Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң "Астана қаласындағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттік
мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23
сәуірдегі № 461 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Астананың ақпараттық, білім беру, мәдени-ағарту инфрақұрылымын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттік мекемеci (бұдан әpi - Мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне көзделетiн қаражаттың есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
3. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |