Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) Қазақстан Республикасында жерүстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Қуаныш Сұлтанұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму жөніндегі
комитетiнiң төрағасы (келісім бойынша)
Бурлаков - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Леонид Николаевич Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару мәселелерi жөніндегі
комитетiнiң төрағасы (келісім бойынша)
Нығматулин - Қазақстан Республикасының Парламентi
Ерлан Зайроллаұлы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша)
Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш
комитетiнiң төрағасы
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және
Геннадий Николаевич ғылым бірiншi вице-министрi
Жаңбыршин - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қозы-Көрпеш Есiмұлы министрінің қаржы және экономика
жөнiндегі орынбасары
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар жөніндегі агенттiгi
төрағасының орынбасары
мына:
«Ақпенова - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
Раушан Төлеқызы және қоғамдық келісім министрлігінiң
Бұқаралық ақпарат құралдары департаменті
Телерадио хабарларын тарату басқармасының
бастығы, хатшы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпенова - Қазақстан Республикасы Ақпарат
Раушан Төлеқызы министрлігінiң Бұқаралық ақпарат
құралдары департаментi Телерадио
хабарларын тарату басқармасының бастығы,
хатшы»
2) 2 және 3-тармақтардағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1238 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін регламенттейді.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Комиссия телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүддені есепке алу және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында құрылды.
ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, телерадио хабарларын тарату саласы мен үкіметтік емес ұйымдар (келісім бойынша) өкілдерінің арасынан қалыптастырылады.
4. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары және құқықтары
ҚР Үкіметінің 2011.31.01. № 46 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және телерадио хабарларын таратуды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
2) телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін радиожиілік спектрін пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу;
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
4) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
6) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік жолақтарын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
7) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
8) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
6. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпаратты сұратуға;
2) Қазақстан Республикасының Yкіметіне Комиссияның қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) қажет болған жағдайда, өз жұмысына мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға;
4) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы және дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
Комиссияның мүшелерi отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
8. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары төрағалық етушi болып табылады.
9. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бірақ кем дегенде жарты жылда бір рет өткiзiледi.
Комиссияның отырыстары оның мүшелерiнiң кем дегенде үштен екi бөлiгi қатысқан жағдайда болып өттi деп саналады.
10. Комиссияның мүшелерi:
1) Комиссия отырыстарының күн тәртібіне ұсыныстар енгiзуге;
2) отырыстарда сөз сөйлеуге және енгiзiлген ұсыныстар бойынша дауыс берудiң өткiзiлуiн талап етуге;
3) Комиссияның материалдарымен танысуға және олардың көшiрмелерiн алуға құқылы.
11. Комиссияның жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
12. Күн тәртібінiң әрбір мәселесi бойынша шешiмдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып саналады.
13. Қажет болған жағдайда, Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қабылдау үшiн ұсынылуы мүмкін.
14. Комиссия отырыстарының хаттамаларын оның жұмыс органы ресiмдейдi және қол қойылғаннан кейiн Комиссия мүшелерiне таратылады. Қажет болған жағдайда Комиссия шешiмдерiнен үзiндi көшiрмелер мүдделi мемлекеттік және өзге де органдарға жiберiледi.
15. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен қажет материалдарды дайындауды жүзеге асырады және олардың iске асырылуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 755 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып табылады.