2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігiн аудандық жоспарлау жобасының) кешендi схемасын, облыс аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) облысты әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамындағы аумақтардың қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын (қарамағындағы әкiмшiлiк бөлiнiстердi аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ халық саны жүз мың тұрғынға дейiнгi облыстық маңызы бар қалалардың, қала үлгiсіндегі кенттер мен селолық елдi мекендердiң бас жоспарларының жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және оларды облыстық мәслихаттың бекітуiне ұсыну, олардың шекараларын белгiлеу мен өзгерту;
3) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлердi және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн облыстық мәслихаттың бекітуiне ұсыну;
4) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар енгізу;
5) республикалық маңызы бар қалалардың оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгіндегі бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
6) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарының жобаларына келісім беру;
7) облыстық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі комиссиялар құруға ұсыныстар енгізу;
8) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының жұмысына, мемлекеттік сараптама жобаларына жәрдем көрсету;
9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру кiредi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); орыс тіліндегі мәтінде 2-тармақтың бірінші абзацында - "әкiмдерiнiң" деген сөз "әкiмдiктерiнiң" деген сөзбен ауысытырылды
2. Облыс әкiмдерiнiң облыс қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
1) елдi мекендердiң бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшiн әзiрленiп жатқан қала құрылысы жобаларын iске асыру;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, облыстық маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
5) облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарына, мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметiне басшылық жасау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кiредi.
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
25-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен бірiншi абзац өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Қала (астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта белгiленген шекара шегiнде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
1) қаланың заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген бас жоспарын, заңдарда белгiленген тәртiппен қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған жапсарлас аумақтардағы қала құрылысының кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) iске асыру жөніндегі қызметтi үйлестіру;
2) қаланың бас жоспары жобасын, қала шегi мен қала маңындағы аймақ шекарасының, сондай-ақ қарамағындағы әкiмшiлiк аудандар мен серiктес елдi мекендердiң шекарасын белгiлеу мен өзгерту жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
3) қалалық мәслихаттың бекітуiне қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын ұсыну;
4) қалалық мәслихаттың бекітуiне қарамағындағы аумақта құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң қалалық ережелерiн ұсыну;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де үйлер мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн белгiлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) қалалық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегi комиссиялар құруға ұсыныстар енгізу;
7) қарамағындағы аумақтағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының жұмысына, мемлекеттік сараптама жобаларына жәрдем көрсету;
8) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
9) қаланың және қала маңындағы аймақтың бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшiн әзiрленiп жатқан қала құрылысы жобаларын бекіту және iске асыру;
10) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) қарамағындағы аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беру, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік қажеттерге алып қою жөнінде шешiмдер қабылдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) қалалық маңызы бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысты (объектiнi) тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
13) қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарына басшылық жасау;
14) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативпен күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру жатады.
16) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 26-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26-бап. Аудан (қала аудандарын қоспағанда) әкiмдiктерiнiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
1. Аудан (қала аудандарын қоспағанда) әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістерi туралы халыққа хабарлап отыру;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру жатады.
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. Жергiлiктi сәулет қала құрылысы және құрылыс органдарының құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары (қызметтерi) қарамағындағы аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік реттеудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жергiлiктi сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарының құзыретiне:
1) қарамағындағы аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргiзу;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында қала құрылысын игеру кезiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдар нормаларының, мемлекеттік нормативтердiң және белгiленген тәртiппен бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
4) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын, қала құрылысы тәртібін, құрылыс салудың аумақтық ережелерiн сақтай отырып iске асыруды қадағалауды жүзеге асыру;
5) жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер мен кешендердi орналастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 9) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 10) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
10) халқы жүз мыңнан асатын облыстық деңгейдегi қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 11) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
11) жобалық құжаттаманың сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылық жасау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 12) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
12) тиiстi аумақта қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінiң сақталуын, құрылыс сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және жергiлiктi маңызы бар сәулет-құрылыс бақылау жүйесiне басшылық ету жатады.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық) деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметiн қоса алғанда, өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мемлекеттік реттеу мәселелерi жөніндегi қызметiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттік органның алдында есеп бередi және оған әдiстемелiк тұрғыдан бағыныста болады.
5. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Облыстық және республикалық маңызы бар қалалық сәулет және қала құрылысы органының басшылары лауазымы бойынша тиiсiнше облыстың және республикалық маңызы бар қаланың бас сәулетшiсi болып табылады.
8. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
28-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттік жүйесi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттік реттеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдардың, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтiк құжаттар) Қазақстан Республикасы заңдарының құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесi:
1) мемлекеттік қала құрылысы нормативтерi мен регламенттерiн;
2) мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерiн, құрылыс нормаларын, жобалау және құрылыс жөніндегі ережелер жинағын, технологиялық жобалау нормаларын;
3) құрылыстағы мемлекеттік стандарттарды және техникалық талаптарды;
4) құрылыста басшылыққа алынатын республикалық құжаттарды;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау нормативтерiн;
6) құрылыстағы өзге де мемлекеттік қадағалау органдарының нормативтерiн қамтиды.
3. Халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгiзiлген мемлекеттік нормативтiк құжаттар жүйесi, сондай-ақ:
1) мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерін;
2) құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды;
3) жобалау және құрылыс жөніндегі мемлекетаралық ережелер жинағын қамтиды.
4. Мыналар мемлекеттік нормалау объектiлерi болып табылады:
1) қоныстандыру жүйелерi, елдi мекендер мен олардың бөлiктерi;
2) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың, сондай-ақ жекелеген үй-жайлардың сәулеттiк, технологиялық, инженерлiк және құрылыстық бөлiгi;
3) үйлердiң, ғимараттардың және өзге де құрылыстардың инженерлiк және (немесе) технологиялық жабдықтары;
4) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары;
5) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау-сметалық, құжаттамасы.
5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң, сондай-ақ жылжымайтын мүлiк объектілерінiң оларды пайдалану және күтiп ұстау бөлігiнде меншiк иелерi мен пайдаланушыларының (жалдаушылардың, жалға алушылардың) сақтауы мiндеттi болып табылады.
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мәселелерi жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік басқару және бақылау органдарының заңдарда белгiленген тәртiппен шешiмдер шығаруына негiз болып табылады.
7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттарды бекiткен мемлекеттік басқару органдары нормативтiк талаптардың техникалық, экономикалық және әлеуметтiк жағынан негiздiлiгi мен олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
8. Мемлекеттік нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекіту, тiркеу және қолданысқа енгізу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) тәртібін аталған мәселелер құзыретiне кiретiн басқа орталық атқарушы органдармен келісім бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтiк құжаттардың түрлерi
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер:
1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;
2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;
3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бірлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөніндегі талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;
4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;
5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;
6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;
8) баға белгiлеу және смета жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
9) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөніндегі нормативтiк құжаттарға;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, мемлекеттік экологиялық сараптама, өнеркәсiп және кен қадағалау жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгi жөніндегі мемлекеттік қызмет) саласындағы мемлекеттік қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;
11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.
30-бап. Құрылыс салу ережелерi
1. Елдi мекендердiң аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жергiлiктi жерде реттейтiн аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) құрылыс салу ережелерi қолданылады.
2. Құрылыс салу ережелерi аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары және елдi мекендердiң бас жоспарлары негiзiнде әзiрленедi.
3. Құрылыс салу ережелерi сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жер учаскелерiн пайдалану, елдi мекендер аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен оларға құрылыс салу жағдайлары мен талаптарын анықтайды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң жаңа объектілерін орналастыруға және салуға немесе қолда барын өзгертуге (қайта бейiндеуге, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға, реконструкциялауға, кеңейтуге, күрделi жөндеуге) рұқсат етiлетiн рәсiмдердi өткізу тәртібін белгiлейдi.
Ерекше қала құрылысын реттейтiн аумақтарда жылжымайтын мүлiк объектілерін орналастырудың, салудың немесе өзгертудiң қосымша талаптары белгiленуi мүмкiн.
4. Құрылыс салудың аумақтық ережелерiн әзiрлеу тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
5. Аумақтарда құрылыс салу ережелерiн бекіту және оларды қолданысқа енгізу немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Аумақтық құрылыс салу ережелерi экологиялық сараптамадан өткізiлуге тиiс.
6. Жобаларды келiсу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылысты бастауға) құрылыс салу ережелерi немесе оларға енгiзiлген өзгерістер қолданысқа енгенге дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат бұрын берiлген рұқсат құжаттарында көрсетiлген мерзiм iшiнде қолданылады.
Бұл ереже жаңа талаптарды енгізуге байланысты осының алдындағы ережелердiң қолданылуы адамдардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрудi жоймайтын жағдайларда қолданылмайды.
7. Құрылыс салу ережелерiне осы ережелердiң қолданылуы салдарынан заңды мүдделерi бұзылған жеке және заңды тұлғалар сот тәртібімен шағымдануы мүмкiн.
6-тарау. Сәулет-құрылыс бақылауы
31-бап. Сәулет-құрылыс бақылауын ұйымдастыру
1. Сәулет-құрылыс бақылауын:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
2) өздерiнiң бақылау-қадағалау өкiлеттiктерi шегiнде жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдары;
3) құрылысты техникалық қадағалауды және объектiнi пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру жолымен тапсырысшы;
4) құрылысқа авторлық қадағалау енгізу жолымен жобалық құжаттаманы әзiрлеушiлер;
5) жұмысшылар, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
2. Сәулет-құрылыс бақылауымен қоса: