Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 705 қаулысы
(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Валюталық операциялар жүргізуге шектеулердi жою әрi 2007 жылдан бастап ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша ұлттық валютаның толық айырбасталуына көшу үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешіктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметіне тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 20-күнiнен кешіктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 25 маусымдағы
№ 705 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
1. Атауы Қазақстан Республикасында валюталық
режимдi ырықтандырудың 2005-2007
жылдарға арналған бағдарламасы
2. Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi
3. Әзiрлеу негiздемесi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 28 шілдедегi № 753
қаулысымен мақұлданған Қазақстан
Республикасының қаржы секторын
дамытудың тұжырымдамасы, 1.2-бөлiм.
Валюталық қатынастарды ырықтандыру
4. Бағдарламаның мақсаты Валюталық операциялар жүргізуге
шектеулердi кейiннен жою және 2007
жылдан бастап ұлттық валютаның толық
айырбасталуына көшу үшiн жағдайлар
жасау
5. Негізгі мiндеттер 1. Валюталық реттеу және бақылау
режимiн оңтайландыру.
2. Валюталық операцияларды жүргiзген
кезде тәуекелдердi хеджирлеу
құралдарын неғұрлым белсендi
пайдалану үшiн жағдайлар жасау.
3. Ақша-кредит саясатының
мақсаттарына және Қазақстан
экономикасы ұшырайтын сыртқы
күйзелiстердi реттеуге байланысты
шетел валютасына сұраныс пен
ұсынысты реттеу құралдарын одан әрi
жетілдiру үшін жағдайлар жасау.
4. Қаржылық ұйымдардың валюталық
операцияларын реттеу мен қадағалаудың
халықаралық қағидаттарына толық өтудi
қамтамасыз ету.
6. Қаржыландыру көздерi талап етілмейдi
7. Бағдарламаны iске Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру
асырудан күтiлетін валюталық реттеу мен валюталық
түпкiлiктi нәтиже бақылаудың әкiмшiлiк рәсiмдерiн
жүйелеу және жеңiлдету үшiн қажетті
негiз жасайды. Туынды қаржы
құралдарымен операцияларды валюталық
реттеу рәсiмдерiн жетілдiру Қазақстан
резиденттерінің рыноктық тәуекелдердi
басқару стратегияларын неғұрлым
тиiмдi пайдалануы үшiн қажеттi
жағдайлар жасайды.
Валюталық бақылау агенттерінің
функцияларын қысқарту екiншi
деңгейдегі банктердiң шығындарын
азайтуға және олардың бәсекелiк
қабiлетін жоғарылатуға ықпал етуге
тиiс, ал валюталық операцияларды
жүргізу тәртібін жеңiлдету сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың
әкiмшiлiк шығасыларын азайтады және
капиталдың қалтарысты әкетiлу
ауқымын азайтуға жанама ықпалын
тигiзедi.
Ерте хабардар ету индикаторларының
жүйесiн құру сыртқы және iшкi
экономикалық тәуекелдердi уақтылы
анықтауға және соған бара-бар
iс-әрекет жасауға мүмкiндiк бередi,
ал сыртқы экономикалық операциялар
туралы ақпарат базасын жетiлдiру
валюталық операцияларды жүргiзудiң
рұқсат беру тәртібінен 2007 жылдан
бастап кейiннен мониторинг жүргiзуге
және iрiктемелi бақылау жүйесiне
тиiмдi көшудi қамтамасыз етедi.
8. Iске асыру мерзiмдерi 2005-2007 жылдар
2. Кіріспе. Қазақстан Республикасында валюталық режимдi
ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың
нәтижелерi
Валюталық операцияларды жүргізуге қойылатын шектеулердi жою жөніндегі бағыттар мен iс-шараларды көрсететiн осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, валюталық режимдi ырықтандыру мақсатында әзiрлендi. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасын одан әрi iске асырудың негiзiн қалайды. Осы Бағдарламаның негізгі мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың нәтижелерiне негізделедi, онда оның қисынды жалғасы болып табылатын ырықтандырудың бiрiншi кезеңiнiң iс-шаралары айқындалды.
Ырықтандырудың бiрiншi кезеңiн iске асыру "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесiмдерiне банк қызметі, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының күшiне енуiнен басталды. Осы заңға сәйкес валюталық реттеу жөніндегі барлық нормативтiк құқықтық актiлер қабылданып, жаңа немесе өзгертілген редакцияда қолданылуда.
Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мынадай iс-шаралар жүзеге асырылды:
1) валюталық операцияларды лицензиялаған кезде (резидент еместердi экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша кредиттеудi қоспағанда) қаржыландыру көзiн (жеке тұлғалар үшiн 10 мың доллардан астам, заңды тұлғалар үшін - 100 мың доллардан астам), салым объектісiнiң құнын растауды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындардың 100 мың АҚШ доллары баламасынан астам барлық валюталық операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімiн қоса алғанда, талап етiлетiн құжаттардың тiзбесi кеңейтiлген;
2) 10 мың долларға дейiнгi экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша лицензиялаудың ең төменгі шегі ұлғайтылды. Сонымен қатар, ең бастысы, сомасы лицензиялау шегiнен төмен келісiм-шарттар бойынша тұрақты жиынтық дебиторлық берешекті бақылау мәселесiнiң және шектеу шараларының шешілмеуiнен және уәкiлетті банктер мен валюталық бақылау органдары арасындағы ақпараттық өзара iс-әрекет жүйесiн негiздi қайта қарау қажеттілігінен экспорт-импорт мәмiлелерiн бақылаудың екi деңгейлi жүйесi қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдер шеңберiнде iске асырылған жоқ. Осы айтылғанға байланысты, экспорт-импорт мәмiлелерiн бақылаудың екi деңгейлi жүйесiн енгізу 2007 жылдың бас кезiне таман аяқталады және қайтару туралы талаптың сақталуын қамтамасыз етуге арналған, бақылаудың екi деңгейлi жүйесінің мақсаттары мен тәсiлдерiне барынша сәйкес келетiн экспорт-импорт валюталық бақылаудың жаңартылған және жеңiлдетiлген жүйесiнiң бiр бөлiгі болады;
3) капитал ағындарына байланысты тәуекелдердi азайту жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, сыртқы елдiк тәуекелдер республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының сценарийлерi шеңберiнде төлем теңгерiмiн талдағанда және болжам жасағанда бақыланып отырады әрi ескерiледi. Қазақстан Республикасының Салық кодексiне жеткіліктi капиталдандыру ережесi енгiзiлдi, бұл сыртқы борыштың қолайлылығын бағалаудың басты өлшемдерiн жақсартуға және халықаралық резервтер деңгейiнiң жеткiлiктi болуымен қатар қысқа мерзiмдi перспективада шетелдiк өтiмділікке және ұзақ мерзiмдi перспективада төлем жасау қабiлетiне байланысты болуы мүмкiн проблемалардың осал жақтарын азайтуға жанама ықпал етуге тиiс;
4) Ұлттық Банк басқа арналар бойынша ақпараттың қайталануына жол бермеу, төлем теңгерiмi мен сыртқы борыш жөнiнде жетiспейтiн талдау ақпаратын алу мақсатында, сондай-ақ жүргізiлетiн операциялардың берiлген лицензиялардың талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
Сонымен бiрге, валюталық режимдi одан әрi ырықтандыру үшiн қажеттi шарт болып табылатын қаржы секторының тәуекелдерiн азайту және пруденциалдық реттеудi жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 25 шiлдедегі № 250 қаулысымен Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілдi. 2003 жылы барлық екiншi деңгейдегi банктер банктерде тәуекелдердi басқару жүйелерінің бағасы және олардың бар екенiн растау мазмұндалған уәкiлеттi аудиторлық ұйымдардың аудиторлық есептерiн ұсынды. 2003 жылдың iшiнде банктер аудиторлық ұйымдардың және Ұлттық Банктiң ескертулерiне сәйкес көрсетiлген жүйелердi ұйымдастырудағы кемшiлiктердi жою жөніндегі жұмысты жүргiздi. Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 434 қаулысымен Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық қабылданды. 2003 жылғы 4 шiлдеде "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" және 2003 жылғы 10 шiлдеде "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды, олар 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі құрылды.
"Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге (ақтауға) қарсы iс-әрекеттер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу, сондай-ақ iшкi валюта рыногындағы валюталық операциялардың жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі iс-шараларды iске асыру Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ?кіметі заң жобалау жұмыстарының 2004 жылға арналған жоспарында және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 287 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында көзделген.
Валюталық реттеудiң жаңа рәсiмдерiн және валюталық режимдi ырықтандырудың тәсiлдерiн пысықтау және жетiлдiру мақсатында "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзiрлеу мерзiмдерiн ауыстыру туралы шешім қабылданды.
"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2004 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзiлетiн болады және осы Бағдарламаға сәйкес валюталық режимдi ырықтандырудың бiрiншi кезеңiнiң iске асырылуын аяқтай отырып және екiнші кезеңiн жүзеге асыру үшiн қажетті нормативтік құқықтық базаны құра отырып 2005 жылы күшіне енедi.
Заң базасы негiзiнде 2005 жылы заң аясындағы бiрыңғай нормативтік құқықтық кесiм әзiрленетiн болады, ол экспорт-импорт валюталық бақылау және айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті реттеу рәсiмдерiн қоспағанда, валюталық операцияларды жүргiзудiң тәртібі мен барлық рәсiмдерiн айқындайтын болады.
3. Валюталық ырықтандырудың проблемалары мен перспективаларының
қазiргi жай-күйiн талдау
Капитал ағынына шектеулердi жою сыртқы экономикалық операцияларға қатысушылардың әкiмшiлiк шығасыларын азайтумен жалғасады, бұл кәсiпкерлiк қызметтің кең еркiндiк алуын қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, валюталық режимдi ырықтандыру процесiнде капиталды жұмылдыруға байланысты тәуекелдерге бiрдей жауап беретін тиiмдi экономикалық саясатты жүргiзуге қойылатын талаптар артады, мұндай жағдайда рынок субъектілерiнiң ішкі немесе шетелдiк активтерге салымдар туралы шешiмдер қабылдауы экономикалық факторлармен айқындалады, мұндайда әкiмшілiк шығасылардың ықпалы барынша азаяды. Осы тұрғыдан алғанда, валюталық режимдi ырықтандыруға тiкелей немесе жанама түрде байланысты мынадай мәселелер қарастырылуы тиiс.
3.1. Капитал ағындарының құрылымы
Төлем теңгерiміндегі капиталдың ағындарын талдау, егер 1995-2000 жылдардағы кезеңде капиталды әкелудiң және әкетудiң негiзгi көздерi сыртқы сауда операциялары болса, ал соңғы жылдары резиденттердiң халықаралық қаржы рыногына және капитал рыноктарына қатысуының жандана түскенiн көрсетедi (1-кесте).
1-кесте
Капитал ағындары
млн.АҚШ долл.
2000 2001 2002 2003 | Анықтама үшiн |
1995- 2001- 2000 2003 |
Капиталдың әкелiнуi 16928,1 21289,8 25122,6 33580,6 100% 100% Тауарлар және қызмет көрсету 10948,7 10899,1 12321,5 15897,6 65% 49% экспорты Кiрiс 138,6 230,8 241,4 272,5 1% 1% ШТИ 2693,2 4665,0 4121,6 4457,1 14% 17% Портфельдiк инвестициялар 30,4 134,2 53,5 212,3 1% 1% Басқа инвестициялар 2698,5 4873,8 7621,7 12255,7 17% 31% Оның iшiнде мемлекеттік 160,8 372,6 441,8 537,2 4% 2% басқару секторы Оның iшiнде мемле. кеттік емес, 547,6 790,9 1933,4 3868,7 3% 8% банк секторы Қысқа мерзiмдi 472,1 640,1 1463,8 2315,1 2% 6% Ұзақ мерзiмдi 75,6 150,8 469,7 1553,6 0% 3% Оның iшiнде мемлекеттік емес, 1990,1 3710,4 5246,5 7849,8 11% 21% банктік емес сектор Қысқа мерзiмдi 1485,5 2502,5 3544,3 5225,7 7% 14% Ұзақ мерзiмдi 504,5 1207,9 1702,2 2624,2 4% 7% Капиталдың әкетілуi -16787,4 -20905,0 -24587,5 -32047,1 100% 100% Тауарлар және қызмет көрсету -9380,6 -11103,2 -12173,7 -14060,8 66% 48% импорты Кiрiс -1392,7 -1467,8 -1368,8 -2013,4 5% 6% ШТИ -1415,0 -1804,4 -1958,2 -2269,1 4% 8% Портфельдiк инвестициялар -85,5 -1451,6 -1300,3 -2073,3 0% 6% Басқа инвестициялар -3059,0 -3803,3 -7173,4 -9869,7 14% 27% Оның iшiнде мемлекеттік -520,5 -110,9 -133,4 -315,1 1% 1% басқару секторы Оның iшiнде мемлекеттік емес, -228,2 -421,7 -1621,1 -2035,0 3% 5% банк секторы Қысқа мерзiмдi -180,2 -350,6 -1542,0 -1551,3 3% 4% Ұзақ мерзiмдi -48,0 -71,1 -79,2 -483,6 0% 1% Оның ішiнде мемлекеттік емес, -2310,3 -3270,7 -5418,9 -7519,7 9% 21% банктік емес сектор Қысқа мерзiмдi -1634,6 -2184,9 -4087,6 -5672,0 6% 15% Ұзақ мерзiмдi -675,7 -1085,7 -1331,3 -1847,7 4% 6% Қателер және қалып қойғандар -994,5 -832,3 0,0 -1097,8 7% 2% сыртқы сауда айналымынан үлес -5,2% -4,0% 0,0% -3,9% (тауарлар және қызмет көрсету) |
Резервтiк активтер. дiң өсуi 140,7 384,7 535,1 1533,5 капиталдың жалпы ағынынан үлес 0,8% 1,8% 2,1% 4,6% 1% 3% Анықтама үшін "Капиталдың жылыс. тауы" -1143,5 -514,8 -543,3 -1544,1 тауарлар және қызмет көрсету -10,4% -4,7% -4,4% -9,7% -9% -7% экспортынан үлес капиталдың жалпы -6,8% -2,4% -2,2% -4,6% -6% -3% әкелiнуiнен үлес сыртқы сауда айналымынан -5,9% -2,5% -2,4% -5,5% -5% -3% үлес |