"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының
кейбір мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 27 шілдедегі № 837 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келісім бойынша) "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "МЖЗҚ" ЖАҚ) акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын берсiн.
2. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 қыркүйектегi № 1372 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
4-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне:
үш күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "МЖЗҚ" ЖАҚ директорлар кеңесiнiң құрамы және бас директорының кандидатурасы жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |