"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Р/с N | Атауы | СЭҚ ТН коды |
1 | 2 | 3 |
1. | Қара металдардан жасалған санитарлық- техникалық жабдық (оның бөлшектерiн қоспағанда), азаматтық авиация үшiн өзгелерi | 7324 90 100 0 |
2. | Тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, ысыту, пiсiру, қуыру, тазарту, ректификациялау, зарарсыздандыру, пастерлеу, буландыру, кептiру, булап тазарту, конденсациялау немесе салқындату сияқты температураның өзгеруі процесiнде материалдарды өңдеуге арналған электрмен қыздырылатын немесе электрмен қыздырылмайтын машиналар, өнеркәсiптiк немесе зертханалық жабдық (8514 тауар позициясындағы пештердi, камераларды және басқа да жабдықты қоспағанда); инерттiк емес су қыздырғыштар немесе жылу беретiн су аккумуляторлары, электрлі емес | 8419 11 000 0, 8419 19 000 0, 8419 31 000 0- 8419 81 100 0 8419 89 |
3. | Каландрлар немесе басқа біліктi машиналар | 8420 10 |
4. | Өлшенетiн жүктiң ауырлық күшiмен iске қосылатын, ең жоғарғы өлшеу салмағы 30 кг-дан астам, бiрақ 5000 кг-дан аспайтын есептеу немесе бақылау машиналарын қоса алғанда, өлшеуге арналған жабдықтар (сезiмталдығы 0,05 г немесе одан да жоғары таразылардан басқа, өзгелерi | 8423 82 900 0 |
5. | Ашалы қысқышы бар автотиеуiштер; көтергiш немесе тиеу-түсiру жабдығымен жарақтандырыл. ған өзге тиегiштер | 8427 |
6. | Көтеруге, тасымалдауға, тиеуге немесе түсiруге арналған өзге де машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтiлер, эскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар), өзгелерi | 8428 (8428 33-тен басқа) |
7. | Бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар өздігінен жүретiн бульдозерлер, грейдерлер, тегiстегiштер, скреперлер, механикалық күректер, экскаваторлар, бiр шөмiштi тиеуiштер, тегiстейтiн машиналар мен жол тегiстейтiн тығыздағыштар | 8429 |
8. | Топырақты, пайдалы қазбаларды немесе кенді тасымалдауға, жоспарлауға, профильдеуге, игеруге, таптауға, нығыздауға, ойып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен өзге дe тетiктер; қазықтар қағуға және оларды суырып алуға арналған жабдықтар; соқалы және роторлы қар тазартқыштар | 8430 |
9. | Топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары; көгалдарға немесе спорт алаңдарына арналған аунақтар | 8432 (8432 90 000 0-ден басқа) |
10. | Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар мен тетiктер, сабанды немесе пiшендi дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер; пiшен шалғылары немесе көгал шалғылары; 8437 тауар позициясындағы машиналардан басқа, жұмыртқаларды, жемiстердi немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар | 8433 (8433 20 590 0, 8433 30 100 0, 8433 90 000 0-ден басқа) |
11. | Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдық | 8434 (8434 90 000 0-ден басқа) |
12. | Шарап жасауға, сидр, жемiс шырындарын немесе оларға ұқсас сусындар өндiруге арналған жабдықтар | 8435 10 000 0 |
13. | Ауыл шаруашылығына, бау-бақшаға, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе омарташылыққа арналған жабдық, механикалық немесе қыздырғыш құрылғылары бар тұқым өcipугe арналған өзге де жабдықты қоса алғанда; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер | 8436 (8436 90 000 0 8436 99 000 0-ден басқа) |
14. | Тұқымдарды, астықты және құрғақ бұршақ дақылдарын тазартуға, сорттауға немесе iрiктеуге арналған машиналар; ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтан басқа, ұн тарту өнеркәсiбiне арналған немесе дәндi немесе құрғақ бұршақ дақылдарын өңдеуге арналған жабдық | 8437 (8437 90 000 0-ден басқа) |
15. | Мал немесе ұшпайтын өсiмдiк тоң майларын немесе майларын айырып алуға немесе дайындауға арналған жабдықтан басқа, азық-түлiк өнiмдерiн немесе сусындарды өнеркәсiптiк дайындауға немесе өндiруге арналған, осы топтың басқа жерiнде аталмаған немесе енгiзiлмеген жабдық | 8438 (8438 90 000 0-ден басқа) |
16. | Талшықты целлюлоза материалдарынан қоспа шығаруға немесе қағаз немесе картон дайындауға және өңдеуге арналған жабдық | 8439 (8439 91, 8439 99- дан басқа) |
17. | Кiтап блоктарын тiгуге арналған машиналарды қоса алғанда, түптеу жабдығы | 8440 (8440 90 000 0-ден басқа) |
18. | Барлық үлгiдегi кесетiн өзге де машиналарды қоса алғанда, қағаз қоспасынан, қағаздан немесе картоннан бұйымдар жасауға арналған жабдық | 8441-ден (8441 90-нан басқа) |
19. | Қарiп құюға немесе қарiп теруге арналған, баспаханалық блоктарды, пластиналарды, цилиндрлердi немесе басқа да баспаханалық элементтердi дайындауға немесе жасауға арналған машиналар, аппаратура және жабдық (8456-8465 тауар позицияларының станоктарынан басқа) | 8442 (8442 40 000 0-ден басқа) |
20. | Баспаханалық қарiптердiң, блоктардың, пластиналардың, цилиндрлердiң және 8442 тауар позициясының басқа да баспаханалық элементтерiнiң көмегiмен басу үшiн пайдаланылатын баспа машиналары; 8471 тауар позициясына кiретiндерден басқа бояу себетiн баспа машиналары; басу процесінде пайдаланылатын қосалқы машиналар | 8443 (8443 90-нан басқа) |
21. | Жасанды тоқыма материалдарын экструдациялауға, созуға, тоқуға, бояуға немесе қиюға арналған машиналар | 8444 00 |
22. | Тоқыма талшықтарды дайындауға арналған машиналар; тоқыма жiптi дайындауға арналған иiру, созу немесе орау машиналары және басқа да жабдық; ірі орайтын немесе орайтын (жiңiшке орауды қоса алғанда) тоқыма машиналар және оны 8446 және 8447 тауар позициясының машиналарында пайдалануға арналған тоқыма жіптi дайындайтын машиналар | 8445 |