Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 571
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1342 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 514 Қаулысына сәйкес күші жойылды
Отандық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 571 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 253-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2003-2005 жылдарға арналған кредит саясаты туралы меморандумда:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) сапа менеджментінің жүйелерін және қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д.К. Ахметов |