3) оқу қабілеті - (дәрістік, кәсіби және басқа да) білімді қабылдап және түсіне алу, дағдылар мен машықтарды (әлеуметтік, кәсіптік, мәдени және тұрмыстық) игеру қабілеті, сондай-ақ білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі;
4) еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті) - жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті;
5) бағдарлана білу қабілеті - уақытта және кеңістікте бағдарлана білу қабілет;
6) қарым-қатынас жасау қабілеті - адамдар арасында ақпаратты қабылдау, қайта өңдеу және алмасу жолымен қарым-қатынас орнату қабілеті;
7) өзінің жүріс-тұрысын бақылау қабілеті - өзін сезіне білу және әлеуметтік-құқықтық нормаларды ескере отырып барабар мінез-құлыққа қабілеті;
8) ойын және танымдық қызметке қабілеті - құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау, алатын тәжірибесінің болмысы мен елесін талдау қабілеті, бала жаста жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу және даму қабілеті;
9) белсенді қозғалу қабілеті - баланың денесінің жай-күйін өзгерту, кеңістікте қозғалу арқылы әртүрлі қимылдарды орындау, объектілердің орнын ауыстыру, қозғалту немесе манипуляциялау, жүру, жүгіру, кедергілерден өту және әртүрлі көлік түрлерін пайдалану қабілеті.
4. Тіршілік-тынысының шектелуін біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
1) өзіне өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - көмекші құралдарды пайдалана отырып, өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
екінші дәреже - көмекші құралдарды пайдалана отырып және/немесе өзге адамдардың көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
үшінші дәреже - өзін өзі күтуге қабілетінің болмау және басқа адамдарға толық тәуелді болуы;
2) өз бетімен жүріп-тұру қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - қажет кезінде көмекші құралдарды пайдалана отырып, неғұрлым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетімен жүріп-тұру қабілеті;
екінші дәреже - көмекші құралдарды пайдалана отырып және/немесе басқа адамдардың көмегімен өз бетімен жүріп-тұру қабілеті;
үшінші дәреже - өз бетімен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болуы;
3) оқуға қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және (немесе) қосымша құралдарды пайдалана отырып жалпы үлгідегі оқу орындарында оқуға қабілеттілігі;
екінші дәреже - тек арнайы оқу орындарында немесе арнайы бағдарламалар бойынша үй жағдайында және\немесе көмекші құралдарды пайдалана отырып және/немесе өзге адамдардың көмегімен оқуға қабілеттілігі;
үшінші дәреже - білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабілетсіздігі;
4) еңбек қызметіне қабілетінің (еңбек қабілетінің) шектелуі:
бірінші дәреже - біліктілігін төмендеткен немесе өндірістік қызметтің көлемін азайтқан жағдайда, еңбек қызметін орындауға қабілеті, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкіндігінің болмауы;
екінші дәреже - көмекші құралдарды пайдалана отырып, арнайы жасалған жағдайларда және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін орындауға қабілеті;
үшінші дәреже - еңбек қызметіне қабілетсіздігі;
5) бағдарлануға қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - көмекші құралдарды пайдаланған жағдайда бағдарлай білуге қабілеті;
екінші дәреже - қажет кезінде көмекші құралдарды пайдалана отырып, басқа адамдардың көмегін талап ететін бағдарлануға қабілеті;
үшінші дәреже - бағдарлануға қабілетсіздігі (дезориентация);
6) қарым-қатынас жасау қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - ақпаратты меңгеру, қабылдау және беру жылдамдығының төмендеуімен, көлемінің кішіреюімен сипатталатын қарым-қатынас жасау, қажет кезінде көмекші құралдарды және/немесе ымдау тілі маманының қызметін пайдалану қабілеті;
екінші дәреже - көмекші құралдарды пайдалана отырып және/немесе басқа адамдардың көмегімен қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі;
үшінші дәреже - қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі;
7) өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - өзінің мінез-құлқын өз бетімен бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі;
екінші дәреже - өзінің мінез-құлқын тек қана бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толық бақылау қабілеті;
үшінші дәреже - өзінің мінез құлқын бақылау қабілетсіздігі;
8) ойын және танымдық қызметке қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - организмнің қандай да бір жүйесінде баланың одан әрі дамуын және әлеуметтік-рөлдік ұстанымының қалыптасуын шамалы дәрежеде қиындататын кемістіктің болуына орай ойын қызметі белсенділігінің төмендеуі. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың қажеттігі. Жүзеге асырылу үдерісіне баса назар аударуды және жеке тәсілді талап ететін танымдық және ойнау қызметі;
екінші дәреже - уәждеменің едәуір төмендеуіне немесе организмнің негізгі жүйелерінің айқын функционалдық жеткіліксіздігіне немесе соматикалық денсаулықтың бұзылуына орай танымдық және ойын қызметін нәтижелі жүзеге асырудың мүмкін болмауы. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың тиімсіздігі;
үшінші дәреже - ойын қызметіне қабілетінің болмауы немесе күрт төмендеуі және басқа адамдарға толық тәуелділік;
9) қозғалыс белсенділігіне қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже - жүру ұзақтығының қысқаруы және сапасының нашарлауы, өздігінен жүріп-тұруға жалпы қабілетінің сақталуы кезінде қарапайым орнын толтыру құралдарын немесе тіректі пайдалану, жекелеген қозғалу актілерін орындау немесе жасына қарай көзделген қашықтықты еңсеру кезінде тұрақты көмекті пайдалану аясында еңсеретін қашықтық алыстығының азаюы. Ұсақ манипулятивтік қозғалыстардың дамуы екі эпикриздік мерзімге артта қалған. Дене жағдайын ұстау қабілетінің төмендеуі қосымша фиксация құралдарын пайдалану қажеттілігінсіз қозғалу режимінің сақталуын талап етеді;
екінші дәреже - жүру арқылы қашықтыққа қозғалыстың көмекші құралдар орнын толтыра алмайтындай бұзылуы. Қозғалыс кезінде ересектер тарапынан тұрақты көмек қажет. Денені белгілі бір жағдайда ұстап тұру қабілетінің шектелуі фиксацияның, түзеудің әдістері мен т.б. қосымша тәсілдерін талап етеді. Тепе-тең қозғалу сапасының күрт төмендеуі мен санының азаюы, манипулятивтік қозғалыс дамуының айқын бұзылушылығы байқалады;
үшінші дәреже - кеңістікте қозғалу, дене жағдайын сақтау мен манипулятивтік қызмет қабілетінің күрт шектелуі немесе толық болмауы. Қозғалыс функциясын сырттан тұрақты күтіммен немесе көлік құралын (кресло-арба) пайдалану есебінен толық ауыстыру, сондай-ақ толық көлемдегі тұрақты қосымша күтім қажет.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу ережесіне
3-қосымша
Мүгедектік тобы және/немесе КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және/немесе ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесінің қатысушысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткенге дейін
белгіленетін анатомиялық кемістіктердің
тізбесі
1. Мүгедектіктің бірінші тобы және/немесе КЕА дәрежесі 90-нан 100 %-ды қоса алғанға дейін және/немесе ЖЕА дәрежесі 80-нен 100 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
1) екі қолдың буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
2) екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы;
3) екі көздің де толық көрмеуі (жарықты сезінбеуі).
2. Мүгедектіктің екінші тобы және/немесе КЕА дәрежесі 60-тан 89 %-ды қоса алғанға дейін және/немесе ЖЕА дәрежесі 60-тан 79 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
1) екі қолдың анатомиялық кемістіктері:
біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;
біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы;
екі қолдың буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы;
екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы;
қолды иық буынынан кесіп тастау;
2) екі аяқтың анатомиялық кемістіктері:
Шопар бойынша табан тұқылдары;
тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды кесіп тастау;
жамбас санды буыннан кесіп тастау;
протездеуге келмейтін санның көп бөлігінің кесілуі;
екі аяқтың жіліншіктің немесе санның буынының протезделген кесілген тұқылдары;
3) аяқ-қол анатомиялық кемістіктерінің өзге де ақаулармен және аурулармен ұштасуы:
тізе тұқылы немесе барлық төрт бақай сүйектерінің болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің кесілуімен ұштасқан бір аяқтың көп бөлігінің кесілуі;
бір қолдың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі;
бір аяқтың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі.
3. Мүгедектіктің үшінші тобы және/немесе КЕА дәрежесі 30-дан 59 %-ды қоса алғанға дейін және/немесе ЖЕА дәрежесі 30-дан 59 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
1) қолдың тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері:
біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің болмауы;
біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың бақай сүйектерінің болмауы;
тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы;
тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы;
екі қолдың да бірінші саусақтарының болмауы;
бір қолдың кесілген тұқылы;
айқын білінетін контрактура (буындағы қозғалыс көлемі 10 градусқа дейін) немесе функционалдық қолайсыз қалыптағы (60 градустан кем немесе 150 градустан артық) немесе ең шеткі супинациядағы немесе ең шеткі пронациядағы жағдайда білектің қозғалуы кезіндегі шынтақ буынының анкилозы;
резекциядан кейінгі иықтың немесе шынтақтың бос буыны;
жедел емдеуге болмайтын болса, иықтың немесе білектің екі сүйегінің жалған буыны;
анкилоз немесе біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың немесе біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың функционалдық қолайсыз жағдайдағы айқын білінетін контрактурасы (қозғалыстың 5-8 градус шегінде шектелуі);
2) аяқтың және омыртқаның тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері:
Пирогов бойынша кесілгеннен кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;
Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екі жақты тұқылдары;
аяқтың 10 және одан да көп сантиметрге қысқаруы;
айқын білінетін контрактура немесе жамбас-сан буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан артық және 150 градустан кем);
тізе буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан кем);
жедел емдеуге келмейтін санның немесе тізенің екі сүйегінің жалған буыны;
резекциядан кейінгі жамбас-санның бос буыны;
айқын білінетін контрактура немесе табанның ақаулы қолайсыздығымен қоса, тізе-табан буынының анкилозы немесе екі тізе-табан буынының анкилозы;
операциялық араласу нәтижелері тиімсіз болғандағы жамбас-сан буынының туа біткен немесе пайда болған шығып кетуі;
түзету операциясын жасауға болмайтын IV дәрежедегі кифосколиоз;
ығысқан және ішкі органдардың анық білінетін функционалдық бұзылған қабырғалар анық майысқан IV дәрежедегі сколиоз;
3) басқа да туа біткен және пайда болған кемістіктер мен аурулар:
егер протездеу шайнауды қамтамасыз ете алмаса, операциялық емдеуге жатпайтын жақтың немесе қатты таңдайдың кемістіктері;
кеңірдектің болмауы салдарынан тұрақты канюля киіп жүру;
есту протезін қою мүмкін болмағанда IV (71-90 дБ) дәрежедегі екі құлақтың кереңдігі, керең-мылқаулық, екі құлақтың кереңдігі (90 дБ астам);
бір көздің толық көрмеуі немесе бір көздің болмауы;
гастрэктомия;
тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі пульмонэктомия;
тыныс алу жеткіліксіздігі болғанда 5 және одан көп қабырғаның резекциясымен торакопластика;
гипофизарлы нанизм, остеохондропатия, аласа бойлылықты остеохондродистрофия (әйелдер үшін - 130 см-ден төмен, ерлер үшін - 140 см-ден төмен);
қол буынының немесе қолдың сал болуы, аяқтың сал болуы, едәуір трофикалық бұзылған екі қолдың немесе екі аяқтың айқын парезі: иық буынының гипотрофиясы - 4 см-ден жоғары; білек - 3 см-ден жоғары; сан - 8 см-ден жоғары; сирақ - 6 см-ден жоғары.
4. КЕА дәрежесі 5-тан 29 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:
алақан сүйегінде басы жоқ бір немесе бірнеше саусағынан айырылған кезде КЕА кестеге сәйкес белгіленеді.
Жұмысында екі қол буынының барлық саусақтарын пайдалануды талап ететін (музыканттар, зергерлер және т.б.) адамдар үшін КЕА дәрежесі 5 % артады.
Жұмысы қармау функциясына ғана есептелеген адамдар үшін КЕА дәрежесі 5 %-ға, ал шынашағынан айырылу аталған санаттағы жұмысшылардың КЕА 5% азайтуға алып келеді, себебі қармау күші төмендейді.
Кесте
| I саусақ | II саусақ | III саусақ | IY саусақ | Y саусақ |
тырнақ фалангасы | негізгі фаланга | алақан сүйек |
I саусақ | тырнақ фалангасы | 0/0 | | | | | | |
негізгі фаланга | | 20/15 | | | | | |
алақан сүйек | | | 20/15 | | | | |
II саусақ | | 25/20 | 30/25 | 5/0 | | | |
III саусақ | | 25/20 | 30/25 | 20/15 | 0/0 | | |
IY саусақ | | 20/15 | 25/20 | 25/15 | 20/15 | 0/0 | |
Y саусақ | | 20/15 | 25/20 | 15/10 | 15/10 | 20/15 | 0/0 |
Ескертпе: алымында жетекші қолға арналған КЕА пайыздары (оң қолдылар үшін оң қол, солақайлар үшін сол қол);
бөлімінде - жетекші емес қол үшін (оң қолдылар үшін сол қол, солақайлар үшін оң қол).
Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу ережесіне
4-қосымша
Мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін
берілетін медициналық айғақтардың
тізбесі
1. Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар:
1) созылмалы қан айналымы жеткіліксіздігінің ІІІ дәрежесі;
2) өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің ІІІ дәрежесі;
3) гемиплегия, гемипарездің едәуір немесе айқын білінетін айқындалған түрі;
4) параплегия, төменгі парапарездің айқындалған түрі;
5) триплегия, трипарездің айқындалған түрі;
6) тетраплегия, тетрапарездің айқындалған түрі;
7) айқын білінетін атаксия, гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
8) екі балтыр тұқылы немесе келтенің одан да жоғары деңгейлері;
9) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;
10) аяқтардың туа біткен кемістігінен жүріп-тұрудың айқын білінетін бұзылуы;
11) паркинсонизм, акинеттік-регидті түрі.
2. Серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз етілетін медициналық айғақтар:
1) гемиплегия, гемипарездің айқын білінетін түрі;
2) параплегия, төменгі парапарездің айқын білінетін түрі;
3) триплегия, трипарездің айқын білінетін түрі;
4) тетраплегия, тетрапарездің айқын білінетін түрі;
5) екі балтыр тұқылы немесе келтенің одан да жоғары деңгейлері;
6) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;
7) аяқтардың туа біткен даму кемістігінен жүріп-тұрудың айқын білінетін бұзылуы;
8) қан айналымының ІІІ дәрежедегі созылмалы жеткіліксіздігі.
3. Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен қамтамасыз ететін медициналық айғақтар:
1) бір аяқтың сал болуы немесе өте айқын білінетін парезі;
2) параплегия, аяқ парапарезінің айқын білінетін түрі;
3) гемиплегия, гемипарездің айқын білінетін түрі;
4) аяқтардың тромбо-облитерация ауруларының күре тамырларының созылмалы жеткіліксіздігінің IIІ-ІV дәрежесі;
5) аяқтардың көк тамыр ауруларының созылмалы жеткіліксіздігінің III-ІV дәрежесі;
6) бір аяқтың немесе екі бірдей аяқтың кемінде 2 ірі буынының қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бітуі;
7) Шарп әдісі бойынша екі табанның бірдей келтелілігі (табан сүйектерінің басын кесіп тастау) және екі табанның одан да жоғарырақ келте болуы;
8) аяқтың балтырдан келте болуы және аяқтың одан да жоғары кесілуі;
9) жамбас пен сан буындардың кейіннен шығып кетуі;
10) жамбас пен санның немесе тізенің жансыз болып қалған буындары;
11) жамбас пен сан буындарының шор болып бітуі немесе айқын білінетін қолайсыз бітуі (қозғалу көлемі 10 градустан кем);
12) тізе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық шор болып бітуі немесе айқын білінетін функционалды қолайсыз болып бітуі;
13) екі аяқтың да сирақ буындарының шор болып қатып қалуы немесе айқын білінетін қолайсыз болып бітуі;
14) екі сан немесе екі балтыр сүйектерінің 170 градустан кем дұрыс бітпеген сынықтары;
15) аяқтардың 2 және одан да көп ірі сүйектерінің созылмалы жыланкөзбен іріндеп-қабынуы (2 жылдан астам), жарықшақтанып шіруі, терең жара болуы;
16) екі сан немесе екі балтыр сүйектерінің 170 градустан кем болып дұрыс бітпеген жалған буындары немесе ірі сүйек (сүйек аумағының жартысынан астамының көлденеңінен немесе шетінен бұзылуы бар) кемістігі немесе балтыр жілігінің ақауы;
17) бір аяқтың 10 сантиметрге және одан да көбірек қысқаруы;
18) жарақаттанудың салдарынан ұзақ уақыт бойы жазылмайтын (6 айдан астам) немесе жиі қайталанатын балтырдағы алаңы 20 шаршы сантиметр (бұдан әрі - ш. см), табанның үстіңгі жағындағы алаңы 10 ш. см, табандағы кемінде алаңы 2 ш. см және одан да көп көлемдегі трофикалық жаралар;
19) омыртқа сүйектерінің айқын білінетін бұзылуы бар IV дәрежедегі қисаюы.