508-51) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импортына, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортына және (немесе) реэкспортына рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-52) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
508-53) ҚР Үкіметінің 2025.15.10. № 862 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-54) қорықшы төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-55) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды тікелей жүзеге асыратын, айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
508-56) балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
508-57) жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны балық шаруашылықтары субъектілеріне беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-58) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің тізбелерін айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан басқа санатқа ауыстырады;
508-59) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-60) балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
508-61) балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
508-62) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
508-63) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-64) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
508-65) ҚР Үкіметінің 2024.16.07. № 563 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-66) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді;
508-67) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
508-68) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-69) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-70) Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
508-71) табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-72) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-73) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
508-74) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-75) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-76) балық аулау объектілері болып табылатын балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
508-77) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-78) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-79) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-80) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
508-81) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
508-82) балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-83) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
508-84) балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-85) су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді, оларды орнатуды келіседі;
508-86) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
508-87) уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-88) ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін, сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
508-89) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-90) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
508-91) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-92) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді;
508-93) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлейді;
508-94) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
508-95) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар мен басқа да су жануарларын түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импортына, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортына және (немесе) реэкспортына рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
508-96) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
508-97) балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
508-98) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
508-99) балықтар мен басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
508-100) балықтардың қырылуына сөзсіз әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
508-101) су тарту және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;
508-102) балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
508-103) Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
508-104) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-105) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
508-106) балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
508-107) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
508-108) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-109) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану үшін белгіленген шектеулер мен тыйым салудың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-110) ҚР Үкіметінің 2024.16.07. № 563 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-111) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
508-112) үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;
508-113) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
508-114) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
508-115) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
508-116) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
508-117) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-118) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
508-119) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;
508-120) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
508-121) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және лизинг кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асырады;
508-122) ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-123) балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;
508-124) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-125) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-126) ҚР Үкіметінің 2025.15.10. № 862 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-127) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) бекітіп беру мерзімдерін ұзарту жөнінде шешімдер қабылдайды;
508-128) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;
508-129) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімдер қабылдайды;
508-130) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
508-131) мына:
өсімдіктер карантині;
өсімдіктерді қорғау;
ветеринария салаларында тергеп-тексеру жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
508-132) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
508-133) жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-134) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуі бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
508-135) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды босату құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдар тізбесін келіседі;
508-135) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
508-136) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi, паспорттардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тiркелуiн (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;
508-137) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етіп және осы негiздемелердi кейiннен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып әзiрлеудi ұйымдастырады;
508-138) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
508-139) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
508-140) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
508-141) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді;
508-142) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
508-143) ауыл шаруашылығы саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;
508-144) өз құзыреті шегінде өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды әзірлеуге қатысады;
508-145) «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
508-146) аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-147) бюджет қаражаты есебінен аквашаруашылықты дамыту жай-күйіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
508-148) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
508-151) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-152) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
508-153) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттар талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
508-154) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-155) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негiздемені әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-156) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-157) жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-158) аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
508-159) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-160) аквашаруашылық саласына су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-161) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
508-162) балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-163) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
508-164) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
508-165) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-166) жабайы жануарлар (балық ресурстары және басқа да су жануарлары) тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-167) сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың (балық ресурстарының және басқа да су жануарларының) қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-168) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
509) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бір бөлігінің қолданысын жояды немесе тоқтата тұрады;
5) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;