Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 Қаулысы
(2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін
өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi № 837 қаулысында:
«Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «МЖЗҚ» ЖАҚ)»деген сөздер «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)