1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы былайша белгiленедi:
1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
2) орта басшы құрамдағы, сондай-ақ арнайы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнайы полковник атағы бар адамдар үшiн - елу жас;
3) жоғары басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бес жас.
2. Қажет болған жағдайда қаржы полициясы органдары жекелеген қызметкерлерiнiң қызметте болу мерзiмi Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленетiн тәртiппен ұзартылуы мүмкiн.
16-бап. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтi тоқтатудың негiздерi
1. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтi тоқтатуға мыналар негiз болады:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босатылу;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу;
3) қаржы полициясы органдарының қызметкерiн заңда белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
4) қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қайтыс болуы;
5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысуы;
6) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуi немесе ақталуға жатпайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi:
1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) қызметте болудың шектi жасына жетуiне байланысты;
3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе қызметке жарамдылығының шектеулi екендiгi туралы қорытындысы негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына байланысты;
5) өз тiлегi бойынша;
6) келісім-шартты бұзуға байланысты;
7) аттестациялық тәртiппен белгiленген қызметке сай келмеуiне байланысты;
3) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) беделiн түсiретiн терiс қылық жасаған кезде;
10) қызмет тәртібін үнемi бұзғаны үшiн;
11) заңдарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыстан босатылады.
3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi, егер босатылатындар әскери қызметке жарамды, запаста болатын адамдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасқа жетпеген болса, запасқа әскери есепке қойылып шығарылады.
17-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң арнайы атақтары
1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне мынадай арнайы атақтар белгiленедi және берiледi:
1) қатардағы құрам:
қаржы полициясының қатардағы қызметкерi;
2) кiшi басшы құрам:
қаржы полициясының кiшi сержанты;
қаржы полициясының сержанты;
қаржы полициясының аға сержанты;
қаржы полициясының старшинасы;
3) орта басшы құрам:
қаржы полициясының кiшi лейтенанты;
қаржы полициясының лейтенанты;
қаржы полициясының аға лейтенанты;
қаржы полициясының капитаны;
4) аға басшы құрам:
қаржы полициясының майоры;
қаржы полициясының подполковнигi;
қаржы полициясының полковнигi;
5) жоғары басшы құрам:
қаржы полициясының генерал-майоры;
қаржы полициясының генерал-лейтенанты.
2. Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнайы атақтарын беру (олардан айыру) тәртібі Қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
6-тарау. Қаржы полициясы органдарының
қызметкерлері мен зейнеткерлерін
әлеуметтік қөрғау
18-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамтамасыз ету
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бюджет қаражаты есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң біртұтас жүйесi негiзiнде белгiленедi және оған ақшалай қаражат пен қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген үстемеақы кiредi.
2. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнайы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.
3. Ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi тегiн нысанды және арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етiледi, оның үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
5. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдарын есептеу iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
6. Асыраушысынан айырылған жағдайда және мүгедектiгi бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
19-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң демалыстары
1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де демалыстар берiледi.
2. Еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есеппен) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күнге;
он бес жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк он күнге;
жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күнге ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.
20-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаза тапқан
(қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктер
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мертiккен жағдайда - оның өзiне, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бюджет қаражаты есебiнен біржолғы өтемақы төленедi.
Бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi - қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiн бір жылдың iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның отбасына соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде біржолғы өтемақы төленедi.
3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде, оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде біржолғы өтемақы төленедi.
4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпаған ауыр мертiккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бір жарым айлық ақшалай қаражат, орташа мертiгу жағдайында - бір айлық ақшалай қаражат, жеңiл мертiгу жағдайында жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде біржолғы өтемақы төленедi.
5. Егер қаржы полициясы органдары қызметкерiнiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейдi.
6. Қаржы полициясы органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн үш айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде біржолғы өтемақы төленедi.
21-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен
зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқықтары
1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан тұрғын-жаймен бірiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2. Қаржы полициясы органдарында қызметте тұрған қызметкерлер өздерi тұрып жатқан, қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендiре алады.
3. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ қаржы полициясы органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйден, басқа тұрғын үй берiлмей тұрып, шығарылуға тиiс емес.
4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамдардың отбасы олар қаза тапқан күннен бастап бір жылдан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын-жай алуға құқылы.
22-бап. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен
зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
1. Қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша олармен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерiн ескере отырып, тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызмет ақыларын төлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте белгiленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.
2. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары қолданылады.
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Қаржы полициясы органдарын қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
24-бап. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң
жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекеттерiне шағым жасау құқығы
1. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.
2. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң, 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-14-баптарды қоспағанда, жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының