Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"
мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 23 ақпандағы № 213 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін сақтау әрі қалпына келтіру мен оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
2. Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы мынадай санаттардағы жерлерден жалпы ауданы 93150 гектар жер учаскелері:
жер қорынан - жалпы ауданы 88136 гектар жер учаскелері;
орман қоры жерлерінен - Ұйғыр мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен жалпы ауданы 5014 гектар жер учаскелері алынсын және олар қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығымен Мекемеге берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері жер қоры және орман қоры жерлері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта орналасқан ормандар "табиғаттың мемлекеттік орман ескерткіштері" санатына жатқызылсын.
3. Алматы облысының әкімдігі Мекеме жерлерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде Мекеме жерлерінің шекарасын белгілесін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:
1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сомалар есебінен және солардың шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлімде:
"147 "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"46 "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі";
2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы № 1239 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 42, 423-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
"37. "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі".
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 23 ақпандағы № 213 қаулысына
қосымша
Алматы облысының аумағында құрылатын Шарын мемлекеттік
ұлттық табиғи паркіне тұрақты жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Р/с № | Жерлер санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары | Көлемі, га |
1. Еңбекшіқазақ ауданы - жер қорынан (жайылымдар) | 12730 |
2. Райымбек ауданы - жер қорынан (жайылымдар) | 10420 |
3. Ұйғыр ауданы - 1) жер қорынан (жайылымдар) | 64986 |
2) орман қорының жерлері (Ұйғыр ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі) оның ішінде: Шарын орманшылығы жиыны: | 5014 5014 70000 |
Барлығы | 93150 |