Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 152 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген инвестициялық преференциялар берiлетiн қызметтiң кiшi түрлерiнiң сыныптауыш деңгейiнде қызметтiң басым түрлерiнiң тізбесi:
мынадай мазмұндағы 64-бөліммен және жолдармен толықтырылсын:
"64 Байланыс 64.2 Электр байланысы
64.20 Электр байланысы, оның ішінде:
ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату
аппараттарын пайдалану;
ғарыш аппараттарын басқарудың жер үстi
кешендерiн және байланыс мониторингі жүйесiн
пайдалану;
ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату
аппараттарының транспондерлерiн ұсыну;
Жердi қашықтықтан зондпен тексеру жөнінде
қызметтер ұсыну;
ұтқыр байланыс және навигация жөніндегі
төменгi орбиталық ғарыш аппараттарының
қызметтерiн ұсыну;
кәбiлдiк, радиотрансляциялық, релелiк немесе
спутниктiк байланыс, телефон, телеграф
байланысы мен телекс, электр байланысы
желiлерiне техникалық қызмет көрсету, радио
және теледидар бағдарламаларын беру
(трансляциялау) жүйелерi арқылы дыбысты,
бейнелердi, деректердi немесе басқа
ақпараттарды берудi қоспағанда ";
2) көрсетiлген қаулымен бекітiлген инвестициялық преференцияларды уәкiлеттi орган беретін инвестициялардың ең жоғарғы көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзiмдерi:
мынадай мазмұндағы "Байланыс" деген бөлiммен және жолдармен толықтырылсын:
" Байланыс 100
Электр байланысы
5 млн. АҚШ долларын 1-5 2 2
қоса алғанға дейiн
5-тен 10 млн. АҚШ 1-5 3 3
долларын қоса
алғанға дейiн
10-нан 20 млн. АҚШ 1-5 4 4
долларын қоса
алғанға дейiн
20 млн. АҚШ 1-5 5 5
долларынан жоғары ".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |