Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы № 508 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер конкурс өтпеді деп танылған немесе оның қорытындылары жойылған жағдайда, конкурстық комиссия өзiнiң қызметiн тоқтатады.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер хатшы жариялаған уақытта конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi саны болмаған жағдайда, 24 сағат өткеннен кейiн конкурсты ұйымдастырушы тиiстi шешiммен конкурстық комиссияның жоқ мүшелерiн ауыстыру бөлiгiне осындай ауыстырудың себептерiн көрсете отырып, конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізедi.";
17-тармақта:
2) тармақшада:
екiншi абзацтағы "(не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесi)" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген Yлгi жарғының негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiштiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;";
төртiншi абзацта:
"бухгалтерлiк баланс" деген сөздер алынып тасталсын;
"қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердiң" деген сөздер "оны алмастыратын тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"анықтамасы" деген сөз "анықтамасының түпнұсқасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылғы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайда, онда соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жыл бойынша бухгалтерлiк теңгерiмiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi;
бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайларда табыс етілмеуi мүмкiн;";
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен мiндетті түрде аудит жүргiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылғы аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайда, соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жыл бойынша аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi табыс етiледi;
аудиторлық есептiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзiлген жағдайларда табыс етiлмеуi мүмкiн;";
алтыншы абзацта:
"өндiру" деген сөзден кейiн "және/немесе беру" деген сөздермен толықтырылсын;
"тауарлар өндiру" деген сөздердiң алдынан "уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"құжат" деген сөз "құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта "немесе заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттік орган берген құжаттың" деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметті қамтитын жарғыдан немесе құрылтай құжаттарынан нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме не конверттердi ашу күнiнiң алдындағы 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiлген акция ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме;";
оныншы абзацта:
"немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi" деген сөздер алынып тасталсын;
"ықтимал өнiм берушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша үш айдан асатын мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы" деген сөздер "үш айдан асатын салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектiң жоқтығы немесе болуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"егер ықтимал өнiм берушi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылған және Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi ретiнде тiркелмеген жағдайда, осы резидент еместiң салық есебiнде жоқ екендiгi туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;";
мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн біліктiлiгi туралы мәлiметтер;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сатып алу үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қолайлылығын растауға шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi немесе ықтимал өнiм берушiнiң берiлетiн тауардың/көрсетiлетiн қызметтiң бiрiншi партиясымен куәлiктерiнiң және/немесе шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынатындығы туралы кепiл хаты;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізудi растайтын құжаттың түпнұсқасы (банктiк кепiлдiк, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнiм беруші конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолма-қол ақшамен енгiзсе, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізудi растайтын құжат).";
18-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "Конкурсқа қатысуға" деген сөздердiң алдынан "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын және" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
екiншi абзацта:
"(не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесi)" деген сөздер алынып тасталсын;
"куәліктерінің," деген сөзден кейiн "дипломның, сертификаттың," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан бойынша тауарлар өндiру және/немесе беру, қызметтер көрсету және жұмыстар орындау үшiн мамандықтар бойынша біліктiлiгi, жұмыс стажы көрсетiлген қызметкерлердiң болуы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сатып алу үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қолайлылығын растауға шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi немесе ықтимал өнiм берушiнiң берілетін тауардың/көрсетiлетiн қызметтiң бiрiншi партиясымен куәлiктерiнiң және/немесе шыққан тегi сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшiн), сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн ұсынатындығы туралы кепiл хаты;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізудi растайтын құжаттың түпнұсқасы (банктiк кепiлдiк, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнiм беруші конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолма-қол ақша қаражатымен енгiзген жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізудi растайтын құжат).";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналыспайтын және конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген, мәнi ықтимал өнiм берушіде бар тауарлар болып табылатын ықтимал өнiм берушi - жеке тұлғаның конкурстық өтiнiмi мыналарды қамтуы тиiс:
1) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтiнiм және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының көшiрмесi немесе iшкi iстер органдарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмастыруға қабылдағандығы туралы анықтамалары;
2) қабiлеттi болып табылатын жеке тұлға - ықтимал өнiм берушiге қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi:
әлеуметтiк жеке кодты тағайындағандығы туралы куәлiктiң, Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
ықтимал өнiм берушiнiң ұсынылып отырған тауарға меншiк құқығын немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
егер конкурсқа меншiк иесiнiң өкiлi қатысқан жағдайда, конкурстың мәнi болып табылатын тауарды сату құқығына арналған сенiмхаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) ықтимал өнiм берушi - жеке тұлға ұсынатын осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiлген және шегерiм болған кезде оның нақты мөлшерiн көрсете отырып, берiлетiн тауарлардың ақырғы құнын құрайтын ықтимал өнiм берушiнiң барлық iс жүзіндегі шығыстарынан тұратын баға;
4) сатып алу үшiн тауарлардың қолайлылығын растауға сәйкестiк сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
5) техникалық ерекшелiктер;
6) ұсынылып отырған iлеспе көрсетiлетiн қызметтер;
7) Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізудi растайтын құжаттың түпнұсқасы (банктiк кепiлдiк, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қолма-қол ақшамен енгiзсе, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгізудi растайтын құжат).
