09.07.04 ж. № 584-II ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 9-баптың редакциясы
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720; 20.07.95 ж. № 2375; 20.07.95 ж. № 2370 Жарлықтарымен 9-бап өзгертілді; ҚР 10.06.96 ж. № 5-1; 21.01.97 ж. № 68-1; 07.04.97 ж. № 89-1; 13.06.97 ж. № 121-1; 11.07.97 ж. № 154-1; ҚР 09.07.98 ж. № 277-1; 09.07.98 ж. № 280-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 09.12.98 ж. № 307-1; 30.12.98 ж. № 343-1; 16.07.99 ж. № 430-1; 08.10.99 ж. № 471-1; 29.11.99 ж. № 488-1; 05.07.00 ж. № 79-1; 15.01.01 ж. № 141-1; 13.06.01 ж. № 212-1; 15.12.01 ж. № 272-1; 17.01.02 ж. № 285-II; 10.07.02 ж. № 342-II; 07.04.03 ж. № 403-II; 08.05.03 ж. № 410-II (бұр. ред. қара); 04.06.03 ж. № 429-II; 01.07.03 ж. № 449-II; 13.01.04 ж. № 523-II (бұр. ред. қара); 10.03.04 ж. № 534-II ; 06.05.04 ж. № 550-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды
9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және
(немесе) ерекше маңызды мемлекеттiк мәнi
бар қызметтi лицензиялау
1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату;
3)
4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану;
5) байланыс саласында телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнінде қызметтер жасау және көрсету, жалпы республикалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдарын жобалау, салу, байланыс желілері мен жолдарын техникалық пайдалану;
6) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерi, соның iшiнде:
а) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, қайта құру, консервациялау және пайдаланудан шығару;
б) радиоактивтiк қалдықтарымен жұмыс iстеу;
в) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;
г) ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөнiндегi қызметтер;
д) радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
е) ядролық жарылыстар өткiзiлетiн орындардағы қызметтiң барлық түрлерi;
ж) ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау (транзиттiк тасымалдауды қоса);
з) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арнап қызметкерлер, мамандар даярлау және оларды аттестаттау;
7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату;
8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу;
9)
10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату;
11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау, салу және пайдалану;
12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
12-1) мұнай өнiмдерiн өндiру;
13)
14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;
15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру мен сату;
17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау;
18) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, өңдеу және көтерме өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi;
19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату;
20) жолаушыларды және жүктердi темiр жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар;
21)
22) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi қызметтер; әуежай қызметi, соның iшiнде:
а) азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, багажды, жүктi, почтаны өңдеу, оларды тексерiп қарау және бақылау;
б) аэродром, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану;
в) әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi, бақыланатын аймақта бақылау-өткiзу режимiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қызметтi қамтамасыз ету;
г) азаматтық әуе кемелерінің ұшуын Жарық түсiру-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, аэродром, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау;
д) азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;
е) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа тұтынушыларға арнаулы автокөлiк құралдарын беру;
ж) әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерiнде жолаушылар мен экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету;
з) жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi деректер жөнiнде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету.
23)
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөнiндегi қызметтiң барлық түрлерi;
25)
26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу мен топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату;
27)
28) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, оларды көтерме, бөлшек саудада сату;
29) минералдық шикiзатты ұқсату;
30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстар.
31) өлшем құралдарын тексеру, өндіру және жөндеу;
32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;
33)
34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету.
35) бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау, сондай-ақ гербтi қағаздар, чек кiтапшаларының бланкiлерi және депозиттiк сертификаттар;
36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет;
37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткiзуi;
38) сот-сараптама қызметi;
39) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бейнелейтiн Конституцияда айқындалған материалдық-бейнелеу заттарының өндiрiсi;
40)
41)
42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары.
43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;
құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу;
45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;
46) туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі;
47) темiр жолдың жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi дайындау және жөндеу;
48) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану;
49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар;
50) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою;
51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызмет;
52) кемелерге, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз және өзен порттарының қызметі;
53) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызмет;
54) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау;
55) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау;
56) арнайы су пайдалану, соның ішінде:
а) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, балық өсіру және көлік қажеттері үшін тәулігіне елу текше метрден жоғары көлемде жер үсті су объектілерінен су алу және пайдалану;
б) жер үсті су объектілерінен кейінгі су пайдаланушыға су алу және беру.
57) темекi өнiмдерiн өндiру.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi.