452) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
453) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
454) Министрліктің архитектурасын бекітеді және оны іске асыру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
455) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысады;
456) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің қарауындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
457) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
458) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін есепке алуды және өзектілендіруді жүзеге асырады;
459) ҚР Үкіметінің 2025.26.12. № 1149 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
460) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
461) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
462) өз интернет-ресурстарында Министрліктің ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты орналастырады;
463) интернет-ресурсты Министрліктің интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын және өзектендірілуін қамтамасыз етеді;
464) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
465) кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;
466) операторға «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды береді;
467) өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындайды;
468) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік бере отырып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
469) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, операторға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік береді;
470) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
471) бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады;
471-1) мемлекеттік қаржылай емес қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылай емес қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды) және мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
472) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекітеді;
473) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген, әзірленіп жатқан құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;
474) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
475) реттелетін салада мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
476) ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге жария талқылау жүргізуді жүзеге асырады;
477) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелермен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) олар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін орналастыруды жүзеге асырады;
478) ақпарат берудің сапасы мен уақтылылығына ішкі бақылау жүргізеді;
479) реттелетін салада біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
480) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
481) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
482) ҚР Үкіметінің 2025.29.04. № 286 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
483) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
483-1) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
483-2) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
483-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырады;
483-4) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
483-5) реттелетін салалардағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) жаңартады;
483-6) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
483-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
484) ҚР Үкіметінің 2025.26.12. № 1149 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
485) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
486) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
487) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
488) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
489) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
490) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;
491) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
492) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
493) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
494) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;
495) биоотын өндірісі паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
496) биоотын өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алуды бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
497) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынға кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
498) биоотын өндірісі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;
499) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;
500) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
501) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
502) өндірілетін және (немесе) өткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын келіседі;
503) өз құзыреті шегінде кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
504) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын бақылау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
505) Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарындағы бақылау пункттерінде автомобиль қатынасы шегінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
506) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша - есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы органдар қалыптастыратын азық-түлік тауарларын есепке алу жөніндегі ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
506-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
506-2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлайды, ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізеді;
506-3) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізеді;
506-4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
506-5) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
506-6) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
506-7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
506-8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
506-9) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;
506-10) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;
506-11) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
506-12) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;
506-13) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
507) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс өңдеу және ішкі тұтыным үшін өңдеу шарттары туралы құжат береді;
508) сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін деректер негізінде органикалық өнім өндірушілер тізілімін жүргізеді;
508-1) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
508-1) өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-2) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
508-2) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
508-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
508-3) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар береді;
508-4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік құжаттаманы (ақпаратты) береді;
508-4) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
508-5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келіседі;
508-5) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
508-6) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
508-6) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
508-7) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
508-8) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;
508-9) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;
508-10) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-11) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
508-12) биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-13) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
508-15) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды жүзеге асырады;
508-16) коллекциялық қызметті есепке алуды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-17) референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады;
508-18) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
508-19) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік фитосанитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;
508-20) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады;
508-21) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асырады;
508-22) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-23) молекулалық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-24) мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
508-25) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-26) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-27) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-28) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
508-29) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
508-30) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға қолжетімділікті, сондай-ақ генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;
508-31) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
508-32) ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;
508-33) ҚР Үкіметінің 2024.16.07. № 563 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-34) балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;
508-35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
508-36) балық ресурстарының және басқа су жануарларының санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-37) Қазақстан Республикасының Үкіметіне балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
508-38) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-39) су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-40) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
508-41) ҚР Үкіметінің 2024.16.07. № 563 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-42) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-43) ҚР Үкіметінің 2025.15.10. № 862 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-44) ҚР Үкіметінің 2024.16.07. № 563 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
508-45) сирек кездесетіндерден және құрып кету қаупі төнгендерден басқа балықтар мен басқа да су жануарларын эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-46) балықтар мен басқа да су жануарлары мониторингінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-47) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-48) үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;
508-49) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
508-50) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;