Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның, Зейнетақы
төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттік
әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған
әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі № 787 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 Қаулысымен күші жойылды
"Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 22 шілдедегі № 787 қаулысымен
бекiтілген
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкілеттi органның,
Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе)
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық
алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу ережесi
Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның, Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеудiң тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргізетін заңды тұлға;
2) асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiн өз табысының есебiнен ұстап отырған адам;
3) уақытылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер - Заңмен белгіленген мерзiмде әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомалары;
4) әлеуметтiк төлем алушы (бұдан әрi - алушы) - ол үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген не өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң, ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болған деп жарияланған) асыраушының асырауында тұрған отбасы мүшелерi;
5) әлеуметтiк төлемдер - Қор алушының пайдасына жүзеге асыратын, ай сайынғы төлемдер;
6) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкілеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық-атқарушы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
7) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебi жөніндегі уәкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi - Орталық) - өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, мiндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген, орталықтандырылған есебiн жүргiзетiн мемлекеттік кәсiпорын.
2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның,
Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған
әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
2. Орталық уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын, индекстеудi ескере отырып төлеудi мынадай жағдайларда:
1) әлеуметтiк төлем алушы әлеуметтiк төлемдердi уақытылы не толық төлемегенiн өздігінен анықтаған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлiмшесiне өтiнiшпен барғанда;
2) әлеуметтік төлем сомаларын алушыға төлеу (тағайындау) туралы соттың шешiмi келiп түскенде;
3) әлеуметтiк төлемдердiң уақытылы не толық төленбегенiн әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкілеттi орган, Орталық немесе Қор анықтағанда жүргiзедi.
3. Әлеуметтiк төлемдердiң сомаларын уақытылы не толық төленбегенi анықталған кезде:
1) Орталық бiрiншi кезекте уақытылы не толық төленбеуiнiң себебiн анықтайды және оларға қатысты уақытылы не толық төленбеу себебi жойылған алушылар бойынша төлемдердiң кешiктiрiлген уақыты үшiн индекстеу сомаларын ескере отырып, уақытылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу үшiн қажеттi қосымша қаражат қажеттілігінiң (бұдан әрi қосымша қажеттілiк) сомаларының есебiн құрайды және оны Қорға жiбередi;
2) Қор Орталықтан қосымша қажеттілiк сомаларының есебi келiп түскен күннен бастап 3 банктiк күн iшiнде уақытылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлем сомаларын төлеу үшiн қажеттi қаражатты Орталықтың шотына аударуды жүргiзедi;
3) Орталық өзiнің шотына уақытылы не толық төленбенген әлеуметтiк төлем сомаларын төлеу үшiн қажеттi қаражат келiп түскен күннен бастап 3 банктiк күн iшiнде төлемдердi жүзеге асырады.
4. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомалары өткен уақыт үшiн мерзімi шектелмей төленеді және мерзiмi өткен әр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 2-еселенген қайта қаржыландыру ресми ставкасынан аспайтын мөлшерде индекстеуге жатады.
5. Уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын индекстеу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешiм шығарған айдан кейiнгi айдың 16 күнiнен бастап, не кезектi төлем жүргізілмеген немесе толық емес мөлшерде төлем жүргізілген айдың 16 күнiнен бастап, мерзiмi өткен күндердiң санын жылдың күн санына (360 күн) бөлу және алынған соманы әлеуметтiк төлем мөлшерi мен 2 еселенген қайта қаржыландыру ставкасына көбейту жолымен есептеледi. Бұл ретте 2 еселенген қайта қаржыландыру ставкасы осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасын екiге көбейту және алынған соманы жүзге бөлу жолымен анықталады.
6. Әлеуметтік төлем алушыға уақытылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлемдер сомаларын индекстеу Қор активтерiнiң есебiнен жүргiзiледi.