2000 жылдың басынан бастап ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі проблемалары жөнінде (2000 жылдың проблемасы) Үкіметке материалдар дайындау;
ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру.
Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Біртұтас ақпараттық кеңістік құрудың тұжырымдамасын іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, саласындағы басымдықтарды айқындайды;
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың, процестерін үйлестіреді;
мемлекеттік мекемелерде ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құрудың, енгізудің, алып жүрудің және пайдаланудың процестерін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс әзірлейді және енгізеді;
Қазақстан Республикасын ақпараттандыру және Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мәселелерін шешу кезінде мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық жүйелердi сүйемелдеуге, құруға және дамытуға, сондай-ақ есептеу техникасымен қамтамасыз етуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджеттiң шығыстарын жоспарлау жөніндегі ұсыныстарының сапалы және жан-жақты сараптамасын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
Республикалық бюджет комиссиясына ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу, құру және дамыту бағдарламаларын қаржыландыру көлемдерi бойынша түпкi шешiмдер қабылдау үшiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласында бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсыныстары бойынша ақпараттық-ұсынымдық сипаттағы қорытындыны ұсынады.
Комиссияның құқықтары
ҚР ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870; 26.12.01 ж. № 1697 қаулыларымен өзгертілді
Комиссияның жүктелген міндеттерге сәйкес:
мемлекеттік мекемелерден Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет ақпарат сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер шығару, оларды өзгерту немесе тоқтату жөнінде ұсыныс енгізуге;
министрліктерден, ведомстволардан, кәсіпорындардан және ұйымдардан ғылыми және зерттеу мекемелерінен сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін келісім бойынша тиісті бейіндегі мамандар тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыруды жүргізу үшін, бюджет қаражаттарын, директивалық несиелерді және басқа да мемлекеттік қаржыландыру (оның ішінде заемдық) көздерін пайдалану жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы бар.
III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгерді
5. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның үш орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері кіреді.
6. Комиссияның төрағасы Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870 қаулысымен 7-тармақ алып тасталды
7.
8. Комиссияның жұмыстық мәжілістерінің материалдары Төрағамен келісілгеннен кейін, Комиссияның мәжілісіне дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.
9. Комиссия өзінің мәжілістерін қажеттілігіне қарай өткізеді.
10. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы - шешуші мәнге ие.
11. Комиссияның шешімі оның мәжілісінің хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Төраға мен хатшы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 02.03.99 ж. № 187; 14.09.99 ж. № 1389; 07.12.99 ж. № 1870; 24.01.01 ж. № 122; 26.12.01 ж. № 1697; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді және толықтырылды
ҚР Үкіметінің 09.07.04 ж. № 751 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi болып табылады.