру үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама
Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт жасау үшiн қажеттi экологиялық негiздеме белгiленген қызметтiң қоршаған ортаға әсер етуiн (ҚОӘБ) мiндеттi түрде бағалай отырып нұсқалық негiзде орындалған, мұнай операцияларының экологиялық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттік экологиялық сараптама жасаудың оң қорытындысы болып табылады.
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
48-бап. Мониторинг
Қоршаған ортаға келеңсіз әсердi жою мен оны азайту жөніндегі шараларды қолдану және мұнай операцияларын экологиялық жағынан қауiпсіз жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында мұнай операциялары басталғанға дейiн және олардың бүкiл кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы табиғатта болып жатқан өзгерістер мен жүргiзiлген шаруашылық қызметiнiң оған әсер ету сипаты туралы жедел кешендi ақпарат алу жүйесiн мониторинг құруға тиiс.
49-бап. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғаттың ерекше қорғалатын объектілерінде мұнай операцияларын жүргiзу
1. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектілерінде мұнай операцияларын жүргiзу мүмкiндiгi туралы жалпы шешiмдi мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.
2. Теңiзде, ішкi су тоғандарында, төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарында және табиғат пен мәдениеттiң ерекше қорғалатын объектілерінде мұнай операцияларын жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Кен орындарын пайдаланған кезде Теңiзде қорықтық бөлiгiнде мұнай тасымалдау табиғат қорғау туралы заңдарда белгiленген талаптар сақталған жағдайда труба құбырлары арқылы жүзеге асырылады.
10-тарау. Коммерциялық шарттар
50-бап. Валюталық операциялар
Мердiгер мен қосалқы мердiгердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
51-бап. Кеден режимi
Кеден режимi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
52-бап. Салықтар мен төлемдер
Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мердiгер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылады.
11-тарау. Құқықтық шарттар
01.12.04 ж. № 2-III ҚР Заңымен 53-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)