“Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1276 және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 378 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық "Жетi Жарғы" заң әдебиетi баспасының, апталық заң газетiнiң қызметiн жетілдіру туралы және республикалық ғылыми-көпшiлiк журналын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 қыркүйектегi № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 31, 383-құжат):
1 және 2-тармақтар алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 457-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 2-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |