Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын
біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. № 334; 02.03.00 ж. № 344;
26.12.02 ж. № 1373; 02.10.03 ж. № 1015
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі өзінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензияларды берудің тәртібі мен шарттары туралы ережелерін қараңыз
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | О. Жандосов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. № 334; 02.03.00 ж. № 344; 26.12.02 ж. № 1373 (бұр. ред. қара); 02.10.03 ж. № 1015 қаулыларымен Біліктілік талаптар өзгертілді
Өнеркәсіп саласындағы қызметтің
лицензияланатын түрлеріне қойылатын
Біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары қызметтің лицензиялауға жататын мынадай түрлері:
электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірісін, электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желілерін пайдалану және мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахталық, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау аппаратуралары мен жүйелерін, апатқа қарсы қорғаныс пен белгі бергіштерді, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желілерін жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу;
тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін жасау, жөндеу;
минералдық шикізатты өңдеу бойынша лицензиялар алуға талапкер заңды және жеке тұлғаларға қолданылады;
уларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.
мұнай өнiмдерiн өндiру
ҚР Үкіметінің 26.12.02 ж. № 1373 (күшіне енген жоқ) (қолд. ред. қара) қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды,
электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларды
пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге
қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптары:
1) энергиямен жабдықтаудың жұмыс істеп тұрған жүйесімен өлшемдері мен режимдері бойынша (кернеу, ток жиілігі, релелік және апатқа қарсы қорғаныш) технологиялық үйлесушілікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің;
2) жобалық құжаттамалар мен қолданылып жүрген санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес электр, өрт, жарылыс қауіпсіздігі талаптарына, техника қауіпсіздігі мен техниканы пайдалану ережелеріне сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың; технологиялық жабдықтың, құралдар мен технологиялық жарақтанудың; электр және жылу энергияларын есептеу, тарату және жұмсау аспаптарымен қамтамасыз етілудің;
3) жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды және жарақтарды пайдалану мен техникалық күтім жасауды;
жедел-диспетчерлік басқаруды және байланыс каналдарын;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысымен, белгіленген тәртіппен бекітілген энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтардың, бағдарламалардың және іс-шаралардың, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін - ағымдағы және күрделі жөндеулердің кестесінің;
5) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға лицензиялардың;
6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшылардың, техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелері білімдері біліктілік тексеруінен өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 26.12.02 ж. № 1373 (күшіне енген жоқ) (қолд. ред. қара) қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда
Өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірісін,
гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдері құбырларын,
көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін
қазандарды, ыдыстарды және құбыр желілерін пайдалануды жүзеге
асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік
талаптары
1. Біліктілік талаптары:
1) жер қойнауын пайдалану, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес келетін технологиялық регламенттер мен технологиялық жобалардың;
2) өндірістік-техникалық базаның: мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың (машиналар, механизмдер, жабдықтар, газ-мұнай өнімдері, қазандықтар, ыдыстар) және технологиялық желілердің;
3) дайын өнімдердің, жарылыс-өрт қаупі бар, күшті әсер ететін улы заттарды және өртке қарсы материалдарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
4) жабдықтарды, механизмдерді, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және техникалық күтім жасауды;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық қамтамасыз етуді;
жер қойнауын пайдалану кезіндегі маркшейдерлік жұмыстарды қамтамасыз ететін қызметтердің;
5) тау-кен техникалық және экологиялық қадағалау органдарының өтініш берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелерінің талаптарына, экологиялық нормаларға сәйкестігін растайтын қорытындыларының;
6) объектілерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі белгіленген тәртіппен бекітілген нұсқаулықтардың, өндірістегі болуы мүмкін аварияларды жою жоспарларының;
7) арнайы жұмыс түріне лицензиялардың (жер қойнауын пайдалану) құқығына, оларды пайдаланған жағдайда шетелдік жұмыс күшіне арналған);
8) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, техникалық пайдалану ережелері мен қауіпсіздік ережелері білімдерінен біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 26.12.02 ж. № 1373 (күшіне енген жоқ) (қолд. ред. қара) қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау,
тау-кен-шахталық, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын,
жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау
аппаратуралары мен жүйелерін, аварияға қарсы қорғаныс пен белгі
бергіштерді, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін
қазандарды, ыдыстарды және құбыр желілерін жобалауды, дайындауды,
монтаждауды және жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптары:
1) өндірістік-техникалық (жөндеу-механикалық) базаның: еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі саласындағы регламенттерге, техникалық жобаларға, заңдардың ережелеріне сәйкес келетін мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың;
2) өнімдердің, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігіне аттестацияланған лабораторияның (қызмет көрсетуге шарт);
3) жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды және жарақтарды пайдалану мен техникалық күтім жасауды;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) тау-кен техникалық және санитарлық қадағалау органдарының өтініш берушінің қауіпсіздік ережелері мен еңбек қорғау талаптарына, санитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын қорытындыларының;
5) шетелдік жұмыс күштерін пайдаланған жағдайда, оларды тартуға лицензиялардың;
6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшылардың, техникалық пайдалану ережелері және қауіпсіздік ережелері білімдерінен біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 02.03.00 ж. № 344 қаулысымен тарау жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 26.12.02 ж. № 1373 қаулысымен біліктілік талаптары толықтырылды (күшіне енген жоқ) (қолд. ред. қара);
Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге
асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын
біліктiлiк талаптары
1. Біліктiлiк талаптары:
1) электр энергиясын тұтынушыларға, оның iшiнде аймақтан тысқары жерлерге де берудiң техникалық мүмкiндігінің;
2) тиiсті білім деңгейiне жауап беретiн басшылары мен мамандарының біліктiлiк құрамының және аймақтық диспетчерлiк орталықпен жедел келiссөздер жүргiзу құқығы бар тәулiк бойғы жедел-диспетчерлiк қызмет үшiн оқытылған және аттестацияланған қызметшiлердiң;
3) коммерциялық есеп жүргiзудi және көрсеткiштердi интеграцияланған жинауды қамтамасыз ететiн қызметтің, сондай-ақ жедел-диспетчерлiк қызметтің немесе қандай да бiр болмасын құқықтық күшi бар диспетчерлiк орталықпен диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттардың (ой-ниет хаттамасының);
4) 10 000 ең төмен есептi көрсеткiштен кем емес мөлшерде айналымдық қаражатының;
5) өтінiш берушi мен энергия өндiрушiнiң, сондай-ақ энергия берушi ұйымдардың арасындағы авария жағдайына арналған резервтiк алмастыру шартымен электр энергиясын тұтынушыға беру және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ой-ниет хаттамаларының болуын қамтиды;
6) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысы.
ҚР Үкіметінің 26.12.02 ж. № 1373 қаулысымен біліктілік талаптары толықтырылды (күшіне енген жоқ) (қолд. ред. қара);
Уларды өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды, сатып алуды,
сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық
жүргiзушi субъектілерге қойылатын біліктiлiк талаптары*
1. Бiліктілік талаптары:
1) санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстік ғимараттардың;
2) қауiпсiздiк пен техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес келетін техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердiң, жабдықтардың, технологиялық желiлердiң;
3) уларды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың (санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау, iшкі iстер және өртке қарсы қызмет органдарының бiрлесiп тексерген актiсi);
4) улы заттар қоймасы күзетiнiң немесе күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлермен, күштi әсер ететiн улы заттарды (КӘУЗ) сақтаған жағдайда - iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiмен күзет қызметiн көрсетуге арналған шарттың;
5) мыналарды қамтамасыз ететін қызметтердiң:
жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауiпсiздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улы заттардың есепке алынуын;
қауiптi жүктердi тасымалдауды;
6) арнайы қорғаныш киiмнiң, жеке қорғаныш заттарының, өртке қарсы мүкәммалдың;
7) белгiленген тәртiппен бекітілген персоналды қауiпсiздiк техникасына оқыту жөніндегі нұсқаулықтың; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламалардың, іс-шаралардың;
8) тиiстi білім деңгейiне сай әрі мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар біліктi инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердiң біліктi құрамының, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетіндiгiне тексеруден өткен және улы заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар мамандардың;
9) өтініш берушінің белгiленген нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық, санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының;
10) уларды пайдалану (қолдану) кезiнде (өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында, қорғаныс мақсатында) тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган келісімiнiң;
11) шетелдік жұмыс күшін қолданған жағдайда, оларды тартуға арналған лицензияның;
12) сақтандырудың мiндеттi түрлерінің болуын қамтиды.
* Ескерту.
Шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қызметiнде уларды өндіру, қайта өңдеу, пайдалану және жою болмаған кезде, 1-тармақтың 1), 2), 5) (улы заттарды есепке алу мен тасымалдаудан басқа), 10) тармақшалары бойынша мәліметтерді беруі талап етілмейді.
Тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін
жасап шығаруды, жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптары:
1) өндірістік-техникалық (жөндеу-механикалық) базаның: технологиялық регламенттерге, техникалық жобаларға және газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес келетін технологиялық желілердің, мамандандырылған өндірістік ғимараттардың және инженерлік құрылыстардың;
2) жарылу, өртену қаупі бар газдарды (табиғи және сұйытылған), өртке қарсы құралдарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, сиымдылықтардың;
3) газ құбырлары мен баллондарды, оларды жөндеу жөніндегі (ауыр қалдықтарды баллондардан төгу, баллондарды буландыру, куәліктендіру және бояу) құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілер жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің авариясыз жұмысын (өздерінің авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы);
еңбектің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;
өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз етуші қызметтердің;
4) тау-кен техникалық қазандық газ қадағалаудың өтініш берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелері талаптарына сәйкестігін растайтын қорытындысының;
5) жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін белгіленген тәртіппен бекітілген нұсқаулықтарының - ыдыстар мен құбыр желілерін техникалық куәліктендіру, негізгі технологиялық жабдықты ағымдағы және күрделі жөндеулер кестелерінің;
6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшылардың, газ шаруашылығында техникалық пайдалану ережелері және қауіпсіздік ережелері білімдерінен біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
Минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын шаруашылық
жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Біліктілік талаптары:
1) қауіпсіздік және техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес келетін техникалық жобалар мен технологиялық регламенттердің, мамандандырылған өндірістік ғимараттардың, жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, инженерлік құрылыстардың, қалдық сақтағыштардың, шлам тұндырғыштардың;
2) дайын өнімдерді, жарылғыш, өртенгіш, күшті әсер ететін улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сиымдылықтардың;
3) жабдықтарды, механизмдерді, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;
өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) экологиялық және тау-кен техникалық қадағалаудың, өтініш берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау ережелері талаптарына сәйкестігін растайтын қорытындысының;
5) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға лицензиялардың;
6) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердің білікті құрамының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. № 334 қаулысымен жаңа тараумен толықтырылды
Мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыратын
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын біліктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары:
1) жер қойнауын қорғау қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк талаптарға сәйкес келетiн техникалық жобалар мен технологиялық регламенттердiң;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы өндiрiстiк-техникалық базаның: регламенттерге, нормативтерге, қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, машиналардың, агрегаттардың, бұрғылау қондырғыларының, механизмдердiң, жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының;
3) скважиналарды бұрғылау кезiнде пайдаланылатын жарылыс-өрт қауiпі бар, күштi әсер ететiн улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
4) бұрғылау қондырғыларын, агрегаттарды, жабдықтарды, механизмдердi, құралдар мен жарақтарды пайдалануды және оларға техникалық күтiм жасауды; еңбек қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды бақылауды;
метрологиялық қамтамасыз етудi қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
5) тау-кен техникалық және экологиялық қадағалау органдарының өтiнiш берушiнiң техника қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiнiң талаптарына, экологиялық нормаларына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларының;
6) мұнайгаз фонтандары мен атқылауларының алдын алу және жою жөніндегі ұйымдастыру жоспарының, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекітілген мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтардың;
7) оларды пайдаланған жағдайда, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатының;
8) тиiстi білім деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылардың, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетiндiгiне біліктілік тексеруден өткен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 02.10.03 ж. № 1015 қаулысымен жаңа тараумен толықтырылды
Мұнай өнiмдерiн өндiруге қойылатын біліктiлiк талаптары
Бiлiктiлiк талаптары:
1) еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес келетін өндiрiс паспорты мен технологиялық регламенттің;
2) өндірістік-техникалық базаның:
мамандандырылған өндiрiс ғимараттарының;
мұнай және (немесе) газ өңдеуші жабдықтардың, соның iшiнде стандарттау және өлшемдердiң бiртұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі тиiстi нормативтiк құжаттарға жауап беретiн технологиялық желiлер мен өлшеу құралдарының;
3) уәкiлетті органмен келісім бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттік орган белгiлейтiн талаптарға жауап беретiн мұнай өнiмдерiн өндiру мен сату көлемдерi туралы ақпаратты уәкiлеттi органға автоматтандырылған берудi қамтамасыз ететiн есепке алуды бақылау приборларының;
4) шикiзатты және дайын өнiмдi, жарылыс-өрт қаупі бар, әсерi күштi улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
5) өнiм сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестiгін бақылау жөніндегі аттестатталған зертхананың (қызмет көрсетуге арналған шарт);
6) белгiленген тәртiппен бекітілген:
объектiлердi қауiпсiз пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың;
өндiрiсте болуы мүмкiн аварияларды жою жоспарының;
7) мыналарды қамтамасыз ететiн қызметтердiң:
технологиялық процестердiң сақталуын және берiлген сападағы өнiмнiң шығарылуын;
жабдықтарды, тетіктерді, құрылғылар мен жарақтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
өндiрiсті метрологиялық қамтамасыз етудi;
8) өтiнiш берушiнiң қауiпсiздiк, қоршаған ортаны қорғау ережелерiне және санитарлық талаптарға сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық және санитарлық қадағалау қорытындыларының;
9) жұмыстың арнайы түрлерiне (мұнай өнiмдерiн тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсету болған кезде қауiпті жүктердi тасымалдауға, оны пайдаланған жағдайда шетелдiк жұмыс күшiн тартуға) лицензияның (рұқсаттың);
10) тиiстi білім беру деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша нақты жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылардың біліктi құрамының, техникалық пайдалану мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлуге біліктiлiк тексеруден өткен мамандардың болуын қамтиды.