Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық
жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 Қаулысы
(2009.21.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.13.07. № 726; 2005.03.10. № 991; 2008.28.02. № 205 (бұр. ред. қара); 2008.18.04. № 365 (бұр.ред.қара); 2008.19.07. № 710 (бұр. ред. қара); 2009.21.11. № 1908 (бұр. ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 304 қаулысымен
бекiтілген
Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы
субъектілер монополиялық жағдайда болатын
салалардың тiзбесi
P/c № | Монополиялық жағдайда болатын мемлекеттік монополия субъектілерiнiң қызмет салалары | Субъектілердiң атауы | |
1 | 2 | 3 | |
1 | Мемлекеттік орман қорының шекараларын белгiлеумен, ормандарды түгендеумен және мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзудi жоспарлаумен байланысты орман орналастыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ орман орналастыру кәсiпорны» қазыналық кәсiпорны | |
2 | Мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзету | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң «Мамандандырылған күзет қызметi» мемлекеттік мекемелерi | |
3 | Мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң «Электрондық коммерция орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
4 | Аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингi | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
5 | ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1908 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) | |
6 | ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1908 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) | |
|
7 | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауру ошақтарын жою | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
8 | Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау | |
9 | Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын сақтау | |
10 | Тауар белгілерiн, қызмет көрсету белгiлерiн, тауарлардың шыққан орындарының атауын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi, селекциялық жетiстiктердi қорғау | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң «Ұлттық зияткерлiк меншiк институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
11 | Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын жасау | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң «Ақпараттық-өндiрiстiк орталық» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
12 | Мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторинг және қоршаған ортаның жай-күйiне мониторинг жүргiзу | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң «Қазгидромет» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
13 | Кәсiпорындарды этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру құқығына арналған лицензия беру алдындағы тексеру, спирт өлшейтiн аппараттарды юстировкалау және есептеу құралдарына құйып бақылау | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң «ҚазАлкоОрталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |
14 | Білім сапасының мониторингi, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, жоғары оқу орындарына қабылдау жөнiндегі кешендi тестілеу, жоғары білім бағдарламаларын iске асырушы ұйымдарды аралық мемлекеттік бақылауды және аттестаттауды жүргiзу кезiндегi тестілеу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | |
15 | Қан және олардың компоненттерiн дайындау, консервациялау, сақтау және сату | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық қан орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны | |
16 | Дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркеу кезiндегi сараптамалық жұмыстар | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |
17 | Электрондық сайлау жүйесi нфрақұрылымы объектiлерiнiң торабын ұстау және дамыту жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк техникалық орталығы« шаруашылық |
18 | Объектілер мен кешендер құрылысының жобаларына мемлекеттік сараптама жүргiзу | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстері комитетiнiң «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргiзу құқығындағы еспубликалық мемлекеттік кәсіпорны |