Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1956 және
2001 жылғы 16 наурыздағы № 353 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 8 сәуірдегі № 387 қаулысы
(2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1956 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 629-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасында:
"Бағдарлама төлқұжаты" деген 1-бөлімде:
"Қаржыландыру көлемі мен көздері" деген абзацта:
"690,0" сандар "727,7" деген сандармен ауыстырылсын;
"2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге" деген сөздер "2004 жылға - 155 млн.теңге; 2005 жылға - 162,7 млн.теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде: екінші абзацта:
"690,0" деген сандар "727,7" деген сандармен ауыстырылсын;
"2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге" деген сөздер "2004 жылға - 155 млн. теңге; 2005 жылға - 162,7 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеудің, жасаудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"2001-2005 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі 727,7 млн. теңге бюджет қаражаты, оның ішінде жылдар бойынша: 2001 жылға - 130 млн.теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 155 млн. теңге; 2005 жылға - 162,7 млн. теңге.";
2) ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |