2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.
Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болмайды.
33. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін өлшемшарт болып табылады:
1) үшінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
2) үшінші дәрежедегі жүріп тұру қабілеті;
3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек ету қабілеті);
4) үшінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
5) үшінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу қабілеті;
6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
34. Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін өлшемшарт болып табылады:
1) екінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
2) екінші дәрежедегі жүріп тұру қабілеті;
3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек ету қабілеті);
4) екінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
5) екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу қабілеті;
6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
7) екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
35. Тіршілік-тынысының мынадай санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін өлшемшарт болып табылады:
1) бірінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
2) бірінші дәрежедегі жүріп тұру қабілеті;
3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек ету қабілеті);
4) бірінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
5) бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу қабілеті;
6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
7) бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.
5. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу өлшемдері
36. ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек ету қабілетінен айырылуға (жоғалтуға) әкеп соқтырған оқиға (әлеуметтік қатер) туындағанда белгіленеді.
Тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын құжаттар болған кезде ЖЕА туындады деп есептеледі.
37. ЖЕА туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕА дәрежесі 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.
38. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына осы Ережеге 2-қосымшада көзделген, еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша ЖЕА мынадай жағдайларда белгіленеді:
1) еңбек ету қабілетінің шамалы білінетін шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты шамалы білінетін бұзылуы кезінде 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін;
2) еңбек ету қабілетінің білінетін шектелуіне әкеп соқтырған организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы кезінде 60-тан 79 пайызды қоса алғанға дейін;
3) еңбек ету қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының айтарлықтай немесе айқын білінетін тұрақты бұзылуы кезінде 80-нен 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.
6. Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу өлшемдері
39. Жазатайым оқиға туралы акті зақым келген қызметкерге КЕА дәрежесін белгілеуге негіз болып табылады, сондай-ақ кәсіптік аурулар жағдайында Ұлттық еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар орталығының қорытындысы ұсынылады.
Зақым келген қызметкердің бірнеше кәсібі болған жағдайда КЕА дәрежесін белгілеу кезінде негізгі кәсібі деп оны орындаған кезде денсаулығына зақым келген немесе жұмыс өтілі ұзақтау және ең жоғары біліктілікке жеткен немесе арнайы білім алу жолымен алған кәсібін есептеу керек.
40. Зақым келген қызметкерлерге осы Ережеге 2-қосымшада көзделген еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеп соқтырған организм функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша КЕА дәрежесі 5-тен 100 пайызды қоса алғанға дейін мынадай жағдайларда белгіленеді:
1) егер зақым келген қызметкер өзінің кәсіби қызметін біліктілігінің шамалы немесе орташа төмендеуімен, не атқаратын жұмысы көлемінің азайтылуымен, немесе егер, оның кәсіптік қызметін орындауы бұрынғыдан көп күш қажет ететін жағдайда және/немесе кәсіптік ауыруы кезінде зиянды және/немесе қауіпті өндірістік фактор әсерінің азайтылуымен жалғастыра алса, КЕА дәрежесі 5-тен 29 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді;
2) егер зақым келген қызметкер өзінің кәсіби қызметін әдеттегі өндірістік жағдайларда біліктілігінің айқын төмендеуінен не атқаратын жұмыс көлемінің азаюынан жалғастыра алған немесе ол егер кәсіптік қызметін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылулары салдарынан және/немесе кәсіптік ауыруы кезінде зиянды және/немесе қауіпті өндірістік фактор әсерінің азайтылуымен жалғастыру қабілетінен айырылған жағдайда, КЕА дәрежесі 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді;
3) егер зақым келген қызметкер өзінің кәсіби қызметін организм функцияларының білінетін бұзылуы салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедекке жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленіп, мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып арнайы жұмыс орны құрылып, арнайы жасалған жағдайларда ғана атқара алатын жағдайда, КЕА дәрежесі 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді;
4) егер кез келген кәсіби қызмет түрін арнайы жасалған жағдайларда да атқаруға нақты қарсы айғақтары болған кезде, зақым келген қызметкер организм функцияларының айқын бұзушылықтары салдарынан кәсіптік еңбек ету қабілетінен толық айырылған жағдайда, КЕА дәрежесі 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгіленеді.
41. Өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурулардың салдары кезінде КЕА дәрежесі пайызбен организм функцияларының білінетін бұзылулары мен еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін мөлшер шегінде белгіленеді. Өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар салдары функциялардың бұзылу сипаты бойынша әртүрлі болған жағдайларда, КЕА дәрежесі ауырлық дәрежесі бойынша айқын білінетіндігіне қарай айқындалады.
КЕА дәрежесі егер өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру зақым келген қызметкердің бұрыннан бар ауруын нашарлатып жіберген әрбір жағдай бойынша жеке пайызбен белгіленеді. Бұл ретте КЕА пайызы организм функцияларының бұрынғы бұзылуының және еңбек ету қабілеті шектелуінің біліну дәрежесіне орай КЕА пайызы жиынтығында организм функцияларының білінетін бұзылулары мен еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін мөлшер шегінде болуы тиіс екені ескеріле отырып, белгіленеді.
42. Сақтанушы мен сақтандырушының МӘС бөлімі және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімі зақым келген қызметкерді куәландырған (қайта куәландырған) кезде қатысуға құқығы бар.
43. МӘС бөлімі КЕА дәрежесі белгіленген мерзімге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына сәйкес куәландырылатын адамның:
1) қосымша медициналық көмекке (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енбейтін), оның ішінде қосымша тамақтануға және дәрі-дәрмек сатып алуға;
2) зақым келген қызметкерге басқа адамның, оның ішінде оның отбасы мүшелері жүзеге асыратын күтімге (арнайы медициналық және тұрмыстық);
3) санаторлық-курорттық емделу кезеңіндегі барлық демалыс уақытына және зақым келген қызметкердің емделу орнына баруына және келуіне, қажетті жағдайларда - оны алып жүретін адамның санаторлық-курорттық емделу орнына бару және кейін келу жол ақысын қоса алғанда, санаторлық-курорттық емделуге;
4) зақым келген қызметкерге еңбек қызметіне және тұрмыста қажетті техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарына;
5) арнайы жүріп-тұру құралдарымен, сондай-ақ осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес медициналық айғақтары болған кезде мүгедектердің арнаулы автокөлігімен қамтамасыз етуге;
6) кәсіптік оқуға (қайта оқуға);
7) қажетіне қарай арнаулы жағдайлар жасай отырып жұмысқа орналастыруға қажеттілігін анықтайды.
7. Мүгедектік мерзімін және/немесе еңбек ету қабілетінен
айырылу дәрежесін есептеу және бұрын белгіленген мерзімді қайта
куәландыру тәртібі
44. Егер куәландырылатын адам МӘС бөліміне белгіленген мерзімде қайта куәландыруға келмесе, және қайта куәландыру кезінде оған қайтадан мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген болса, мерзімін өткізген кезеңге мыналар есептеледі:
1) бір айға дейін, қайта куәландырудың алдыңғы белгіленген күнінен бастап бір айдан аспайтын қайта куәландырудың кезекті мерзімін өткізіп алған жағдайда;
2) үш жылға дейін, дәлелді себептер (үздіксіз ұзаққа созылған стационарлық емделуіне не табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты келуге мүмкіндігінің болмауы) бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған жағдайда.
45. Мүгедектерді және еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды, сондай-ақ оларға мүгедектік немесе еңбек ету қабілетінен айырылу қайта куәландыру мерзімінсіз немесе жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленген адамдарды мерзімінен бұрын қайта куәландыру осы Ереженің 10-тармағында белгіленген тиісті құжаттар бойынша мынадай жағдайларда:
1) денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде;
2) мүгедектік себебін өзгерту мақсатында;
3) куәландырылатын адамның өтініші негізінде, бірақ белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін екі ай қалғанда;
4) аумақтық бөлімшенің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде;
5) жалған құжаттарды беру, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталған кезде, мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.
8. Сараптамалық қорытындыға шағымдану тәртібі
46. МӘС бөлімінде куәландырылған (қайта куәландырылған) күннен бастап МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысына МӘС әдіснама және бақылау бөліміне бір ай ішінде шағымдануға болады.
47. МӘС бөлімінің және/немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысына азамат немесе оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотта шағымдана алады.
48. Азаматтардың, мүгедектердің және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу ережесіне
1-қосымша
Он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық
айғақтар
1. Мүгедектік 6 ай немесе 1 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.
Мүгедектікті белгілеу 6 ай немесе 1 жыл мерзімге бұзылған функцияларды қалпына келтіру немесе едәуір жақсарту, адамның толыққанды өмірге оралу мүмкіндігін көздейді:
1) бас-ми жарақатынан, нейроинфекциядан және жүйке жүйесінің басқа да органикалық ауруларынан кейінгі шамалы білінетін қозғалу, психикалық, сөйлеу бұзылушылықтары;
2) операциядан кейінгі кезеңде (6 айдан астам) ұзақ мерзімді қалпына келтіру және оңалту іс-шараларын талап ететін жай-күй;
3) ағымының ұзақтығы 2 айдан асатын геморрагиялық васкулит кезінде туындаған патологиялық жай-күйлер (екі және одан да көп синдромдардың үйлесуі);
4) асқазанның, ұлтабардың жара ауруының асқынған ағымы;
5) дененің артық салмағы аясында 2-типті орта дәрежедегі қант диабеті;
6) процесс белсенділігінің жоғары дәрежесі 3 айдан асатын дәнекер тіннің диффуздық зақымдануынан туындаған патологиялық жай-күйлер;
7) баланың тіршілік көрсеткіштері бойынша (айқын білінетін зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруі және т.б.) тағайындалған әсері күшті препараттарды ұзақ (3 айдан астам) уақыт пайдаланудан туындаған, ұзақ терапевтік түзеуді талап ететін патологиялық жай-күй;
8) коагулопатиялар мен тромбоцитопатия аясында жатырдан дисфункциялық қан кетуі.
2. Оның негізінде мүгедектік 2 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.
Бұл топқа қалпына келтіру немесе жақсарту әжептәуір уақыт аралығын қажет ететін немесе болжамы белгісіз патологиялық жай-күйлер енеді:
1) сөйлеу, көру, есту қабілеттерінің бұзылуымен немесе оларсыз жүріп-тұруымен ұштастырылатын біркелкі білінетін тұрақты бұзылуы (бір немесе бірнеше буынның парезі, плегиялары, тұрақты гиперкинездер, қимыл үйлесімінің бұзылуы және т.б.);
2) сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылуы (алалия, афазия, түзеуге келмейтін түрі), дизартрия мен кекештенудің ауыр түрі;
3) омыртқа жұлынының зақымдануынан болған жамбас органдары функцияларының білінетін бұзылуы;
4) тұрақты терапевтік резистентті эпилептиформалық жай-күйлер (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын), жиі болатын шағын және тырыспасыз ұстамалар (аптасына 2-3 рет);
5) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психопатиялық жай-күйлер;
6) есту, көру, сөйлеу, жүріп-тұру аппаратының, басқа да органдардың немесе жүйелер функциялары мен мінез-құлықтың патологиялық нысандарымен ұштасатын есуастық дәрежесіндегі ақыл-ой кемістігі;
7) тұрақты әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соқтыратын мінез-құлық патологиясы, эмоционалдық-жігер аясының бұзылуы;
8) жақсырақ көретін көздің көру қабілетінің (түзетумен) 0,19 қоса алғанға дейін төмендеуі немесе жақсырақ көретін көздің көру өрісінің шоғырлану нүктесінен барлық бағыттарда 25 градусқа дейін тарылуы;
9) есту функцияларының болмауы (ІІІ (56-70 дБ) - IV (71-90 дБ) дәрежедегі екі жақты құлақ мүкістігі);
10) туа біткен немесе пайда болған кеңірдек, көмекей ауруларының салдарынан трахеотомикалық түтіксіз өздігінен дем ала алмауы;
11) ауырлығы орта дәрежедегі бронхиалды ентікпе;
12) асқазан-ішек жолдары, бауыр және өт жолдары аурулары, мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) мен даму ақаулары кезіндегі ас қорыту органдары функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы;
13) белгілі бір жасқа дейін оперативтік емдеуге болмайтын жүрек кемістігі, І-ІІ дәрежедегі жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен асқынған ірі қан тамырлары дамуының кемістіктері;
14) І-II дәрежедегі жүрек функциясының тұрақты жеткіліксіздігі, айқын білінетін созылмалы гипоксемия, жүрек функциясының бұзылуына байланысты, оның ішінде кардиостимулятор орнатылғаннан кейінгі синкопальдік жай-күйлер;
15) бүйрек функциясының айқын білінетін тұрақты бұзылуы, бүйрек тініндегі патологиялық процесс белсенділігінің жоғары дәрежесі;
16) терінің және/немесе шырышты қабықтың қимыл белсенділігінің күрт шектелуіне және әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соғатын ауқымды зақымдануы (жара болу, эритродермия, айқын қышыну, тыртықтардың пайда болуына байланысты өзгерістер, папилломатоз және басқалары);
17) туа біткен немесе тұқым қуалайтын қан аурулары кезіндегі гемоглобиннің бір литрге 100 граммнан (бұдан әрі - л/г) кем болып төмендей отырып, жылына бір реттен артық болатын анемиялық криздер;
18) қатерсіз ісіктің салдарынан болған орган функциясының айқын бұзылуы және/немесе айқын білінетін косметикалық кемістік;
19) тірек-қозғалыс функцияларының айқын бұзылуы бар жамбас пен сан буындарының туа біткен немесе кейіннен шығып кетуі;
20) организм функцияларының біркелкі білінетін бұзылуы бар органдардың немесе жүйелердің туберкулезі;
21) инсулинотерапия аясында немесе помпа арқылы инсулин алушылар, оның ішінде микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар алғаш анықталған 1-типті қант диабеті;
22) терапияға резистенттік белгілері бар және микротамырлық асқынулардың (пролиферативті емес ретинопатия, микроальбуминурия сатысындағы нефропатия, сезімталдықтың бұзылуымен полинейропатия) ерте сатылары бар 2-типті қант диабеті (оның ішінде МОDY), қант диабетінің басқа қайталама типтері;
23) қалпына келтіру және негізгі емдеу әдісін таңдау кезеңіне ауыр дәрежелі тиреотоксикоз белгілері бар диффузды уытты зоб.
3. Мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер:
1) бірқалыпты тұрақтануы басталғанға дейінгі туа біткен тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары (фенилкетонурия, целиакция және басқалары);
2) тіршілік-тынысының бұзылуына және әлеуметтік бейімсізденуге әкеп соқтыратын туа біткен, тұқым қуалайтын аурулар мен синдромдар;
3) асқынған лейкоз, лимфогрануломатоз;
4) ісік процесінің сатысына қарамастан, хирургиялық және басқа да емдеу түрлерінен кейінгі кез келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер;
5) бас сүйектің көлемі үлкейген және гипертензиялық синдромды нақты гидроцефалия, операция жасалған гидроцефалия;
6) сүйек тінінің айқын білінетін ауқымды деструкциялары (остеопороз, шеміршектің қосылуы), сүйектердің, буындардың, бұлшық еттердің қисаюына, аяқ-қол функцияларының II-ІІІ дәрежедегі бұзылуы бар қайталама патологиялық сынықтарға әкеп соғатын бұлшық еттердің патологиялық өзгерістері (миофиброз, диффузды кальциноз);
7) омыртқа мен кеуде қуысының ІІІ-ІV дәрежеде қисаюы, бір немесе бірнеше аяқ-қол буындарының тартылып және шор болып бітуі, ірі сүйектер жалған буындарының контрактуралары және/немесе анкилозына байланысты жүріп-тұру аппараты функцияларының бұзылуы;
8) туа біткен кемістігі салдарынан аяқ-қолдың немесе олардың сегментінің айқын білініп бұзылуы (мутиляция, контрактуралар, синдактилиялар, артропатиялар және басқалар);
9) органдардың жарым-жартылай немесе толық аплазиясы бар бет дамуындағы туа біткен ақауларға, сондай-ақ белгілі бір жасқа дейін оперативтік емдеуге болмайтын жұмсақ тіннің және бет скелетінің кейіннен пайда болған ақауларына байланысты тыныс алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу функцияларының айқын білінетін бұзылуы;
10) зәр мен үлкен дәреттің тұрақты тоқтамауы, мерзімі бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын ішектегі, қуық пен қуық-жыныс жолдарындағы жыланкөз жаралар.
4. Мүгедектік он алты жасқа толғанға дейінгі мерзімге белгіленетін функционалдық өзгерістер мен патологиялық жай-күйлер.
Тіршілік-тынысының тұрақты шектелуі, органдар функцияларының сауығу немесе әжептәуір жақсару деректері жоқ, тіршілік әрекетінің үдемелі шектелуі, емдеу мен оңалту іс-шараларының болжамды болашағы болмайтын кезде балаға он алты жасқа толғанға дейінгі мүгедектік белгіленеді:
1) бір немесе бірнеше буынның біркелкі білініп және айқын білініп сал болуы немесе терең парезі, тұрақты жайылған гиперкинезі (қос атетоз, хореоатетоз секілді), қимыл үйлесімінің білінетін бұзылуы;
2) екі және одан да көп жылдар бойы орын алатын терапевтік резистентті тырыспалар (айына 3-4 рет және одан да көбірек);
3) олигофрениялық немесе әртүрлі генездегі жарымес имбецилдік немесе идиотияның тиісті дәрежесі;
4) кереңдік (90 дБ астам), керең-мылқаулық;
5) жұлынның зақымдануына байланысты жамбас органдары функцияларының тұрақты бұзылуы, түзетуге келмейтін ішек және қуық-жыныс жолдарындағы жыланкөз жаралар;
6) тыныс функцияларының айқын бұзылуы бар туа біткен және тұқым қуалайтын қолқа-өкпе жүйесінің зақымдануы (муковисцидоз, асқынған альвеолиттер және өкпенің басқа да жайылмалы аурулары);
7) пайда болған және туа біткен сипаттағы созылмалы бронхиалды-өкпе аурулары кезіндегі ІІ және одан да жоғары дәрежедегі тыныстың тұрақты тарылуы, ентікпелі ұстаманың қалыптасуы және жүрек-тамыр, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы кезінде, бүйрек бездерінің созылмалы жеткіліксіздігіне әкеп соқтыратын гормондарға тәуелді бронхиалды ентікпе;
8) жүректің инкурабельді фонындағы ауруларының II-III дәрежедегі тұраланған жүрек кемістігі;
9) туа біткен, тұқым қуалайтын, кейіннен пайда болған ауруларға байланысты бауыр функциясының қайтымсыз айқын бұзылуы;
10) бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі, қатерлі гипертония, бүйректің асқынған қантсыз диабеті;
11) инкурабельді қатерлі ісіктер;
12) орган функциялары бұзылған жағдайда, хирургиялық әдіспен емдеуге келмейтін қатерсіз ісіктер;
13) организм функцияларының айқын білініп бұзылуына әкеп соғатын органдар мен жүйелердің болмауы (туа біткен немесе кейін пайда болған) немесе дамуы айқын жетілмеген кезде туындайтын патологиялық жай-күй;
14) аяқ-қолдың бір немесе бірнеше буынының деңгейіне қарамастан келте болуы;
15) өз еркімен жүріп-тұру немесе өзін өзі күту қабілетінің күрт шектелуі кезінде анкилоздарға, контрактураларға, патологиялық сынуға, скелеттің қисаюына әкеп соғатын скелет сүйектерінің жүйелі зақымдануы және тірек-қозғалыс аппаратының дамуындағы ақаулар;
16) ішкі секреция функцияларының жетіспеушілігі салдарынан организм функцияларының айқын білініп бұзылуы: қалпына келмейтін кейінгі тамырлы асқынуларымен дамыған (препролиферативті және пролиферативті ретинопатия, III дәрежедегі нефропатия, қайталама асқынуларымен және қалпына келмейтін бұзылулармен перифериялық, автономиялық немесе ауырсынатын түрдегі нейропатия, «диабеттік аяқ басы» синдромы) қант диабетінің барлық түрлері, қантсыз диабет (питуитрин-резистентті түрі), гипофиздің гармоналды белсенді ісіктері (гигантизм, Иценко-Кушинг ауруы, пролактинома), туа біткен, пайда болған, оның ішінде операциядан кейінгі, гипопитуитаризм, саматотропинмен емдеуге рефрактелік кезінде гипофизарлы нанизм; бүйрек безінің созылмалы жеткіліксіздігі (Аддисон ауруы, адреналэктомиядан кейінгі жағдай, бүйрек безінің туа біткен дисфункциясы), туа біткен немесе пайда болған гипотиреоздың ауыр түрі, туа біткен немесе кейіннен пайда болған гиперпаратиреоз және гипопаратиреоз, хромасомды аномалияның салдарынан туа біткен жыныстық жіктеудің бұзылуы;
17) созылмалы лейкоз, гистиоцитоз;
18) қан өндірудің орташа және ауыр дәрежедегі туа біткен және кейіннен пайда болған гипо- және апластикалық жай-күйлері (гемоглобин 100 г/л төмен, тромбоциттер 1 куб миллиметрде (бұдан әрі - 1 куб. мм) 100 мыңнан төмен, лейкоциттер 1 куб. мм 4 мың. кем;
19) коагулопатия мен тромбопатияның ауыр түрлері, ауыр геморрагиялық криздер үздіксіз қайталанып отыратын созылмалы тромбоцитопеникалық пурпура (қандағы тромбоциттер саны 50 мың және 1 куб. мм-ден кем);
20) туа біткен иммундық тапшылық жағдайы. Ауыр аралас иммундық жеткіліксіздік, агамма- және гипогаммаглобулинемия, лимфа байланыстарының, өкпенің, бауырдың, басқа да органдардың бактериямен зақымдалуын тудыратын септикалық гранулематоз;
21) қан сарысуындағы Е иммунноглобулиннің бір литрде 1000 КЕД артық концентрациясымен тері асты клетчаткаларының, өкпенің, бауырдың және басқа да органдардың көбіне «салқын» абсцестерін тудыратын Е гипериммунноглобулинемия синдромы;
22) пайда болған иммунитет тапшылығы, адамның туа біткен иммундық тапшылық жай-күйлерінің айқын көрінісі;
23) туа біткен және пайда болған анофтальм, бір көздің немесе екі көздің толық көрмеуі.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу ережесіне
2-қосымша
Организмнің негізгі функцияларының бұзылуын және тіршілік
тынысының шектелуін жіктеу
1. Адам организмінің негізгі функцияларының бұзылуын жіктеу:
1) организмнің психикалық функцияларының бұзылуы (аңғару, зейін, еске сақтау, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, жігер, парасат, сана, мінез-құлық, психомоторлық функциялар);
2) сезіну функцияларының бұзылуы (көру, есту, иісті сезу, түйсіну және сезімталдықтың бұзылуы);
3) статикалық-динамикалық функциялардың (бастың, кеуденің, аяқ-қолдың қозғалу функцияларының, статиканың және қозғалыс үйлесімдігінің) бұзылуы;
4) қан айналымы, тыныстау, ас қорыту, сыртқа шығару, зат пен энергия алмасу, ішкі секреция, қан түзілуі, иммунитет функцияларының бұзылуы.
2. Организм функцияларының бұзылуын біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
1) бірінші дәреже - функциялардың шамалы білінетін бұзылуы;
2) екінші дәреже - функциялардың орташа білінетін бұзылуы;
3) үшінші дәреже - функциялардың білінетін бұзылуы;
4) төртінші дәреже - функциялардың едәуір немесе күрт білінетін бұзылуы.
3. Тіршілік-тынысының негізгі санаттарын жіктеу:
1) өзін өзі күту қабілеті - негізгі физиологиялық қажеттіктерін өз бетімен қанағаттандыра алу, күнделікті тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабілеті;
2) өз бетімен жүріп-тұру қабілеті - кеңістікте өз бетімен қозғала алу, кедергілерден өту, өзі орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметтер шегінде денесін тепе-тең қалпында ұстай білу қабілеті;