23-тармақта:
"қосымша растайды" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Конкурсқа (лотқа) ықтимал өнiм берушi тек бiр баға ұсынады.";
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте егер техникалық ерекшелiк және/немесе банктiк кепiлдiк конкурстық өтiнiммен бiрге тiгiлсе, онда бұл осы конкурстық өтiнiмді қабылдамау үшiн негiздеме болып табылмайды.";
"техникалық бөлiгi" деген сөздер "техникалық маманданым" деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақта "конкурстық өтiнiмге қоса тiркелуге не оны осы өкiл конверттердi ашу (ашылу) кезiнде (алдында) ұсынуға тиiс" деген сөздер "оны осы өкiл конверттердi ашу (ашылу) кезiнде (алдында) ұсынады" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақтың бiрiншi абзацы: "уақытта ашады." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Егер конкурсқа (лотқа) бiр конкурстық өтiнiм берiлген жағдайда, бұл конкурстық өтiнiм де ашылады.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс өткiзiлген кезде конкурстық комиссия конкурстың әрбiр кезеңiне конверттердi ашу және конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.";
28-тармақта:
бiрiншi бөлiкте:
"мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың" деген сөздер "конкурстың" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Егер осы конкурсқа (лотқа) қатысқан ықтимал өнiм берушiлердiң аффилиирленуi мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшiне енгеннен кейiн белгiленген жағдайда, тапсырысшы аффилиирленудi белгiлеу күнiнен бастап 10 күнтiзбелiк күнге дейiнгi мерзiмде осы шартты бұзуға бастамашылық етедi және бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.";
30-тармақта:
"конкурсты ұйымдастырушы" деген сөздер "конкурстық комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
"белгiлi бір процентке" деген сөздер "бip процентке" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шартты түрде азайтады" деген сөздерден кейін ", бiрақ он проценттен аспайды" деген сөздермен толықтырылсын;
31-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Отандық тауар өндiрушілер болып табылатын ықтимал өнiм берушінің конкурстық өтiнiмiнiң бағасына Заңның 16-бабы 6-тармағының 2)-4), 6), 7), 9) тармақшаларында немесе 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында санамаланған өлшемдердiң жиынтық проценттік әсерi 35 проценттен аспауы тиiс.";
37-тармақтың үшiншi абзацында "Отандық тауар өндiрушiнiң" деген сөздер "Осы конкурстың нәтижесiнде сатып алынатын отандық тауарлар өндiрушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақта:
"кемiнде екi ықтимал өнiм берушiнi" деген сөздер "екi ықтимал өнiм берушiге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақ "көрсетiлетiн қызметтердi" деген сөздерден кейiн "әрбiр лот бойынша" деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен осы конкурстың қорытындыларын қайта қарау туралы шешiм қабылдаған жағдайларды қоспағанда, конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға өзгерістер енгізуге жол берiлмейдi.";
41-тармақта:
төртiншi абзацта "(не заңды түрде белгiленген нысандағы көшiрмесiн)" деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi абзацта "ұсынылған шотқа сәйкес ақы төлеуге және/немесе тапсырысшының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын ең төмен баға ұсынған ықтимал өнiм берушiмен шарт жасасуға құқылы" деген сөздер "ұсынылған шотқа сәйкес ақы төлейдi, ал Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгiленген бiр жүз айлық есептік көрсеткiштен астам сомаға - тапсырысшының қажеттiлiгiн қанағаттандыратын ең төмен баға ұсынған ықтимал өнiм берушiмен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тармақтармен толықтырылсын:
"42-1. Жабық конкурс тәсілiн келiскен кезде тапсырысшы уәкiлеттi органға мұндай таңдауға негіздемемен жабық конкурсқа қатысуға шақырылатын ықтимал өнiм берушiлердiң тiзбесiн жiбередi.
42-2. Конкурсты ұйымдастырушы жабық конкурстың қорытындыларын өткiзген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде барлық қатысқан ықтимал өнiм берушiлерге оның атауын, жеңiмпазды және мекен-жайын, конкурстың жеңiмпазы ұсынған тауардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң атауы мен бiрлiк бағасын көрсете отырып, конкурстың нәтижелерi туралы хабарлама жiберу жолымен хабарлайды. Жабық конкурстың қорытындылары туралы хабарлама осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес жасалады.";
46-тармақ 2) тармақшадағы "талаптарды" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасымен көзделген бiрақ жобалау алдындағы және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманың қателiктерiне (жете жасалмағандығына) байланысты туындаған жұмыстардың көлемi ұлғайған жағдайда, ықтимал өнiм берушiнiң осы жұмыстарды өзiнiң есебiнен төлеу мiндеттемесiн";
51-тармақта "конкурстық құжаттама" деген сөздер "конкурстық құжаттамаға техникалық маманданымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты өткiзген кезде конкурсты ұйымдастырушы жұмыстардың әрбiр түрi бойынша ықтимал өнiм берушiлердi анықтау жөнiнде конкурстар өткiзе алады.";
98-тармақ мынадай мазмұндағы екіншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Уәкiлеттi орган Тапсырысшының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi органның Web-сайтында орналастырылатын терiс пиғылды немесе сенiмсiз өнiм берушiлердің тiзіміне енгізген өнiм берушi:
Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес терiс пиғылды өнiм берушiлерге қатысты бiліктілік талаптар бойынша оларға толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беру фактiсi белгiленген сәттен бастап бiр жыл;
Заңның 8-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы осындай шарттар бойынша олардың өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиесiлі орындамағаны үшiн жауапкершілікке тарту туралы ол бойынша соттың шешiмi бар шарт жасалған сәттен бастап екi жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуға жiберiлмейдi.
Осы Ережеде терiс пиғылды өнiм берушi деп жалған және/немесе толық емес ақпаратты ұсынған өнiм берушiлер түсiндiрiледi (Заңның 8-бабының 3-тармағы).
Осы Ережеде сенiмсiз өнiм берушi деп оған қатысты мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша олар мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн оны жауапкершiлiкке тарту туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi бар өнiм берушi түсiнiледi (Заңның 8-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы).";
104-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Өткiзiлген мемлекеттік сатып алу материалдары конкурсты ұйымдастырушының/тапсырысшының тиiстi iс номенклатурасында белгiленген тәртiппен сақталады.";
Ережеге 8-қосымшада:
2-тармақта "Сатып алу" деген сөздердiң алдынан "Әрбiр лот бойынша жеке" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ 4) тармақшасының соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерi мен хатшысының немесе хатшылықтан құжатқа қол қоюға өкілеттік берiлген жауапты адамның қолдары.";
Ережеге 4, 5, 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес "Жабық конкурстың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны" деген 13-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 6 мамырдағы № 508 қаулысына
1-қосымша
4-қосымша
(Кiмге) ____________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) ___________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнің атауы)
Конкурсқа қатысуға өтiнiм
(заңды тұлғалар үшiн)
Оның алынғандығы осымен куәландырылатын _____________________
(конкурстың атауы)
___________________________________________________________________
конкурс өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарай келiп, ______
___________________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнің атауы)
конкурстық құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды
берудi (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүзеге асыруды
ұсынады:
___________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетін қызметтердiң толық
сипаттамасы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Осы конкурстық өтiнiм мыналардан тұрады:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________
7. ________________________________________________________________
8. ________________________________________________________________
9. ________________________________________________________________
10.________________________________________________________________
Бiз, бiздiң конкурстық өтiнiм ұтып шықты деп танылған
жағдайда, __________ күн iшiнде тауарларды берудi (жұмыстарды
(жазбаша)
орындауды, қызметтердi көрсетудi) бастауға және осы конкурстық
өтiнiмде көрсетiлген барлық тауарларды берудi (жұмыстарды
орындауды, қызметтердi көрсетудi) бiздiң конкурстық өтiнiмдi ұтып
шықты деп тану туралы Сiзден хабарлама алған сәттен бастап
________ күн iшiнде аяқтауға мiндеттенемiз.
(жазбаша)
Бiздiң конкурстық өтiнiм ұтып шықты деп танылған жағдайда,
бiз шарттың жалпы сомасының _________ процентiн құрайтын сомағa
(жазбаша)
мемлекеттік сатып алу туралы шартты* орындауды қамтамасыз етудi
енгiземiз.
Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiмдер салынған
конверттердi ашқан күннен бастап _________ күн iшiнде қолданылады.
(жазбаша)
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы
конкурстық өтiнiм оны ұтып шықты деп тану туралы Сiздiң
хабарламаңызбен бiрге бiздiң арамыздағы мiндеттi шарт рөлiн
атқаратын болады.
________________ ___________________________
(Қолы, күнi) (Лауазымы, тегі, аты-жөнi)
M.O.
______________________________________________________ атынан және
(ықтимал өнiм берушінiң атауы)
тапсыруы бойынша конкурстық өтiнiмге қол қоюға барлық өкiлеттiгі
бар.
________________________
* егер шартты орындауды қамтамасыз етудi енгізу конкурстық
құжаттамада көзделген болса көрсетіледi"
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 6 мамырдағы № 508 қаулысына
2-қосымша
5-қосымша
(Кiмге) ____________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) ___________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнің тегі, аты, әкесінің аты)
Конкурсқа қатысуға өтiнiм
(жеке тұлғалар үшiн)
Оның алынғандығы осымен куәландырылатын _____________________
(конкурстың атауы)
___________________________________________________________________
конкурс өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарай келiп,
конкурстық құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды
берудi (жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүзеге асыруды
ұсынамын:
___________________________________________________________________