Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау туралы ережеде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаларда:
ветеринариялық емдеу-алдын алу;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату;
жемшөптiк қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрсiз, минералдық-витаминдік азықтарды өндiру және сату;
ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, зоогигиеналық заттарды және зооветеринариялық мақсаттағы атрибуттарды сату;
мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
базарларда жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау;
зертханалық-диагностика қызметi;
2-2) мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды тіркеу сынағынан, байқаудан өткiзудi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды жарнамалау кезiнде олардың серияларын (топтарын) бақылауды;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жоюды;
мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсiпорындарда;";
8-тармақта «7-тармағының 1), 2),»деген сөздерден кейiн «2-1), 2-2),»деген сандармен толықтырылсын;
9-тармақта «тарауының» деген сөз тарауының 3) тармақшасын қоспағанда,»деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |